Белгілі блогер Дария Қуатжан Катардағы демалысында күтпеген оқиғаға тап болды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстандық блогер әрі көпшілікке танымал ару Дария Қуатжан шетелге демалуға барып, күтпеген оқиғаға ұшырағанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, қазір ол Катарда жүргенімен, демалыс сапары шиеленіскен жағдаймен тұспа-тұс келген. Дария жазбасында қазіргі ахуал белгісіз екенін айтып, гүрсілдеген дыбыстардың жиілеп кеткенін жеткізген.
«Катардағы қазіргі жағдай: гүрсілдеген, дүрсілдеген дауыстар жиі. Жәй жел деп қойып отырмыз қыздармен. Біз өте тыныш қала шетіндегі райондамыз, қаладағы жағдай әзірше белгісіз», – деп жазды блогер.
Сондай-ақ Дария бұл сапарға ұзақ уақыт жұмыс істеп барып, дәл осындай жағдайға тап болатынын күтпегенін жасырмады.
«Бір жыл бойы тоқтамай жұмыс жасап, қайда кетсем де кеттім деп, Катарға саяхаттап кетіп едім, қайдан білейін соғыс жағдайын… Не болса да Алла қалауы, аман болайық», – деп жазды ол.
Бұған дейін блогер: «Мә достар, дәл қазір мен де Катардамын. Бір шет елге шыға қояйын десем, соғыс басталып кетті», – деп хабарлаған еді.
Желі қолданушылары Дарияға қолдау білдіріп, амандық тілеуде.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 14:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















