Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

БҚО да қоқысты өртеу арқылы электр қуатын өндіретін кәсіпорын салынады

БҚО да қоқысты өртеу арқылы электр қуатын өндіретін кәсіпорын салынады

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Батыс Қазақстан облысында қоқысты өртеу арқылы электр энергиясын өндіретін кәсіпорын салынбақ.

Қазір жобаның құжаттары рәсімделіп жатыр. Одан басқа өңірден тағы екі жоба ұсынылды. Бірақ мұнымен қалдықты кәдеге жарату мәселесі түбегейлі шешілмейді. Облыста жыл сайын 130 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналса, соның 22 пайызы ғана өңделеді. Ал қалғаны өртеліп көміледі.

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

-Қалдықтан қамқа, тозықтан торқа жасап, қажетсіз қоқыстарды қадеге жаратушы кәсіпкерлердің қатары Оралда көбейіп келеді. Солардың бірі Зашаған кентіндегі мына біз тұрған шағын цех. Осы жерде айына 20 тонна полэтилен мен пластмасса қалдықтарын қайта өңдеп, 600 шаршы метрдей мынадай өрнектас және аяқжол плиталарын шығарады.

Цехта небәрі үш адам еңбек етеді. Бірі арнайы агрегатпен қоқысты ұсақтап тұрса, екіншісі балқытатын пешке жауапты. Ал үшіншісі дайын қоспадан өрнектас жасайды. Қоспа пластмасса, полиэтилен және кварц құмынан құралған. 

Нұртас Ерешев, цех қызметкері:

- Бәрін араластырып мына жерге шығарамыз да, содан кейін құятын агрегатқа саламыз. Мынау пеш. Пештен дайын тауар шығады. Оны таразыға салып өлшеп,  пресске салып қысып, екі минуттан кейін төрт плитка шығады. Дайын тауар.

Дәл қазір цехта 5 мың шаршы метрдің дайын өнімі текшеленген. «Қалдықтан жасалған өрнектас әдеттегі бетонға қарағанда өте сапалы. 30 жылға шыдайды. Себебі бойына ылғал сіңірмейді. Күннің сәл шуағы болса бетіндегі қар өзі еріп кетеді», -  дейді кәсіпкер.

Николай Әділов, кәсіпкер:

- Тағы бір престейтін қондырғымыз бар. Өндіріс қуатын бұдан екі есе арттыра аламыз. Бірақ шикізат тапшы. Пластикті базарлардан жинаймыз. Қиыны полиэтилен жетпейді. Оның қоқыс полигонынан сатып аламыз. Әттегенайы бізде қалдық сұрыпталмайды. Далада, көшеде целлофан қапшықтар қалықтап жүргенімен оны жинап, тапсыруға ешкім құлықты емес. Себебі өте жеңіл, салмағы жоқ.

Өңірде қалдықты сұрыптаумен екі ірі кәсіпорын айналысады. Оралдағы кешеннің жылдық қуаты 100 мың, Ақсайда 5 мың тонна. Облыс орталығында үш экопункт жұмыс істеп тұр. Одан бөлек қалдық жинайтындар мемлекеттен субсидия алады. Бұл мақсатқа биыл 9 млрд теңге бөлінді.  

Дархан Закарин, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Экоқолдау жүйесіне тіркеледі тапсырушы да, жинаушы да. Сосын  тапсырылған өнімге «Жасыл даму» АҚ арқылы қосымша қаржы төленеді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың түріне, санатына байланысты.  Мысалға полиэтилен қалдықтарын жинап тапсырғаны үшін әр тоннасына 71 мың теңге төленеді.

Дегенмен, қалдық жинауға аудан-ауылдағы кәсіпкерлердің қызығушылығы төмен. Себебі өңірде оны алатын ірі өңдеуші кәсіпорындар жоқ. «Осы олқылықтың орнын толтыру келер күннің еншісінде», - дейді экологтар. Қазір қоқысты өртеп, электр қуатын өндіру жобасы бар.

Дархан Закарин, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Өртеу арқылы электр энергиясын өндіру үшін жасалып отырған жоба. Жобаның құны 11 млрд теңге. Қазір сол «Жасыл даму» АҚ арқылы құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ол зияны болмайды. Жоба барлық сараптамадан өтеді. Экологиялық және өзінің рұқсат амалдары алынғасын, іске қосылатын болады. Әзірге жобаны қаржыландыру мәселесі бойынша компания жұмыстанып жатыр.

Қалдықты қайта өңдеу ісі өңірде кенже қалған саланың бірі. Жылына 130 мың тонна қалдық шығарылса, соның 22% ғана қайта өңделеді.

Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары