Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Бір жұтым суға зар болған: Сүйменқұл Шоқморов тағдыры туралы білесіз бе?

Бір жұтым суға зар болған: Сүйменқұл Шоқморов тағдыры туралы білесіз бе?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ көрермені Сүйменқұл Шоқморовты әртүрлі фильмдер арқылы танығанымен, оның бейнесі көп адамның жадында ең алдымен «Көксерек» фильмімен байланысты сақталды. Бұл фильмде ол Ақанғұлдың рөлін ойнады. Табиғатқа мейіріммен қарамайтын, қасқырды тек қауіпті жыртқыш ретінде қабылдайтын, ішкі мінезі ауыр адам бейнесі экранда сенімді шықты. Әсіресе, оның көп сөйлемей, кейіпкердің мінезін көзқарас пен үнсіздік арқылы беруі көрермен есінде қалды.

Аурушаң баладан халық әртісіне дейін. Сүйменқұл Шоқморов 1939 жылы қазіргі Қырғызстан аумағындағы Шоң-Таш ауылында дүниеге келді. Болашақта экранда ірі денелі, қайсар мінезді адамдардың бейнесін сомдаған актердің балалық шағы ондай әсер қалдырмайтын. Ол жас кезінде ауыр сырқатпен ұзақ уақыт күрескен. Кейбір деректерде оның аяққа тұруының өзі қиын болғаны айтылады. Денсаулығына байланысты көп уақытын еммен өткізген кезеңдері болған. Кейінгі өміріне қарағанда бұл жайтты бірден елестету қиын. Өйткені көрермен жадында Шоқморов көбіне физикалық тұрғыдан мығым, сабырлы, ішкі қуаты бар адам ретінде сақталды. Бірақ оның өмір жолы дайын қалыптасқан актердің жолы емес еді. 

Жастық шағында ол волейболға қызығып, кейін бұл спортпен кәсіби деңгейде айналысқан. Ленинградта оқып жүрген кезінде студенттік құрама сапында ойнағаны туралы деректер кездеседі. Бұл кезең оның мінезін де қалыптастырған сияқты. Кейінгі кино образдарына қарағанда, Шоқморовта артық қимылсыз ұстамдылық, ішкі тәртіп байқалады. Мұндай қасиеттердің қалыптасуына спорттың да әсері болған болуы мүмкін.

Ол мектеп бітіргеннен кейін өнер жолына бірден актер ретінде келген жоқ. Алдымен бейнелеу өнеріне бет бұрды. Бұл таңдау да кездейсоқ емес еді. Шоқморов сурет салуға ерте қызыққан. Сондықтан үлкендердің кеңесімен Ленинградтағы И. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына түседі. Сол кезеңде бұл оқу орны Кеңес Одағындағы ең беделді көркемөнер мектептерінің бірі саналатын. Ленинградтағы жылдар оның дүниетанымына үлкен әсер етті. Ол кәсіби суретшілік білім алды, академиялық мектептен өтті, классикалық бейнелеу өнерімен жақын танысты. Кейінгі естеліктерде Шоқморовтың суретші ретінде өте ұқыпты, байқағыш адам болғаны жиі айтылады.  Институттан кейін ол біраз уақыт Фрунзедегі (қазіргі Бішкек) көркемсурет училищесінде сабақ берді. Яғни, киноға дейінгі өмірінде ол кәсіби суретші әрі педагог ретінде қалыптасып үлгерген еді. 

Киноға кездейсоқ келген суретші. Сүйменқұл Шоқморовтың киноға келу жолы көп актерлердің өмірбаянына ұқсамайды. Ол бала кезінен театрға барып, актер болуды армандаған адамдардың қатарынан емес еді. Яғни киноға арнайы актерлік дайындықпен келген жоқ. Оның сөйлеу мәнерінде де, ойнау тәсілінде де театрлық әсірелеу байқалмайды. Керісінше, Шоқморовтың ерекшелігі – артық әрекетсіз ойнауында болды. Ол кейіпкердің мінезін үлкен қимылмен емес, бет әлпет, үнсіздік, көзқарас арқылы жеткізе алатын. Кейін сыншылар да оның осы табиғи ерекшелігін жиі атап өткен.

Шоқморовтың экрандағы болмысына сырт келбеті де әсер етті. Оның бет-пішіні, сабырлы отырысы, ірі дене бітімі тарихи және психологиялық фильмдерге сай келді. Зерттеушілердің жазуынша, ол сыртқы келбеті арқылы ғана есте қалған актер емес. Оның рөлдерінде ішкі тыныштық пен салмақ сезіліп тұратын. Сондықтан көп көрермен оны кәсіби актер емес, сол өмірді өз көзімен көрген адам сияқты қабылдады.

Кино әлеміне келуі де белгілі бір деңгейде кездейсоқ болды. Ашық деректерге көз жүгірсек, оны алғаш байқағандардың бірі – режиссер Болот Шамшиев. Кейін Шоқморов «Қызыл алма» фильміне түседі. Осы фильмнен кейін оның кино саласындағы мүмкіндігі анық байқала бастайды. Бір  қызығы, Шоқморов ұзақ уақыт бойы өзін толықтай актер ретінде қабылдай қоймағаны туралы пікірлер кездеседі. Ол бейнелеу өнерінен қол үзген жоқ, сурет салуды жалғастырды.

Қазір оның суретшілік мұрасы туралы көп айтылмайды. Бірақ Қырғызстандағы музей қорларында жүздеген жұмысы сақталғаны белгілі. Оның портреттері мен графикалық еңбектерін көрген адамдар көбіне бір нәрсені байқайды. Өнертанушылардың пікірінше, Шоқморов суретте де адамның сыртқы келбетінен гөрі ішкі мінезіне назар аударуға тырысқан екен.

Сүйменқұл Шоқморов туралы айтқанда Шыңғыс Айтматов шығармаларын айналып өту қиын. Қырғыз киносының тарихында бұл екі есім ұзақ уақыт қатар аталып келеді. Айтматов прозасы арқылы қалыптасқан кейіпкерлер әлемі мен Шоқморовтың экрандық болмысы бір-біріне табиғи түрде сәйкес келгендей әсер қалдырады. Ол «Жәмила», «Қызыл алма», «Ерте келген тырналар», «Тянь-Шань» сияқты фильмдерге түсті. Бұл фильмдердің бәрінде бір ортақ ерекшелік бар: мұнда кейіпкерлердің ішкі жағдайы алдыңғы қатарға шығады. Шоқморов дәл осындай кинода өзін табиғи көрсете алды. Мысалы, «Қызыл алма» фильмінде оның ойнау тәсілі ерекше байқалады. Бұл фильмде үлкен драмалық әрекеттен гөрі адамның ішкі тыныштығы мен жалғыздығы маңыздырақ. Шоқморов мұндай атмосфераны асыра ойнамай жеткізе алды. Кейде оның үнсіз отырған сәттері ұзақ диалогтан да әсерлі көрінеді.

Шыңғыс Айтматовтың өзі де Шоқморов туралы жылы пікір қалдырған. Ол актердің ішкі тазалығы мен сенгіш мінезі туралы айтқан естеліктерінде экрандағы ауыр бейнелердің артында өте қарапайым адам тұрғанын көрсетеді. Бұл жерде тағы бір ерекшелік байқалады: Шоқморовтың өмірдегі мінезі мен экрандағы кейіпкерлері бірдей болмағанымен, олардың арасында ортақ бір қасиет бар еді. Ол – ішкі шынайылық.

«Көксерек»: қазақ көрермені ұмытпаған рөл. Сүйменқұл Шоқморовтың шығармашылығында әртүрлі фильмдер бар. Ол тарихи драмаларға да, психологиялық фильмдерге де түсті. Бірақ қазақ көрермені үшін оның есімі көбіне «Көксерек» фильмімен бірге аталады. Бұл фильмдегі Ақанғұл бейнесі көлемі жағынан аса үлкен рөл болмағанымен, көрермен жадында сақталып қалған образдардың біріне айналды.

Білетіндердің жазуынша, Шоқморов бұл рөлді артық эмоциясыз ойнады. Оның кейіпкері көп сөйлемейді, өзін түсіндіруге тырыспайды. Бірақ мінезі бірден сезіледі. Бұл жерде актердің басты ерекшелігі байқалады: ол кейіпкердің ішкі күйін сыртқы әрекеттен гөрі үнсіздік арқылы бере алатын. Сондықтан Ақанғұл көрермен есінде айқайымен немесе қимылымен емес, ішкі салмағымен қалды.

Қазақ көрермені бұл рөлді неге ұмытпады деген сұраққа бірнеше себеп айтуға болады. Біріншіден, «Көксерек» қазақ киносының маңызды фильмдерінің бірі болып қалды. Екіншіден, Ақанғұл образы қазақ әдебиетіндегі және киноcындағы табиғатқа үстемдікпен қарайтын адамның типін нақты көрсетті. Үшіншіден, Шоқморовтың сырт келбеті мен актерлік тәсілі бұл рөлге өте сәйкес келді.

Қызығы, өмірдегі С. Шоқморов туралы естеліктер экрандағы Ақанғұлға ұқсамайды. Замандастары оны өте қарапайым, жұмсақ мінезді адам ретінде сипаттайды. Бұл айырмашылық оның актер ретіндегі мүмкіндігін де көрсетеді. Өйткені көрермен көп жағдайда актерді рөлімен бірге қабылдайды. Ал Сүйменқұл өмірдегі мінезі басқа бола тұра, экранда ауыр әрі қатал адамның бейнесін сенімді шығара алды. Әсіресе көрермендің пікірінше, кадр ішінде арнайы жасалған актерлік эффект арқылы емес, сол ортаның адамы сияқты қабылданады. Сондықтан фильмдегі образ жасанды әсер қалдырмайды

Сүйменқұл Шоқморовтың өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі — денсаулығына байланысты жылдар болды. Көрермен экраннан ірі тұлғаны, физикалық тұрғыдан мықты адамды көргенімен, оның өмірінің соңғы бөлігі ұзақ сырқатпен күреспен өтті. Бұл туралы кейінгі естеліктер мен мақалаларда жиі айтылады.

Деректер бойынша, оның бүйрек ауруы кино түсірілімі кезіндегі медициналық тексерулерден кейін анықталған. Кейін бұл дерт ұзақ жылдарға созылды. Біртіндеп дәрігерлік бақылау, шектеу, ем өмірінің күнделікті бөлігіне айналған. Кейбір естеліктерде дәрігерлер оған күніне өте аз мөлшерде ғана сұйықтық ішуге рұқсат бергені жазылады. Сол себепті Шоқморов бір стақан суды бірден ішпей, ұзақ уақытқа жеткізуге тырысқан. Кейде судың бір бөлігін мұз етіп қатырып, аз-аздан ерітіп жейтіні туралы да айтылады. Бірақ Сүйменқұл  туралы естеліктерге қарағанда, ол бұл кезеңді сыртқа көп көрсетпеген сияқты. Денсаулығы нашарлағанына қарамастан, өзін аяғанды ұнатпағаны айтылады. Ол шығармашылықтан толық қол үзген жоқ, сурет салуын жалғастырды, адамдармен араласуын тоқтатпады.

Сүйменқұл Шоқморов өмірінің соңғы жылдарында да қырғыз мәдениетіндегі ең танымал тұлғалардың бірі болып қалды. Оның экрандағы бейнесі көрерменге әлдеқашан таныс еді. Бірақ уақыт өте келе адамдар оның нақты бір рөлінен бұрын жалпы болмысын есте сақтай бастады. Көпшілік үшін Шоқморов белгілі бір фильмдегі актер ғана емес, тұтас бір кезеңнің бейнесіне айналды.

1992 жылы Сүйменқұл Шоқморов қайтыс болды. Ол кезде жасы елуден енді асқан еді. Өмірінің соңғы кезеңіндегі ұзақ сырқат оның денсаулығын қатты әлсіретті. Бірақ кейінгі естеліктерде оның өмірінің бұл бөлігі трагедия ретінде емес, тағдырдың бір кезеңі ретінде айтылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары