Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Натрий цианид өндіретін кәсіпорын

Натрий цианид өндіретін кәсіпорын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жамбыл өңірі ондаған жылдан бері химия өнеркәсібінің локомотиві екені баршаға мәлім. Елімізде натрий цианидін өндіретін алғашқы зауыт облыс аумағындағы Талас ауданында бой көтерді. 2023 жылы «Talas Investment» ЖШС шет мемлекеттерден тасымалданатын шикізатқа деген тәуелділікті түбірімен жойды.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері кел­тірген ресми дерекке жүгінсек, алтын өнді­рісіне айрықша қажетті бағалы металды басқа қоспалардан ажырату мақсатында қолда­нылатын реагент Жамбыл облысында өндіріліп жатқанына да он жылдан асып кетті. Бұл жұмысты қолға алған «Talas Investment» ЖШС-нің жұмысы толықтай бір жүйеге түскен.

Қазір Жамбыл облысында бірнеше іргелі зауыт салынып жатыр. Химия өнеркәсібін өркендетуге ден қойған өңірде тағы бір натрий цианидін өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталғаны көңіл қуантады.

Шу ауданы аумағында бой көтеретін жаңа кәсіпорын Мемлекет басшысының өңір­лерге инвесторлар тарту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Өңір басшысы Ербол Қара­шөкеев келтірген дерекке жүгінсек, қазіргі кез­де еліміздегі фосфор, аммофос, натрий цианид то­лықтай Жамбыл облысындағы химиялық кә­сіп­­­орындарда өндіріледі. Бұл бағыттағы ауқым­ды жұмыс алда­ғы уақытта да тоқтамақ емес.

Мамандардың айтуынша, Шу ауданы аумағындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан жаңа зауыттың мүмкіндігі мол. Ірі инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Алдағы уақытта мұнда жергілікті азаматтар жұмысқа қабылданады. Жобаның жалпы құны – 68 млрд теңге. Натрий цианид өндіретін іргелі кәсіпорынның жылдық қуаты 25 мың тоннаны құрайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ертеңі мен әлемдік деңгейдегі беделі әуелі елге тартылған инвес­ти­цияға байланысты еке­нін үнемі айтады. Сондықтан өңірге әлеуетті инвесторларды шақы­рып, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ден қойып отырмыз. Атқарылған жұмыс аз емес. Жаңадан бой көтеріп жатқан зауыттар да жеткілікті. Енді сол кәсіпорындардың құрылысын мерзімінде аяқтаудың маңызы зор. Жаңа өндіріс ошақтарын іске қосу, инновациялық технологияларды енгізу, ғылыми негізделген өнім шығару – Жамбыл облысының алдағы жылдардағы басым бағыты. Натрий цианид өндіру жобасы өңірдің экономикалық қуатын арттырып, еліміздің өнеркәсіп­тік әлеуетін күшейте түседі. Маңызды бастаманы табысты іске асыратынымызға сенімдімін. Іргелі зауыттың іске қосылуы алтын өндіру өнеркәсібінің стратегиялық қауіпсіздігін арттырып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге, импортты алмастыруға мүмкіндік бере­ді. Сол тұрғыдан алғанда кә­сіпорынның маңызы зор. Ең бас­­ты­сы, жаңа кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын құруға мол мүм­кіндік туғызады», дейді облыс әкімі.

Тоғыз жолдың торабы саналатын Шу ауданында салынып жатқан зауыт басшыларының айтуынша, мұнда өндірілген өнім отандық нарықты қамтып қана қоймай, көршілес Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моң­ғо­лия секілді бірнеше мемлекетке экспортталады екен. Жаңа зауыт 2027 жылдан бастап толық қуатында жұмыс істейді.

«Ауқымды жобаны жүйелі түрде жүзеге асыруға барынша күш салып жатырмыз. Алдағы уақытта мұнда 250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Зауытқа жұмысқа қабылданатындардың 96%-ы еліміздің азаматтары еке­нін айта кеткен ләзім. Жұмысқа тәжірибесі толысқан жергілікті мамандарды, сонымен қатар техникалық университеттердің түлектерін тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіпорында жұмыс істеудің өзіне тән ерек­ше­лігі бар. Зауыт заманауи химиялық өндіріс ошағы санатына енгендіктен, мамандар үнемі ізденіс үстінде жүруі керек. Сондықтан оларды оқытуға, кәсіби біліктілігін ұдайы шыңдап отыруға айрықша назар аударамыз. Сонда ғана қолға алған жобамыздың жемісін көреміз. Біздің ұстаным осы», дейді «Altynalmas Reagents» ЖШС бас директоры Уәлихан Атагелдиев.

«Talas Investment» ЖШС бас директорының орынбасары Әбдіғали Жүнісов натрий цианидке бірнеше мемлекеттен сұраныс артып отырғанын мәлімдеген еді. Қазір аталған зауыттың екінші кезеңін жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Соған қарағанда натрий цианидке деген сұраныс жыл өткен сайын артпаса, кемімейтін секілді.

Жалпы алғанда, осы жылдың он айының қорытындысында өңірге 553,6 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың он айымен салыс­тыр­ғанда 38,3%-ға артқан. Нәти­жесінде Жамбыл облысы инвес­тиция тарту жөнінен еліміздегі үздік үш өңірдің қатарына қосыл­ған.

Жыл басынан бері өңірде жалпы құны 21 млрд теңгені құ­райтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Атқарылған ауқымды жұмыс нәтижесінде 282 жаңа жұмыс орны құрылған. Өңір басшысы Е.Қарашөкеев бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға құлшынып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Ресми дерекке сенсек, облыстың инвестициялық қоржынында 2028 жылға дейін іске асырылуы жоспарланған, 6,4 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 62 жоба бар. Олардың жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайды. Аталған жобалар­дың 12-сі шетелдік инвесторлар­дың қатысуымен жүзеге асы­­­­­­рылады.

Жамбыл облысы,

Шу ауданы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see124

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары