Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Бетперде киген және пышағы бар балалар алматылықтарды шошытты: полиция нені анықтады

Биыл 19 мың мас жүргізуші ұсталған

Биыл 19 мың мас жүргізуші ұсталған

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Биыл жыл басынан бері 19 мың мас жүргізуші ұсталған.

11 миллионнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі мәлімдеді. Құзырлы орган өкілдері қауіпсіздікті арттыру бойынша цифрлық жүйені енгізу жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, автоматтандырылған бейнебақылау камералары, мобильді кешендер, «жасырын» патрульдеу жүйелері қолданылуда. Мәселен, «Қорғау» жүйесінің көмегімен 48,6 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Апатты аймақтарды дрондар торуылдап жүр. Бұл құрылғылардың көмегімен 4 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген. Ал жиынға жиналған депутаттар, жол апатына жиі ұшырайтын альфард көлігіне тоқталды. Айтуларынша, оларға арнайы тексеріс жүргізілмейінше, қайғылы жағдайлардың алдын алу қиынға соғады.

Болатбек Нәжметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде жолаушыларды тасымалдау ережесі бар. Ол коммерциялық тасымалдау туралы, яғни жүк немесе адамдарға арнарған. Соның аясында көліктерге білгілі бір талаптар қойылған. Бірақ соған қарамастан “альфард” көліктері жол апатына жиі ұшырап жатады. Олар заңсыз жұмыс істейді. Тасымалдаушыларға қауіпсіздік пен жұмыс уақытына байланысты талаптар бар. Мысалы, жүргізушінің 8 сағаттан артық көлік айдауына болмайды. Ал “альфард” жүргізушілері тәулік бойы тоқтаусыз жол жүріп жатыр.   

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес те қарқынды екенін айтады. Биыл шекара арқылы елге кірмек болған 26 тоннадан астам есірткінің жолы кесілген. Нәтижесінде 1 тоннадан астам “синтетика” айналымға жіберілмеді. Бұдан бөлек 16 ұйымдасқан қылмыстық топ, 12 есірткі зертханасы мен 93 фитозертхана жойылған. Бұл іске қатысты елде қатаң санкциялар көзделген. Ескірткіні медицинадан басқа мақсатта қолданғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осындай 3600-ден астам дерек тіркеліпті. Есірткі сатқандар мен өндірушілерге қарсы қолданалатын жаза өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:

- Темір тордың арғы жағында отырғандардың 10%-ы есірткі қылмысына қарсы ұсталғандар. Енді есірткі тұтынушылар денсаулық сақтау органдарының статистикасына сәйкес, бүгінгі таңда 17 мыңнан асып жығылады 18  700 нақты айтатын болсақ, 1600-і әйел адам. 45 жасөспірім. Есірткі сатушыларға келетін болсақ 1200-і босап шықты. Оның 51-і бізге волонтер ретінде көмектесіп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 23:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see145

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see144

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see141

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see137

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see137

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see136

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see130

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see130

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see128

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see126

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see123

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see121

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see118

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see109

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see107

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see106

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see106

Бетперде киген және пышағы бар балалар алматылықтарды шошытты: полиция нені анықтады

12 Қазан 2026 16:53see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары