Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Бес баланы алапат өрт ішінде ажалдан арашалап қалған батыр

Бес баланы алапат өрт ішінде ажалдан арашалап қалған батыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қас-қағым сәтте қасіретті жағдай орын алуы әбден мүмкін еді. Бірақ дәл сол сәтте батылдық пен адамдықтың, жүректілік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсеткен қарапайым ғана ауыл тұрғыны Ерлан Тоқсанбаевтың ерлігі сан адамды бейжай қалдырған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Құтқарушылар күніне дәл келген бұл оқиғаны кездейсоқтыққа балау да қиын. Ол күні Ерлан Тоқсанбаев ұлы Мираспен бірге шаруашылықтағы жұмыстарын аяқтап, ауыл маңындағы жерлерді тазартып жүрген көрінеді. Сол мезетте бір үйден қою түтін көкке көтерілгенін көреді. Түтінге тұншығып жатқан үйге қарай еш ойланбастан жүгірген жеткен ол отқа оранған үйдің ішінен балалардың дауысын естіп, жанталаса әрекет етуге кірісті. 

 – Терезе жақта тұрған балалар түтінге қақалып, жылап көмек сұрап жатты. Ойланып тұратын уақыт болмады. Терезені сындырып, ішке кіріп, балаларды ұлыма бір-бірлеп беріп жаттым. Жалын үдеп бара жатты. Бірақ артқы бөлмелерде қалып қойған балалардың да дауысы естілді. Сол сәтте бәрін ұмытып, денемді от шарпып жатса да отқа оранған үйге қайта қойып кеттім, – дейді Ерлан Тоқсанбаев.

Ол ең алдымен үйдің ішінде тұрған газ баллонды сыртқа алып шыққан. Араға аз уақыт салып, екінші газ баллоны жарылып кеткен. Бірақ Алла сақтап, балалардың ешқайсысы газға жақын болмаған.

– Қою түтін мен қып-қызыл жалынның арасында әрең жүріп, балаларды тірідей оттан алып шықтық. Өз басым бұл – періштелердің жебеуі болды деп білемін, – дейді Ерлан Тоқсанбаев.

Оқиға болған кезде балалардың ата-анасы үйде болмаған. Көршілерінің айтуынша, анасы ауылдан бірнеше шақырым жердегі демалыс кешенінде жұмыс істейді. Әкелері қызмет бабымен Алматыға кеткен. Абырой болғанда, дәл сол сәтте ауыл арасында шаруамен жүрген Ерлан мен ұлы Мирас дер кезінде көмекке келіп, бес бірдей баланы ажал аузынан арашалап қалған.

Балалар өрттен кейін медициналық және психологиялық қолдауға алынып, әзірге аналарының жұмыс орны ұсынған бөлмеде уақытша тұрып жатыр.

Ерлікті тек марапатпен бағалау жеткіліксіз. Бұл оқиғада Ерлан Тоқсанбаев екінің бірі бара бермейтін тәуекелге барып, от пен жалынның ортасына кіруден тайынбаған. Оның бұл әрекеті – үлкен адамгершіліктің, шексіз жанашырлықтың көрінісі. Әсіресе, бүгінде немқұрайлылық пен бейтараптық белең алып тұрған заманда Ерландай азаматтардың тірлігі – жас ұрпаққа үлгі, қоғамға үміт отын сыйлайтыны сөзсіз.

Ерлік күнделікті өмірде, ешқандай даңғаза да, жарық софит те қажет етпейтін сәтте туады. Ерлан Тоқсанбаевтың батырлығы – дәл соның айғағы. Оның ерлік ісі жергілікті билік пен қоғам тарапынан тиісті бағасын алып, жас ұрпаққа үлгі ретінде кеңінен насихатталуы тиіс. Себебі бір ғана адам – бір ауылдың үмітіне, тіпті елдің ар-намысына айналуы бек мүмкін.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 18:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары