Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Бибігүл Жексенбай: Салық төлеу мәжбүрлік емес, заманға сай патриотизмге айналуы қажет

Бибігүл Жексенбай: Салық төлеу мәжбүрлік емес, заманға сай патриотизмге айналуы қажет

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазіргі заман – ақпараттың емес, мағынаның дәуірі. Жаңалық көп, бірақ ой аз. Әлеуметтік желілер санаға жылдам әсер етеді, алайда терең пайымға жетелей алмайды. Осындай кезеңде баспасөздің, әсіресе сапалы газет-журналдардың миссиясы бұрынғыдан да айқындала түсті. Мемлекет басшысының Жаңа жылды  еліміздің беделді басылымына арнайы сұхбат беруімен бастауы  жақсы дәстүрге айналды. Жұртшылық ерекше  күтетін бұл дәстүр ел Президентінің баспасөздің ағартушылық, талдамалық рөлін ерекше бағалауын айшықтайды. Ойлануға үйрететін, асықпай оқылатын мәтіндер – қоғамның зияткерлік иммунитеті. Оқитын ұлт қана алдыңғы қатарда болады. Бұл туралы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Facebook парақшасында жазды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Президент айтқандай, 2025 жыл Қазақстан үшін экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан табысты болды. Экономика өсімі 6 пайыздан асты, жалпы ішкі өнім 300 миллиард долларға жетті. Алайда бұл жетістіктерге масаттануға болмайды. Мемлекет басшысы екпін түсірген ой, өсімнің өзі мақсат емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей әсер етуі тиіс. Инфляция – көзге көрінбейтін, бірақ ең қауіпті жау. Сондықтан Үкімет пен әкімдерге қойылатын талап – бір сәтке де босаңсымау, әлеуметтік-экономикалық қаңқаны нығайту.

Өткен жылдың басты қорытындысы, бұл – реформалардың қайтымсыздығы. Бұл сөз саяси ұран емес, тарихи межені білдіреді. Қазақстан бұрынғы инерциямен өмір сүрмейді. Алға жылжу бар, ол күрделі, кейде ауыр, кейде қоғамға ұнамайтын шешімдер арқылы жүзеге асуда. Бірақ Мемлекет басшысы үшін басты өлшем – популизм емес, нәтиже. «Бізде басқа жол жоқ» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік жатыр.

Сол жауапкершіліктің айқын көрінісі – салық реформасы. Жаңа Салық кодексі фискалдық науқан емес, экономикалық ойлаудың өзгеруі ретінде ұсынылды. Бұл – мемлекет, бизнес және азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісім. Мұнда салық жазалау құралы емес, ортақ жауапкершіліктің тетігі. Мемлекет басшысы атап өткендей, әділетті салық жүйесі әлсізді қолдап, экономиканың тірегін нығайтуы тиіс. Салық төлеу – мәжбүрлік емес, заманға сай патриотизмге айналуы қажет.

Экономикадағы теңгерімсіздіктерді түземейінше, ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес. Энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымдағы мәселелер – ондаған жыл бойы қордаланған шындық. Оларды жасырып, бюджет қаржысымен уақытша жамау нәтижесіз екенін өмірдің өзі көрсетті. Қазір бұл салада нақты модернизация басталды: апаттық тәуекел азайды, «қызыл аймақтағы» нысандар саны қысқарды. Мұнда да Мемлекет басшысы үшін бастысы – көзбояушылық емес, нақты нәтиже.

Тариф мәселесі – ең сезімтал тақырыптардың бірі. Алайда шындықты айналып өту мүмкін емес. Арзан тарифтер байларға жасырын субсидия болды. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидаты әділетті экономиканың негізі. Ал әлеуметтік осал топтар міндетті түрде адресаттық қолдауға ие болуы тиіс. Әділет дегеніміз – барлығына бірдей емес, әркімге қажеттісін беру.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті – стратегиялық артықшылық. Ел аумағы арқылы өтетін халықаралық дәліздер, жаңа теміржол желілері, порттар мен логистикалық хабтар – мұның бәрі елді Еуразияның көлік қақпасына айналдыруға бағытталған. Мұнда да жүйелілік пен ұзақмерзімді көзқарас қажет.

Аграрлық секторға көрсетіліп отырған қолдау ауқымды. Бірақ Мемлекет басшысы атап өткендей, субсидияның өзі тәуелділікке айналмауы тиіс. Кооперация, өнімділік, экспортқа бағытталған өндіріс – ауыл шаруашылығының болашағы осында. Қазақстан тек астықпен емес, ет экспортымен де әлемдік нарыққа шығуға қабілетті.

Туризм, цифрландыру, жасанды интеллект, атом энергетикасы, сирек кездесетін металдар – бұлардың барлығы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер терезесі. Бірақ кез келген технологияның өзегінде адам капиталы тұрады. Сондықтан білім, кадр даярлау, еңбек мәдениеті – мемлекеттің басты инвестициясы.

Қаңтар оқиғалары, заңсыз активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлықпен күрес – мұның бәрі әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған. Бұл – науқан емес, принцип. Мемлекет заң аясында әрекет етіп, әлемге өзінің ұстанымын ашық көрсетіп отыр.

Патриотизм туралы айтқанда да Мемлекет басшысы нақты өлшем ұсынады. Патриотизм – ұран емес, еңбек. Елге адал қызмет етіп жүрген инженер, дәрігер, мұғалім, фермер – нағыз отаншыл тұлғалар.

Мемлекет басшысының “Turkystan” басылымына берген сұхбатында айқын айтылған ой алда тұрған 2026 жыл – тағдырлы кезең. Саяси және экономикалық реформалардың жаңа кезеңі басталады. Бұл жол жеңіл емес. Бірақ тарих көрсеткендей, қиындықтардан қашпай, шындыққа тура қараған қоғам ғана өседі. Әр оқырманның санасында қалыптасуы қажет парасатты пайым. Қазақстан дәл осы жолды таңдады, –  деп жазды Бибігүл Жексенбай.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:298
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 12:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see119

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see118

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see116

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see113

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see113

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see112

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see111

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see111

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары