Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Білім ордасындағы серпінді өзгерістер: Жетісу университетінің жылдық қорытындысы

Білім ордасындағы серпінді өзгерістер: Жетісу университетінің жылдық қорытындысы

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - ректор Ермек Бөрібаев  2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындары алдында есеп берді.  Есептік кездесуге облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және Жетісу университетінің ұжымы қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024–2025 оқу жылында білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында тұрақты дамуын көрсетті. Университетте 800-ден астам профессор-оқытушы еңбек етеді, олардың 51 пайызы ғылыми дәрежеге ие. Ғылым докторлары, PhD, ғылым кандидаттарының үлесі жыл сайын артып келеді.

Білім беру қызметі аясында 117 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, жасанды интеллект, тау және альпілік экология, экономика және басқару сынды жаңа бағыттар ашылды. Студенттер саны 2024 жылы 5809-ды, 2025 жылы 6401-ді құрады. Түлектердің жұмысқа орналасуы 89 пайызды  көрсетті.

Университет ұлттық және халықаралық рейтингтерде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.  Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі IQAA Ranking (НАОКО) жүргізген 2025 жылғы инстиуционалдық рейтинг нәтижелері бойынша ЖУ көпсалалы ЖОО арасында үздік 3-ке енді. «Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша 10 білім беру бағдарламасы үздік ондыққа енсе, UI GreenMetric, QS Asia, Times Higher Education рейтингтерінде позициясы жақсарды.

ЖУ 85-тен астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнатқан. Серіктес ЖОО ішінде 15 университет халықаралық рейтингтерде ТОП 1000-ға кіреді. 

Білім ордасының оқытушы-ғалымдары гранттық және бағдарламалы нысаналы қаржыландыру аясында бірнеше бағыт бойынша 3.5 миллиардтан астам теңгенің  ғылыми жобасы мен бағдарламасын орындап жатыр. Ғылыми салада «Jas Galym» жобалары, гранттық қаржыландыру көлемінің өсуі, патенттер мен авторлық куәліктердің алынуы университеттің ғылыми әлеуетін арттырды. Заманауи зертханалар, халықаралық кампустар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары университеттің бәсекеге қабілеттілігін нығайта түсті.

Университетте қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.  Бұл бағдарламалар аясында студенттер Алтай мемлекеттік, Пшасныш Лингвистика-техникалық, Поморск және Жилина университеттерінде магистратура бойынша, ал Марке университетінде бакалавриат бойынша білім алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде шетелдік жетекші университеттердің филиалдары ашылып, осы бағытта Ғылым және жоғары білім министрлігі жүйелі жұмыс атқарды. Соның нәтижесінде Жетісу университетінің жанынан Италияның Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды. 

Қазіргі уақытта филиалда 27 студент білім алып жатыр. Бағдарламаны табысты аяқтаған түлектерге Италияның Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары саласындағы бакалавр дипломы және Қазақстанның Ауыл шаруашылығы бакалавры дипломы беріледі.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті соңғы жылдары білім мен ғылымды дамытумен қатар, жастар саясаты мен әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарында кешенді жұмыстар атқаруда.

Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру – университеттің басты басымдықтарының бірі. 2023–2025 жылдары жастар ұйымдары, волонтерлік қозғалыстар, спорттық және зияткерлік іс-шаралар саны едәуір өсті. Университет жастары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде чемпион атанды.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында оқу корпустарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, демеушілердің қолдауымен жаңа нысандар салынды. Атап айтқанда, KAINAR-AKB аккумулятор зауытының демеушілігімен №3 оқу корпусындағы акт залы жаңғыртылуда, ал облыс әкімдігінің қолдауымен №2 оқу корпусы аумағы абаттандырылды.

2026 жылға арналған даму жоспарында ғылыми зерттеулерді кеңейту, инклюзивті орта қалыптастыру, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, халықаралық әріптестікті нығайту және студенттік өмір сапасын арттыру көзделген. Жоспарланған бағыттар бойынша жүргізілген жұмыстар университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік инфрақұрылым саласында тұрақты дамуға қол жеткізгенін көрсетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see182

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see165

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see159

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see159

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see158

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see158

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see157

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see156

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see154

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see153

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see153

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see153

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see152
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары