Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Боксшыны бұлай айтуға кім итермеледі? : Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тың ақпарат айтылды

Боксшыны бұлай айтуға кім итермеледі? : Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тың ақпарат айтылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кәсіпқой бокс әлемінде аты шығып тұрған Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілігіп, желтоқсандағы жекпе-жегіне шығудан шеттетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ көпшіліктің көкейіндегі сұрақ біреу. Оның спорттан гөрі діни риторикаға ден қоюы мен букмекерлік жүйеге ашық қарсы шығуы өзіне «аяқтан шалу» болып тигені ме? Боксшыны даулы мәлімдемелерге итермелеген орта кім және оның мансабына қауіп төндіріп тұрған күш қандай? Бұл туралы журналист Ораз Әлімбек желідегі парағына жазба жариялап, өз пікірін білдірді.

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы неге «өзі отырған бұтақты аралап» жатыр?

Неге оның санасын діни түсінік жаулап алды?

Америкада кәсіпқой бокспен шұғылданып жүрген Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегіне шықпайды. Ресми мәлімет бойынша, оның қанынан допинг табылыпты. Кейбір сарапшылар «спортты уысында ұстап отырған, спортшыларды «жатқызып-тұрғызатын» букмекерлік компаниялар бәс (ставка) тігуге қарсы болған Жәнібектің «аяғынан шалып жатыр» дегенді айтты. Бұл сөздің де жаны бар, өйткені Жәнібек Әлмханұлы жалпы спорт та болсын, басқа жағдайда да болсын, бәс тігуге қарсы болып бірнеше мәлімдеме жасады. Оның қарапайым халықтың қамын күйттеген мәлімдемесінің астарында букмекерлік бизнес «харам» дегенге саятын ой жатыр.

Осы тұста Ж.Әлімханұлы «медалінің екінші бетіне» үңілейікші. Әлемдегі қызық спорттың бәрінде букмекерлік компаниялар басты спонсор. Бумекерлер «Кім жеңеді?», «Қаншасыншы минутта нокаут (гол) болады?» деген мыңдаған сұрақ қойып, миллиондаған адамға бәс (ақша) тіккізеді. Содан миллиондаған доллар қаржы жинайды. Сол қаржының қомақты бөлігін қайтадан жекпе-жек жарыстарға, футбол матчтарын өткізуге бөледі. Тіпті, спортшылардың сыйақы қорына да букмекерлер көп ақша бөледі. Ал боксшы Жәнібек Әлімханұлы шыркөбелек айналып тұрған осы жүйенің дөңгелегіне таяқ тығып тоқтатып тастағысы келеді. Оның бұл қылығы «өзі отырған бұтақты өзі кесіп» тастағандай әрекет. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген сөзді түсінбей қалған сияқты біздің боксшы. Егер Ж.Әлімханұлы бүйте берсе, әлемдік букмекерлік жүйе оны әпсәтте «шайнап-шайнап» спорттың күресініне қарай түкіріп тастайды. Осыны боксшы түсінбей бе?!.

Әрине, Жәнібек Әлімханұлы боксымен ғана шұғылдану керек еді. Ал ол діни түсініктегі уағыз айтып кетті. Осы тұста «Оның санасына діни түсінік тықпалаған кім?» деген сұрақ туындайды. Егер боксшының айналасын қарасақ, бірден Берік Сұлтан деген журналист көзге түседі. Ж.Әлімханұлының әлгі мәлімдемесінің астына Б.Сұлтан «Халықты ойлаған, ұлтына алаңдаған ЧЕМПИОН! Халықтың чемпионы!» деп, одан әрі отқа май құйып, орға итермелегендей пікір жазыпты. Соны көріп, Жәнібекті букмекерлерге қарсы айдап салып жүргендердің бірі осы ма деп қалдым да, одан әрі Жәнібек Әлімханұлының Қазақстандағы спонсорларын іздедім. Сөйтсем, боксшыны қолдаушылардың бірі атақты бизнесмен Кеңес Ракишев екен. Ол да мешіт салып, мешітті әкесінің атымен атаған мұсылманшылығы басым азамат қой. Оның ықпалында қажылықпен шұғылданатын туристік компания бар. Қысқартып айтсақ, Кеңес Ракишев те діни саналы бизнесмендердің қатарына жатады. Қазақта «көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген жаман насихат бар ғой. «Боксшы Жәнібек Әлімханұлының санасына да өзі тығыз араласатын ортасы спортқа жат осындай діни нарративті тығып жіберді ме екен...» деп ойға шомып отырмын,-деп жазды Журналист Ораз Әлімбек facebook пaрaқшaсына.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Желтоқсан 2025 14:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары