Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Bloomberg агенттігі миллиардерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Илон Маск бастады. Ал сән-салтанат тауарлары саласындағы француз миллиардері Бернар Арно алғашқы ондықтан шығып, 11-орынға сырғыды. Оның орнына ТОП-10-ға 96 жастағы инвестор Уоррен Баффет енді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Биыл әлемдегі ең бай он адамның барлығы - АҚШ азаматтары. Былтыр алғашқы ондықтағы жалғыз америкалық емес кәсіпкер Бернар Арно болса, биыл оның орнын Уоррен Баффет басты.
Миллиардерлер индексіндегі үздік ондық келесідей:
1-орын. Илон Маск (Tesla компаниясы), дәулеті 918,8 миллиард доллар.
2-орын. Ларри Пейдж (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 286 миллиард доллар.
3-орын. Джефф Безос (Amazon компаниясының негізін қалаушы), дәулеті 274 миллиард доллар.
4-орын. Сергей Брин (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 266 миллиард доллар.
5-орын. Майкл Делл (Dell Technologies компаниясының басшысы), дәулеті 245 миллиард доллар.
6-орын. Марк Цукерберг (Meta* компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 229 миллиард доллар.
7-орын. Ларри Эллисон (Oracle компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 208 миллиард доллар.
8-орын. Дженсен Хуанг (Nvidia компаниясының бас атқарушы директоры), дәулеті 181 миллиард доллар.
9-орын. Стив Баллмер (Microsoft-тың бұрынғы бас директоры және «Лос-Анджелес Клипперс» баскетбол клубының иесі), дәулеті 172 миллиард доллар.
10-орын. Уоррен Баффет (инвестор), дәулеті 144 миллиард доллар.
Бұл қандай рейтинг?Bloomberg миллиардерлер индексі - әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылы іске қосылған. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:177
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 17:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















