Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Бибілердің бизнестегі үлесі

Бибілердің бизнестегі үлесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел: алғашқы қадамдар» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жиынға палата директоры Сабира Адамбекова, «Amanat» партиясының қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрағасы Наргиза Керімбаева, «Halyk Bank» АҚ қалалық филиалы директорының орынбасары Асылбек Келдібаев, Еңбек мобильділігі орталығы кәсіпкерлік бастамаларды оқыту және қолдау бөлімінің басшысы Гүлвира Даужанова, сондай-ақ бір топ кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Шымкент қаласында әйел­дер кәсіп­керлігі дамып келе жат­қанын, осыған орай қыз-келін­шектер тарапынан пайдалы ақпа­ратқа қажеттілік туындап отырғанын айтты.

– Кәсіпкерлер палатасына қыз-келіншектер тарапынан сұрақтар көп түседі. Олар көбінесе бизнесті қаржыландыру, түрлі қолдау шаралары туралы білгісі келеді. Палата ең біріншіден, кәсіпкердің құқын қорғайтын ұйым. Сондықтан әрбір кәсіпкер осы мәселе төңірегінде палатаға өтінішпен келсе болады. Біздегі білікті заңгерлер барлық ережелерді түсіндіріп, бизнес өкіліне құқықтық көмек пен кеңес бере алады. Сонымен қатар біздегі мамандар бизнес жобаның тиімділігін қарап, нарықтың сұра­нысына қарай ұтымды кәсіп­керлік бағыттарды көрсетіп береді. Әрине кәсіпкер болу оңай емес. Әсіресе әйелдер қауымына қиындығы көп. Бұл салада көптеген кедергілер кездеседі. Соның бәріне шыдап, төзе білудің өзі де әйел үшін үлкен ерлік. Дегенмен бүгінде бизнесте табысты кәсіп бастап үлкен жетістіктерге жетіп жатқан нәзік жандылар да көп арамызда. Солардың еңбегі мен күш-қайраты көпке үлгі болса деп тілеймін. Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бұған бірінші кезекте елде жүргізілген экономикалық реформалар себепкер. Қазақстанда шағын және орта бизнесті аяқтандыру үшін көптеген игі шаралар қолға алынып жатыр. Оның ішінде түрлі салықтық жеңілдіктер мен субсидияларды атап өтуге болады. Арзандатылған несие бағдарламасы да кәсіп бастаған жандарға үлкен көмек болып тұр. Жоғарыда айтып өткенімдей Шымкентте шағын, орта бизнес саны артып келеді. Сонымен қатар олардың жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі де бірте-бірте көбейіп жатыр. Экономикалық тұрғыдан бұл өте жақсы үрдіс саналады. Кәсіпкерлік саласында қыз-келіншектердің де үлесі елеулі. Ендеше, әйелдер қауымы мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланып, кәсіп ашуға ұмтылып жатса, құба-құп. Ол үшін бірінші кезекте қаржылық, құқықтық сауатты жетілдіру керек. Бұл жағынан палата жан-жақты көмек беруге дайын», деді С.Адамбекова.

Жиын барысында кәсіпкер Наргиза Керімбаева өзінің бизнес­тегі тәжірибесін бөлісіп, жетістікке жету жолы туралы баяндады.

– Менің бизнестегі қадамым осыдан 20 жыл бұрын ұялы байланыс операторының өкілі ретінде басталды. Содан осы салада жүріп, телефон сататын бутиктер аштым. Ол кезде смартфондар енді шығып жатқан кез еді. Бес жылдың ішінде Шымкент пен Түркістан облысының аумағында 15 дүкеніміз ашылды. Уақыт өте келе біз еліміздегі ұялы байланыс операторларының дистрибьютері ретінде жұмыс істей бастадық. Қазір біздің компанияның 20-дан астам дүкені, еліміздің әр аймағында 8 сауда орталығымыз бар. Кәсіпкерлік саласында сауданың алар орны ерекше. Өндіріс тауар шығарса, оны сатып пайда түсіру үшін сауда керек. Технология ойлап табу, соның негізінде иннвациялық өнім шығару экономикада маңызды. Сонымен қатар оны нарықта сата алудың да рөлі зор. Сол себепті әйелдерге сауда саласынан бизнес бастауға кеңес берер едім. Бұл арада «не сату керек?» деген сауал да өзекті. Егер саудаға шығаратын зат нарықта сұранысқа ие болмаса, кәсіпкер шығынға ұшырауы мүмкін. Сол үшін бүгінгі нарықта ең өтімді тауарды таңдаған жөн. Адам саудадан бизнес бастаса, келе-келе өндіріс саласына өтіп, үлкен кәсіпкер болып кетуі де ғажап емес. Өмірде ондай мысалдар өте көп. Алдымен бір тауарды сатып, оның қыр-сырына әбден үңіліп болған соң, соны өзімізде отандық тауар ретінде шығарып жатқан кәсіпкерлер арамызда баршылық. Өзім сауданы бизнестің алғашқы баспалдағы деп түсінемін. Қарыз алып үлкен іске құлаш сермемес бұрын әуелі кәсіпкерліктің қарапайым түрінен бастау қажет. Сонда ертең ісің жүрмей, шығынға батып қалсаң да өкінбейсіз. Сондай-ақ тәуекел де маңызды. Көп адам кәсіпкерлікпен айналысуға жүрексінеді. Егер қиындықтан қорқа берсек, ешқашан жетістікке жете алмаймыз. Керісінше, батыл әрекетпен ойға алған мақсатты қалай да іске асыруға тырысу керек. Сол кәсіпкерлікті бастаған соң алдымызда кездесетін қиындықтармен күресе жүріп адам шыңдалып, үлкен тәжірибе жинайды. Дегенмен білім де жас кәсіпкерге артық етпейді. Ең алдымен қаржылық жағынан сауаты жоғары болуы керек. Бұл жолда кәсіпкердің алдынан талай ауыртпалық шығары сөзсіз. Соған бола меселі қайтып, қолды сілтеуге болмайды.  Өзімнің ұзақжылдық кәсіпкерлік тәжірибемнен түйген ойым, адам өзіне сенсе, себептерін жасап болып тәуекел етсе, алынбайтын қамал жоқ екен», – деді Н.Керімбаева.

«Halyk Bank» АҚ қалалық филиалы директорының орынбасары А.Келдібаев қаржы институты тарапынан кәсіпкерлік бастамаларға қандай жеңілдік пен қолдау барын атап өтті. Қаржыгердің айтуынша, «Halyk Bank» қыз-келіншектердің бизнес жобаларына арнайы қабылданған «Үміт» бағдарламасы бойынша арзандатылған несие ұсыныпты. Соның нәтижесінде қаншама әйел жеке бизнесін дамытуға қажетті қолдау тапқан. Одан бөлек, қаржы институты «Өрлеу» бағдарламасымен жылдық мөлшерлемесі 12.6 пайы­з жеңілдікпен несие таратқан. Маманның сөзінше, бұл да айналым қаражатын толықтыруға, бизнес капиталды еселеуге үлкен көмек болып табылады. Сонымен бірге банк кәсіпкерлік әліппесін енді үйрене бастаған қыз-келіншектерге арнайы қаржылық сауат ашу курсын ұйымдастырған. Оның себебін маман бүгінде интернет алаяқтардың қоғамда өршіп кетуімен түсіндірді. Осы орайда қаржыгер ақпараттық қауіпсіздікке баса мән беруге шақырды. Банк қызметкері клиенттен дербес деректерді телефон арқылы айтып жіберуін ешқашан өтінбейтінін жеткізді маман. Сол үшін алаяқтардың қитұрқы әрекеттеріне алданып қалмау керек. Олардың тұзағына түсіп қалмаудың бірден-бір жолы қаржылық тұрғыдан сауатты болу деді. Сондай-ақ қаржыгердің айтуынша, бүгінде мемлекет екінші деңгейлі банктерді елдің экономикалық дамуына үлес қосуға барынша ынталандырып жатыр. Соның нәтижесінде коммерциялық қаржы ұйымдары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті қаржылан­дыруға көшкен. Одан басқа әртүр­лі жеңілдік көздейтін қаржы құрал­дарын ұсынады. Бұл – мемлекеттің кәсіпкерлікті өрістетуге барынша жағдай жасап жатқанын білдірсе керек дейді маман.   

Тренингте бизнес-ханымдар өз кәсіптерін дамыту бойынша тәжірибелерін  бөлісті, әйелдердің кәсіпкерлік пен қаржылық сауатын арттыру, іскерлік қабілеттерін дамыту тақырыптары аясында ой қозғады. Банк өкілдерімен бірге әкімдік қызметкерлері де мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндіріп берді. Мәселен, бүгінде Шымкентте кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы мекеме бар. Кез келген адам сол жерге барып бизнес тақырыбында мәлімет ала алады.

Сонымен қатар іс-шарада Еңбек мобильділігі орталығы кәсіпкерлік бастамаларды оқыту және қолдау бөлімінің басшысы Г.Даужанова қала әкімдігінің қолдауымен әйелдердің бизнес жобалары сәтті жүзеге асып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет әйелдер қауымының кәсіпкерлікпен айналысуына жан-жақты көмегін көрсетіп отыр. Сол себепті Үкімет пен жергілікті әкімдік ұсынған жеңілдіктерді тиімді пайдалану керектігін тағы бір мәрте еске салды. Одан өзге орталықта түрлі тренингтер мен оқыту курстары өтетінін, одан сабақ алған қыз-келіншектер кейін жеке кәсіп ашып, бизнеске біржолата мойы­н бұратыны туралы баяндады. Маманның айтуынша, әйелдердің кәсіпкерлікке ден қоюына гранттық қаражаттың да көмегі тиіп жатыр екен.  Мемлекеттік қолдау жобаларының кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп, тұрғындардың ырысын еселеп жатқаны қуантарлық жайт.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары