Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Адам жанының арашасы

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

Шекара маңында жанар жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

Батырлар жырын жаттаған бала тарихты біліп, патриот болып өседі жырау

Батырлар жырын жаттаған бала тарихты біліп, патриот болып өседі жырау

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Ақтөбеде осыдан бес жыл бұрын «Ер Едіге» жыр мектебі ашылып, бала жыршылар тәрбиеленіп келеді. Бүгінгі жетістігі туралы айтып берсеңіз…

— Домбыра тартып, өлең айтып жүрген балалар «жыршы боламын» десе, бұл дұрыс. Ал қолына домбыра ұстамаған, шерту білмейтін баланы оқыту қиын. Бала қазір оқып, жаттыға бастағанда қызығушылығы өзгеріп, кетіп қалуы мүмкін. Ол кезде бар еңбек зая кетеді. Ал ән айтып, домбыра тартып жүрген бала өте жақсы алып кетеді. Жыршылық өнерді дамыту үшін осы бағыт дұрыс. Жыр мектебінің ашылғанына 5 жыл толды. «Қырымның қырық батырындағы» 40 дастан, яғни, 31 мың жолды жатқа біледі балалар. Сонымен бірге 30 мың жолдан тұратын «Пайғамбарлар қиссасын» жазып шығып, жаттауды тәмамдап қалдық. Шығармашылық академиясында 9, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде 13 бала тәлім алып жүр.

Ал қаланың шетінде тұратын балалар жұма-сенбі күндері үйіме келеді. Колледжде білім алатын 15 бала мен бос болған кезде іздеп жүріп, дәріс алады. Шамамен 40-50 бала оқып жүр. Тағы 10-15 бала бітіріп, өзге қалаларды білімін жалғастырды. Негізі ата-ана бағыт-бағдар беруі керек. Мәселен 28 баланы бауырына басқан Жетесовтер отбасы бар. Отағасы Өмірхан Жетесовтің төрт баласы жыр мектебінде оқиды. Екеуі қазақ болса, екеуі орыс. Өзге балалары да аспапда ойнайды, «Шашу» ансамблін құрып, дамытып отыр. Дәл осылай тәрбиелесе, ұлттық өнер дами түседі.

Фото Әділбек Сариннің жеке архивінен

— Жыр мектебіне келген бала алдымен қай дастанды, жырды жаттайды?

— Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанынан, Сарышолақ Боранбайұлының «Намыс» дастанынан бастайды. Екеуінде де ұлттық рух, үлкен азық бар. Біріншісі қыз болса да намысын таптатпай, Мәмбетханның нөкерлерін жеңген, теңіне тұрмысқа шыққан. Ал «Намыс» дастаны Темір қаласындағы Қарақамыс базарында 14 жастағы Кенже батыр орыстың оязына қарсы шығып, «аюды күзен жеңді» деп тарихта қалады. «Қобыланды батыр», «Қырымның қырық батыры» жырларын жаттайды. Мәселен «Қарғабойлы Қазтуған» дастаны 25-30 беттен тұрады. Мақсат — мақамына келтіріп жаттау. Кейбірі жалқаулығы басып, жаттағысы келмейді. Кейбірі жаттаса да кейін ұмытып қалады. Бәрі баланың қабілет-қарымына байланысты.

— Алғыр шәкірттеріңіз бар ма?

— Бар. Аптасына екі терме жаттайды. Оны жаттап алу кез келгеннің қолынан келмейді. Тағы бір шәкіртім 15 күнде бір дастан жаттап келетін. Қазір ол консерваторияда білім алып жүр. Анда-санда хабарласып, қуантып отырады. Жыр мектебінің әр оқушысы өз ортасында бірер дастан айта алатындай жыршы болып шығады. Кейбір оқушылар 4-5 дастан біледі. Қарап отырсақ, жыршы балалар замандастарына қарағанда сөздің мәнін түсенеді. Сөз саптауы мықты, ойлау қабілеті жер мен көктей. Өйткені жыр жаттағанда таныс емес сөздердің мән-мағынасына тоқталып, ашып айтып береміз. Кейін ол сөз баланың сөздік қорына енеді.

Фото Әділбек Сариннің жеке архивінен

Қазір біз ы, і әріптерін жазбайтын, н мен ң-ды айыра алмайтын балаларды көріп жүрміз. Мұрынмен дыбыстап, сөздері анық шықпағанда да үйретеміз. Жыршының сөзі нақты болуы керек. Жыршы бала қазақтың болмысын бойға сіңіріп, ұлттық құндылықты біліп өседі. Оны дамыту үшін мектептерде Жыр сыныбын ашса немесе Музыка пәніне жыршылықты қосса дейміз. Ұсынысты Оқу-ағарту министрлігіне айтып отырмыз. Батырлар жырын жаттаса тарихты біледі, патриот болып өседі. Екінші жағынан еске сақтау қабілеті күшейеді. «Жыр жаттай алмаймын» деген болмайды. Балалармен жарысып, қызығып, дастан жаттап алады. Кейде өлең жаттай алмайтын баланың мұғалімі таңқалып жатады.

— Жыр мектебін ашқан кезде қандай қиындықтар болды?

— Әкем домбыра тартты, мен содан үйрендім. Кейін мектепте ән сабағынан дәріс берген мұғалімім үйретті. Әскери борышымды Польшада өтедім. Сол кезде домбырамды ала кетіп, Өсербайдың, Сәуелхан ағайдың термелерін, жыр жаттап келдім. 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы университеттің Жыр-терме студиясында оқыдым. Бақтыгерей Сәндібаев, Света Мырзабаева, Қайырғали Қожанбаев ән, күйден дәріс берді. Курсты 10-нан астам адам бітірді. Қазір домбыра үйретіп, терме жаттатып жүргендер сол курстың түлектері. Кейін сырттай оқу орнына түсіп, білім алдық. 1994 жылы біз Жыр мектебін ашу туралы ұсыныс бердік. Бірақ облыстың басшылары да, мәдениет саласының басшылары да қолдамады.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Өзім бірер жыл филармонияда еңбек етіп, кейін тойда жыр, терме айттым, беташар өткіздім. Әрі қарай асыл тұқымды жылқы бағып, бәйгеге ат қостым. Ағылшын жылқысынан құлып алып, сатып, тұқымын асылдандырдым. Сөйтіп жүргенде 2021 жылы сол кездегі облыс әкімі болған Оңдасын Оразалин жыр мектебін ашуды ұйғарады. Ақтөбенің мақамын сақтап, дамытатын адам іздейді. Алғашында қарсы болып, кейін келістім. Қазір мәдениет, өнер облыстың басшысына қарай дамиды. Бұл — шындық. Сонымен бірге Ақтөбеде бір мейрамхана Жырау шай, Жыр сағатын өткізуге қолдау көрсетті. Әр жексенбі сайын 4 сағат жырлаймыз. Болғаны осы. Бөтен қолдау көрмедік. Шын мәнінде болашақ үшін жырды дәріптей беру керек.

— Жыр жаттатып, бала жыршыларды тәрбиелеп жүрсіз. Ал тыңдаушы бар ма?

— Тыңдаушы мені қызықтырмайды. Керек адам өзі келіп, тыңдайды. Қазір бәлкім аз шығар, бірақ уақыт өте келе өздері келеді. Өйткені жыршылық өнерді дамытпай тұрып тыңдаушы іздеу дұрыс емес. Көбі «жырлай береді, оны кім түсініп жатыр» деп айтады. Бірі түсінбесе, бірі түсінеді. Қазір әлеуметтік желі арқылы да насихаттап жүрміз. Қаралым артып, алғыс айтытындар көбейді. Тек Қазақстан емес, өзге елдегі замандастарымыз тыңдайды. Ақтөбеде тыңдаушы аз екенін деп тоқтап қалуға бола ма? Тоқтауға болмайды.

Фото Әділбек Сариннің жеке архивінен

— Жас жыршылар қолдауды сезіне ме? Байқаулар қаншалықты жиі ұйымдастырылады?

— 2021 жылы «Едіге деген ер екен» республикалық конкурсы, 2022 жылы «Жан серігім домбыра», 2023 жылы «Қобыланды батыр» байқаулары ұйымдастырылды. Конкурс — жыршы балаларды өсіреді. Дегенмен кейінгі үш жылда мұндай байқау ұйымдастырылмады. «Бала жырау» конкурсын ұйымдастыру туралы ұсынысты айтып жүргеніме биыл үш жыл болады. Ұсыныс қабылданбады, себебін білмеймін. Сәйгілікті жаратқанмен бәйгеге қоспаса қорадағы есекпен тең болады. Сол сияқты конкурс та жастарды ынталандыруға, өсіруге септігін тигізер еді. Әттең, қолдау болмай тұр.

— Жыр мектебі қалада бар, аудан, ауылдағы жағдай қандай?

— Ақтөбенің бірер ауданында ғана шағын үйірме бар. Кейбірінде мұғалім болмаған соң жабылып қалды. Көбі эстрадалық ән айтып, конкурсқа қатысып жүр. Егер жыршыларды шақырып, қолдау көрсетсе аудан, ауылда да дамитын еді. Біздің жоспар — Дәстүрлі өнер театрын ашу. Театр ашылса Нұрпейіс Байғаниннің өмірін сахналап, ән мен күй, жырды қосып, көрсетер еді. Біз дайын, тек қолдайтын басшы керек. Кейде жеке мектеп ашу туралы ой келеді. Бірақ оған да қаржы керек болады. Балалармен жұмыс істеген ұнайды. Неліктен? Олардың жүрегі ақ, таза, арам ойы жоқ. Не үйретесің, соны игереді.

Фото Әділбек Сариннің жеке архивінен

— Бүгінге дейін қанша шәкірт тәрбиеледіңіз?

— Жыр мектебі ашылғанға дейін де шәкірт тәрбиелеген адаммын. Кәсіппен айналысып жүргенде де балалар үйге келіп, дәріс алды. Жеңіс Елемесов, Нұрпейіс Әбілқасым, Естай Өтеулиев бар. Балаларға тек сабақ беріп қана қоймай, әрқайсысының ата-анасымен, тума-туыстарымен байланысып отырамын. Жігітке де, қыздарға да ақыл-кеңесімді беремін.

— Арманыңыз…

— Жыршылықты дамытып, мектепке енгізу, театр ашу. Қазір оқып жүрген балалардың сол жерлерде қызмет еткенін қалаймын. Жыршылықтың мәуесі көп. Ал қазір жоғары оқу орнын бітіргендер филармонияға жұмысқа кіріп, көптің бірі болады. Сахнаға шығады, сабақ береді. Ал егер өнер театры ашылса, бала тәрбиелеп, жыршылық өнерді ұрпақтан ұрпаққа жалғар еді. Қаладан емес, аудандардан да ашу керек. Сол кезде өнер, салт-дәстүр дамып, рухымызды асқақтатады. Жыршылар тіл, дін, салт-дәстүрге қызмет жасап, сақтап қалды. Өзім Мұқағали Мақатаевтің «Отан» өлеңіне музыка жаздым. Балаларға соны айтқызып жүрмін. Сөйтіп рухты өлтірмейміз.

Фото Әділбек Сариннің жеке архивінен

Айта кетейік, «Ер Едіге» жыр мектебінің тәрбиеленушілері Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабына енді. Барлығы 36 жыршы тәулік бойы жырлады.

Талап бойынша жыр кеші төрт бөлімге бөлінді. Алдымен насихат термесі, халық әндері жырланды. Ал II, III, IV бөлімдерде «Қырымның қырық батыры», V–VI бөлімде «Діни қиссала» мен «Насихат» термелері айтылды.

17 наурыз күні Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының бас офицері Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын ресми хабарлап, арнайы сертификатты табыстады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

21 Маусым 2026 09:11see120

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

21 Маусым 2026 12:37see118

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

21 Маусым 2026 21:53see115

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

21 Маусым 2026 15:28see114

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

21 Маусым 2026 15:03see114

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see113

Адам жанының арашасы

21 Маусым 2026 20:51see113

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see110

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see110

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see107

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see106

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see106

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see105

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

22 Маусым 2026 11:58see104

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

21 Маусым 2026 14:05see104

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see103

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see103

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

21 Маусым 2026 08:39see103

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2026 18:49see102

Шекара маңында жанар жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

21 Маусым 2026 12:28see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары