Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы: Қаһарман мұрасы бізге нені үйретті

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы: Қаһарман мұрасы бізге нені үйретті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бауыржан Момышұлының есімі күллі қазақ халқы үшін әлдеқашан қайсарлық пен ерліктің синонимі іспеттес.

2025 жылғы 24 желтоқсанда аты аңызға айналған панфиловшы жауынгер, офицер әрі жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды.

Өмір жолында сан түрлі қиындықтарды еңсере білген оның өзіне әркез қатаң талап қоя білетін қасиеті ерекше.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының қазіргі Жуалы ауданында дүние есігін ашқан. Мектепті тәмамдаған соң ұстаздық етіп, аудандық бөлімшелерде, соның ішінде милицияда түрлі қызмет атқарды.

Тәртіп пен жауапкершілікке баулыған осы тәжірибе кейін оның қолбасшылық болмысынан айқын көрінді. Әскерге ол сол бір сұрапыл соғыс жылдарындағы кездейсоқ адам ретінде емес, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ қызметке кірісіп, 1941 жылға қарай офицерлік дайындықтан өткен маман ретінде келген.

Фото: Юрий Ким

1941 жылдың жазында Алматы қаласында генерал Иван Панфиловтың қолбасшылығымен 316-атқыштар дивизиясы құрылғанда, Бауыржан Момышұлы 1073-атқыштар полкінің батальон командирі болып тағайындалды.

Күзде дивизия Волоколам бағытындағы шешуші майдан шебіне жіберілді. Мәскеу түбіндегі жан алысып, жан беріскен шайқастарда Момышұлы он шақты ұрысқа қатысып, бұл дивизия тарихта мәңгілікке «Панфилов дивизиясы» деген атпен қалды.

Бауыржан Момышұлына қатысты қанатты сөздер, аңыздар мен әсерлі тұжырымдар аз емес. Алайда оның майдандағы даңқы нақты негізге сүйенеді: қатаң тактика, қажу мен үрей үстемдік еткен жағдайда адамдарды басқара білу, ауыр шығындардан кейін де бөлімшені қайта ұйыстыра алу қабілеті. Ол полковник шеніне дейін көтеріліп, ең жоғары марапат — Кеңес Одағының Батыры атағын 1990 жылы, өмірден өткеннен кейін алды.

Фото: Kazinform

Батырдың немере інісі, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Бекет Момынқұл Бауыржан Момышұлының адалдығы туралы сөз қозғалса әңгімені балалық шақтан бастайды.

— Революциядан кейінгі кезеңде интернаттарда негізінен кедей отбасылардың балалары оқыды. Алайда жағдайы бар ата-аналардың балалары да анықталып, оқудан шығарылатын. Осындай әңгімелерді естіген Бауыржан әкесінен бізді кедей деп көрсететін анықтама алып беруді сұрайды. Сонда әкесі оған: «Сені оқудан шығарып жіберсе де, әрдайым шындықты айт. Бір рет өтірік айтсаң, ол саған өмір бойы еріп жүреді» деген екен. Бұл Бауыржан үшін адалдыққа қатысты алған алғашқы сабағы болды, — дейді Бекет Момынқұл.

Қолбасшының тағы бір қыры — жауапкершілігі, ол әсіресе соғыс жылдарындағы оқиғалардан, соның ішінде Мәскеу түбіндегі шайқастың шешуші сәттерінен айқын көрінеді.

— Бауыржан Момышұлы басқарған батальон 316-атқыштар дивизиясының құрамында бес рет толық қоршауда қалған. Әр жолы ол бөлімшені қоршаудан алып шығып отырды. Бұдан бөлек, екі жағдайда оның әрекеті бүкіл дивизияның тағдырын шешіп берді. Бұл жөнінде 1942 жылы полковник Иван Серебряков жазған, кейін 1944 жылы қайта толықтырған Кеңес Одағының Батыры атағына ұсыну құжатында нақты көрсетілген. Құжатта 1941 жылғы 26 қазанда Волоколамск тасжолы бойындағы Матренино стансасы маңында болған эпизод сипатталады. Қоршауда қалған Момышұлы батальоны Мәскеуге ұмтылған жаудың негізгі күшіне қарсы соққы жасап, неміс әскерінің ілгерілеуін екі тәулікке тоқтатты. Қарсы тарап мұны Панфилов дивизиясының ауқымды маневрі деп қабылдаған. Осы уақыт ішінде батальон жаудың 600-ге дейін солдатын, алты танкісін және басқа да талай техникасын жойған. Панфилов дивизиясына қарсы бес неміс дивизиясы әрекет еткеніне қарамастан, олардың алға қарай адымдауын небәрі 700-800 адам мен Бауыржан Момышұлының тактикалық шешімдері тоқтата алды. Бұл негізгі күштердің қайта топтасып, жаңа қорғаныс шебін құруға мүмкіндік берді, — дейді әңгімелесушіміз.

Фото: Бекет Момынқұлдың жеке архивінен

Бауыржан Момышұлын көбіне аңызға айналған қолбасшы ретінде сипаттайды. Алайда оның сіңірген еңбегі тек ұрыс даласымен шектелмеген.

Бауыржан Момышұлы тарих пен әскери ғылымды терең меңгерген, кей тұста өз дәуірінен озық ойлай білген тұлға еді.

1972 жылы ол біздің арғы ата-бабаларымыз жылқыны алғаш болып қолға үйреткенін айтқан. Археологтар бұл қорытындыға тек 2016 жылы ғана келді. Ол заманауи ғылымнан 44 жылға озып кеткен. Мұндай деректерді архивтерден тапқанын өзі айтатын, бірақ нақты қай архивтер екенін ашып көрсетпейтін. 1950 жылдары Момышұлы Калинин атындағы тыл әскери академиясында бес жылдан астам уақыт аға оқытушы болып қызмет атқарып, тактика мен стратегияға арналған 15 ғылыми мақала жазды. Оның жақын ұрыс тактикасы бойынша дәрістері бүгінге дейін бірқатар елдің, соның ішінде Израиль мен Түркияның кадет және офицерлік оқу орындарында оқытылады. Ал көпшілік Александр Бектің туындысы деп есептейтін «Волоколамск тасжолы» повесі іс жүзінде Бауыржан Момышұлының өз әңгімелері мен жазбаларына негізделген, — дейді қолбасшының ұрпағы.

Фото: Юрий Ким

Майдангерлер ерлігінің мәні туралы ой қозғаған әңгімелесушіміз бүгінгі таңда тарихи жадты сақтау мәселесі ерекше өзекті болып отырғанын атап өтті.

— Тарихты қайта жазу мүмкін емес. Қазақтар соғысты абыроймен өткерді. Әлем Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов және басқа да көптеген батырдың есімін таныды. Біз оларды ұмытпауға және өскелең ұрпаққа насихаттауға міндеттіміз. Егер өз тарихымыздан теріс айналсақ, мәңгүрттікке ұрынамыз. Мен Бауыржан Момышұлының жеке архивімен жұмыс істедім, сонда бір қызық дерекке тап болдым. 1947 жылы ол КСРО Қарулы күштерінің далалық штабына ұсыныстарын қолмен жазып отырған. Ол жазбалар қазіргі таңда да тығыз, жылтыр А4 форматындағы қағазға түсірілген. Парақты аударғанымда, артқы бетінде 1939-1940 жылдарға тиесілі, түрлі түсті, бірнеше бөлікке кесілген неміс карталарын көрдім. Бұл трофейлік карталар еді, оларды жазу қағазы ретінде пайдаланып, офицерлерге, соның ішінде Момышұлына да таратқан. Сол арқылы олар соғыс тәжірибесін ескере отырып, жаңа далалық жарғыға қатысты өз көзқарасын білдірген. Дәл осы жерде жасақталған қазақ дивизиялары мен бригадалары фашистерді тоқтатуда шешуші рөл атқарды, — дейді Бекет Момынқұл.

Кеңес Армиясының отставкадағы полковнигі, жазушы Момышұлы. 12.08.1960 Фото: Федоров/Kazinform

Соғыстың соңғы жылына қатысты тағы бір аз зерттелген тұс бар. Ол кезеңде Бауыржан Момышұлы Курляндияда (Латвияның батысы) 9-гвардиялық атқыштар дивизиясын басқарған.

— Вера Строеваға жазған хатында ол 15 тәулік бойы ұйқысыз әрі демалыссыз әрекет еткен дивизияның жаудың үш дивизиясын толық талқандағанын, тағы екеуіне ауыр соққы бергенін жазады. Соғыстың бейресми заңдары бойынша бір дивизия әдетте үш дивизияға қарсы қорғанады, ал бұл жағдайда керісінше, бір дивизия бес дивизияға қарсы шабуыл жасаған. Мұндай оқиғалар әлі күнге дейін толық зерттелмей келеді, дегенмен олар жіті назар аударуға әбден лайық, — дейді спикер.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Серебряков Бауыржан Момышұлын екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған. Алайда бұл жоғары марапат оған тек 1990 жылы берілді.

Бұған академик Манаш Қозыбаевтың ұзақ әрі тыңғылықты зерттеу жұмысы да себепкер болды.

— Бауыржан Момышұлы Екінші дүниежүзілік соғыстың жай ғана ардагері емес, ол шын мәнінде Ұлы Жеңіске жетуіміздің себепкерлерінің бірі, — деп жазды ғалым.

Қолбасшының адами болмысы да елден ерек. Оны ондаған жылдан кейін мәлім болған мына бір оқиға айқын сипаттайды.

— Маған Омбы қаласынан Александр Рядовойдан хат келді. Оның әкесі, атқыштар ротасының командирі, 1939 жылдан бастап соғысқа қатысқан. Соғыстың соңына қарай ол Момышұлынан отбасына, өмірінде бір де бір рет көрмеген ұлына оралу үшін демобилизациялауды сұрайды. Бауыржан Момышұлы жауапкершілікті өз мойнына алып, оны аман-есен үйіне қайтарған, — дейді Бекет Момынқұл.

Фото: Юрий Ким

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы әскери қызметін жалғастырып, болашақ офицерлерді даярлауға атсалысты, ал уақыт өте келе қолына қалам алып, жазушылыққа ден қоя бастады. Оның «Артымызда Мәскеу», «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сынды кітаптары патша көңіл оқырман тарапынан жоғары бағасын алған.

Оның өсиеті мен өмірлік тәжірибесі күні бүгінге дейін Қазақстанның Қарулы күштеріне өз ықпалын тигізіп келеді.

— Ұлы бабамыздың мұрасын зерделеу — бізге парыз. Оның ой-тұжырымдары, идеялары мен өмірлік қағидалары арқылы «командир» ұғымының шынайы мән-маңызын санамен түйсінуіміз керек. Курсант кезімнен бастап Бауыржан Момышұлының шығармалары мен үшін өмірлік жарғыға айналды, қиын сәттерде үнемі оқып отыратынмын. Момышұлының еңбектерінен өзіме көптеген маңызды ақиқат түйдім. Олардың көбі санама соншалықты берік орныққандықтан, командирлік мәселелерді басқаша шешуді елестете де алмаймын, — дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев.

Фото: Ержан Ибраевтың жеке архивінен

Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 10 маусымда келместің кемесіне мінді. Оның соғыстан кейінгі өмір жолы — аңыз тұлғаның болмысын тереңдете түсті.

Момышұлы майдандағы тәжірибені құр естелікке айналуына жол бермеді. Оның талапшылдығы әңгімелерінен де, кітаптарынан да, парыз бен ар-намыс ұғымдарына деген көзқарасынан да айқын сезіліп тұрды.

— Момышұлы бізге әскердің күші жазадан қорқуда да, ұранда да емес, саналы тәртіпте, сенім мен жауапкершілікте екенін дәлелдеп берді. Бәріміз де қатал, бірақ әділ, талап қоя білетін командир болуға ұмтылуымыз керек. Бізді Бауыржан Момышұлы осылай тәрбиеледі. Ол осылай қолбасшылық етті. Ендігі міндетіміз — аңызға айналған жерлесіміздей болуға талпыну және жас командирлерді де дәл осы рухта тәрбиелеу, — деп сөзін түйіндеді генерал-майор.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы — соғыс қаһарманы ғана емес, майдан ерлігін әдемі аңызға айналдыруға жол бермеген тұлғаны еске алуға себеп.

Фото: Юрий Ким Фото: Юрий Ким Фото: Юрий Ким

Ол үшін ерлік 1945 жылдың мамыр айында аяқталған жоқ. Ол әскери қызметте, кітаптарында, жас офицерлермен әңгімесінде және соғыс туралы айтылған әрбір сөзіндегі жауапкершілікте жалғасын тапты. Сондықтан Бауыржан Момышұлы біз үшін бүгін де өткеннің символы емес, болашаққа бағдар беретін темірқазық.

Еске салсақ, осыған дейін орталық архивте Бауыржан Момышұлының бұрын белгісіз болған құжаттары көрмеге қойылғаны хабарланған

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see121

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see116

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары