Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Бес тіл және көмек көрсету хикаялары: қазақстандық полицей қалай кез келген елде өз адамына айналады

Бес тіл және көмек көрсету хикаялары: қазақстандық полицей қалай кез келген елде өз адамына айналады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бес тіл, 18 ел және бейтаныс жандарға көмектесу туралы ондаған оқиға. Қарағандылық Фуркан Юк батыр болуды ешқашан жоспарламағанын, бірақ көмек қажет болған жерден әрдайым табылатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі бірде шетелде құжатсыз қалған жас жұбайларды құтқарып, толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізген және бейтаныс адамдарға талай рет қолұшын созған полицеймен сұхбаттасты.

Бөтен қаланың көшесінде жүріп қазақша сөйлеген дауысты естігенде, Фуркан Юк бір жағдайдың болғанын сезеді. Жас жұп қатты дауыспен, қобалжып сөйлесіп тұрған еді. Оларға жақындаған Фуркан ерлі-зайыптының кеше ғана құжаттарынан, банк карталарынан және барлық ақшасынан айырылып қалғанын біледі. Қазақстанға ұшуға небәрі екі күн қалған болатын.

"Бұл оқиға Италияда болды. Олар бал айына келген жас жұбайлар екен. Құжаттары, ақшасы мен банк карталары салынған сөмкесін жоғалтып алыпты. Қолдарында тек телефон ғана болды. Олар ары қарай не істерін білмей абдырап қалған", - деп еске алады Фуркан.

Жас жігіт оларға жергілікті полицияға баруға, құжаттарының жоғалғаны туралы анықтама алуға көмектесіп, кейін Қазақстан елшілігіне ертіп барады. Онда ерлі-зайыптыларға елге қайту үшін уақытша құжаттар беріледі. Бірақ тағы бір мәселе туындады - алдағы бірнеше күнге жұмсайтын мүлдем ақшасы қалмаған еді.

"Кейін олар мені Қазақстаннан тауып алып, барлық соманы қайтарғысы келді, бірақ мен бас тарттым. Бұл жай ғана адами көмек қой. Онда тұрған ештеңе жоқ", - дейді Фуркан Юк.

Полицей болуды мектеп кезінен армандаған

Фуркан Қарағандыда туып-өскен. Әкесі - Қазақстанда туған этникалық түрік, анасы - қазақ. Отбасында түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлер мен тілдерге құрметпен қарап, туған жерге деген сүйіспеншілік бала кезінен бойына сіңген.

"Мен өзімді қазақ деп есептеймін. Осында тудым, осында өстім, қазақ тілінде ойлаймын, елімді сүйемін және Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын", - дейді жас офицер.

Оның айтуынша, ата-анасы оны адамдарды ұлтына, дініне немесе тіліне қарамастан құрметтеуге баулыған.

"Әкем маған әрдайым: "Жақсылық қыл да, өзенге сал" деп айтатын. Яғни, адамдарға шын жүректен көмектес және қарымтасына ештеңе күтпе. Бұл қағида менімен бірге өмір бойы келе жатыр", - дейді Фуркан.

Адамдарға деген сүйіспеншілікті әкесі оятса, кеңестік милицияда қызмет еткен ағасының үлгісі болашақ мамандығын таңдауға септігін тигізген. Фуркан тоғызыншы сыныпта-ақ полицей болатынын нық шешкен.

"Араб тілінен аударғанда менің есімім "ақиқат пен жалғанның арасын ажыратушы" деген мағынаны білдіреді. Есімімнің әсері ме, білмеймін, бірақ маған әрдайым адамдарға көмектесіп, әділдікті орнатқым келетін. Сондықтан өзім үшін басқа таңдауды тіпті қарастырған да жоқпын", - деп ағынан жарылды ол.

Қазақ-түрік лицейін бітірген соң Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "халықаралық құқық" мамандығына түсіп, 2022 жылы ішкі істер органдарына қызметке орналасқан. Бүгінде ол Қарағанды қалалық Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторы болып жұмыс істейді.

Бес тіл - көмек құралы

Фуркан қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген. Бұл білімі оған саяхат кезінде ғана емес, шетелдік азаматтармен күнделікті жұмыс барысында да көмектеседі. Шетелдіктермен тілдесу қажет болғанда әріптестері оны жиі басқа бөлімшелерге де шақырып тұрады.

"Адам өз ана тілін естігенде бірден тынышталады. Бөтен елде жүрген адамға заң талаптарын, құжат рәсімдеу тәртібін түсіндіру және жай ғана қолдау көрсету әлдеқайда оңайырақ болады", - дейді офицер.

Жақында Балқашта өткен туристік фестиваль кезінде ол әртүрлі елден келген қонақтарға кеңес беріп, туристерге көші-қон мәселелерін шешуге көмектесті және жоғалып кеткен баланы іздеуге қатысты.

Түркиядан келген туристердің біріне Қазақстанда тіркеусіз болу мерзімі туралы кеңес қажет болды. Басқа шетелдіктер тұрмыстық мәселелер бойынша көмек сұрады. Бірнеше тілде еркін сөйлейтін полицейді жолықтыру көбісі үшін күтпеген жағдай болды.

Антальядағы құтқару оқиғасы

Ең есте қалған оқиғалардың бірі Түркияда демалыс кезінде болды. Фуркан досымен бірге Антальяда қыдырып жүріп, өтіп бара жатқандардан көмек сұраған жүкті әйелді байқайды. Оның толғағы басталған екен. Полицейдің айтуынша, адамдар оған мән бермей өтіп жатқан.

"Біз күтіп тұруға болмайтынын түсіндік. Оны жалға алынған көлікке отырғызып, ауруханаға апардық. Үлгеру үшін жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзуға тура келді. Ауруханада депозит төленбегені үшін әйелді қабылдағысы келмеді. Біз оны төлеп, әйелді дәрігерлердің қарауына қалдырдық. Содан кейін полицияға барып, жолда алған барлық айыппұлымызды төледік", - деп еске алады Фуркан Юк.

Саяхаттаған жылдары қызықты оқиғалар аз болмаған, дейді қарағандылық азамат. Оның тіл білуі әрдайым өзгелерге көмектесу үшін ғана емес, кейде өзін алдап кетуден қорғау үшін де қажет болған.

Елдердің бірінде такси жүргізушісі жолаушылардың туристке ұқсайтынын пайдаланып, маршрутты әдейі ұзартқан - әдетте жеті минуттай уақыт алатын жол жарты сағатқа созылған.

"Ол телефонмен біреуге есептегіш көбірек ақша шығаруы үшін бізді әдейі айналдырып жүргенін айтты. Баратын жерімізге жеткенде, мен оған өз тілінде жауап беріп, бүкіл әңгімесін естігенімді түсіндірдім", - деп еске алады Фуркан Юк.

Жүргізуші сасқалақтағаны сонша, жолақысын алудан бас тартқан. Осыған ұқсас жағдай дүкенде де болған: сатушы шетелдікке жергілікті сатып алушыдан екі есе жоғары баға айтқан.

"Мен оның тілінде неге ел тұрғындары үшін бір баға, ал мен үшін басқа баға екенін сұрадым. Содан кейін тауар құны бірден төмендеді", - деп күледі ол.

Қазақстан үшін мақтаныш

Саяхат Фурканға тек қызықты оқиғалар емес, сонымен қатар адамдардың Қазақстанға деген көзқарасына жаңаша қарауға мәжбүр еткен кездесулер де сыйлады.

Грузия мен Солтүстік Кавказ арқылы өткен сапарында ол Шешенстан Республикасындағы дәмханалардың біріне тамақтануға тоқтаған. Төлейтін кезде даяшы шоттың жабылғанын айтқан. Кейінірек қонақтарға дәмхана иесі шығып, олардың Қазақстан азаматтары екенін білгенін түсіндірген.

"Ол біздің еліміз бен қазақ халқы туралы өте жылы лебізін білдірді. Мұны есту керемет әсер қалдырды", - дейді қарағандылық тұрғын.

Осыған ұқсас оқиға Германияда да болды. Кешкі астан кейін компанияға кезінде Қазақстанда тұрған мейрамхана иесі келген. Отан туралы әңгіме ұзаққа созылған.

"Оның Қазақстанды қаншалықты сағынғаны көрініп тұрды. Тіпті көзіне жас алды. Оның Қарағанды облысында тұрғаны белгілі болды. Мұндай кездесулер өз елің үшін ерекше мақтаныш сезімін тудырады", - дейді Фуркан Юк.

Шексіз көмек

Бүгінде Фуркан Юк көші-қон қызметінде жұмысын жалғастырып келеді және өз ісін ерекше ерлік деп санамайтынын айтады. Жақында ол қарағандылық отбасына Испания азаматтығын алған келіні мен немересіне отбасын біріктіру бағдарламасы бойынша Қазақстанға келуі үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. Оның айтуынша, полиция қызметкерінің жұмысындағы басты нәрсе - ең алдымен адамның бойынан адамгершілікті көру.

"Қай жерде жүргенің маңызды емес - Қарағандыда, Анталияда, Германияда немесе кез келген басқа елде болсын. Көмектесе алсаң, демек көмектесу керек. Мені осылай тәрбиелеген", - дейді полиция аға лейтенанты.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 09:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары