Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Шаруаларға шарапаты тиген кәсіпорын

Шаруаларға шарапаты тиген кәсіпорын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Көкшетауда орналасқан «Kazrost Engineering» компаниясы – өңірдегі ауыл шаруашылығына серпін беріп отырған кәсіпорын. Ілкідегі «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын қайта жаңғыртып, заманауи техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын жұмысы өрге басқан сайын ауыл шаруашылығына септігі тиіп келеді.

Өтпелі кезеңнің қиын түйінінің бірі – ауыл шаруашылығы саласындағы техниканың әбден тозығы жетіп, диқан­дар бір қолын екі ете алмай, сансы­раған сәті еді. Кейін мемлекеттік қол­даудың және инвестицияның арқа­сында мәселе шешіле бастады. Қазір кәсіпорын 12,1 гектар алаңда ас­тық комбайндарын шығаруда. Осы алаңда екі өндірістік цех орналасқан. Өздері­нің теміржол тұйығы. 2025–2026 жыл­дары жаңа заманғы металл өң­­дейтін құрылғылар сатып алу көз­­делген. 2021 жылдан бастап «ҮТО» бренді тракторларының конве­йер­­лік өндірісі жолға қойылды. Бір айта кетер­лігі, жеке компания – «Ростсельмаш» брендінің ауыл шаруа­­шы­­л­ығы техникасының отандық өндірушісі.

– Кейінгі жылдары ком­байнның 40 пайызы өз елі­міз­де өндірілетінін айта ке­­туі­міз керек, – дейді кә­сіпорын ­басшысы Азамат Жақыпов. – Біз осы жылдар ішінде 2 300 комбайн, 4 500 комбайнға қажетті жатка, сабан турағыш тәрізді құ­рыл­ғыларды шығардық. Кәсіп­орынның өндірістік қуаты жы­лына 700 комбайн мен 9 тү­рлі 1 000 трактор шығаруға қауқарлы. Жыл өткен сайын диқандарға ұсы­натын техника түрлері көбейіп келе­ді. Бұл арада айта кететін бір мәсе­­ле, Қазақстанда өндіріл­ген қажет­ті бөл­шектер хақында. Өз өні­мі­міздің үлес салмағы өссе, комбайн бағасының тиісті мөлшері ел есебі­не жатады. Кәсіпорында 275 адам еңбек етеді. 2020 жылы өндіріске ­4,8 млрд теңге инвести­ция құйылған.

Өңір диқандарының ой­лаған жерінен шығып отыр­ған заманауи астық комбайн­дары мен тракторлар дайындайтын компанияның өндіріс алаңын аралап көрдік. Қажетті металдарды кесетін, иетін, өңдейтін, бояп кептіретін, дәнекерлейтін заманауи станоктардың жанында жұмыс қайнап жатыр. Жаңа заманғы құрылғылармен қаруланған жұмысшылар бес түрлі комбайнның ондаған данасын құрастыруда. Бір айта кетерлігі, еліміздегі ауыл шаруашылығы құрылым­дарының сұранысына орай трактордың 9 түрін шығарады екен. Оған қоса қуаты әр­қилы тағы бірнеше трактор үлгісі құрастырылмақ. Жер­гілікті жерде жұмысқа ың­ғай­лылығы, ұзақ уақытқа шыдас беретін, беріктігі нақты тәжірибеден өткеннен ке­йін ауыл шаруашылығы құры­лымдарының сеніміне ие болған.

Міне, металл кесу цехы. Қажетті металл ал­дын ала дәл өлшеніп, компьютер бағ­дар­­лама­сына енгізілгеннен кейін әп-сәтте қол­мен қойғандай етіп ойылып алынады екен. Цех­тағы жұмыстың бәрі қа­лыпты ырғақпен, еш мүл­­тік­сіз атқарылып жатыр. Жұ­мыс­шылар да күн­делікті ма­шық­ты істерін атқарып жатыр. Таяқ­тастам жердегі дәнекер­леу ­аппараттары орна­­тылған ­цехта да бір ырғақты жұмыс жү­ріп жатыр.

– Кәсіпорындағы бір түйткілді мәселе – білікті кадр­дың жетіспеушілігі. Біздің кә­сіп­орында негізінен бұрынғы механизаторлар жұмыс істей­ді. Орташа еңбекақы көлемі айына 430 мың теңгеден келеді. Маусымдық қарбалас жұмыс кезінде екі ауысыммен жұмыс істейміз. Міне, сол сәтте әрбір жұмысшы өзінің атқарған ісіне орай табыс табады. Нақтылап айтатын болсақ, еңбекақы мөлшері 600–700 мың теңгеге дейін жетеді. Тасымалдау үшін автобус бөлдік, тегін тамақтандырамыз. Бар­лық әлеуметтік жағдай қарас­ты­рылған. Әйтсе де көктемгі егіс, күзгі егін орағы кезінде жұмысшылар көбірек табыс табу үшін ауыл шаруашы­лығы құрылымдарына, мау­сымдық жұмысқа кетіп қалады. Қыста оларда жұмыс болмаған­нан кейін бізге келеді. Облыс орталығы шағын бол­ғанымен, біздің кәсіпорын тәрізді ондаған ұжым жұмыс істейді. Осы ұжымдардың көпшілігі мамандарға зәру. Біз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен меморандумға қол қойдық. Олардың студенттерін тәжі­рибеден өткізіп, болашақ үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қалада бірнеше кәсіптік-техникалық білім беретін колледж бар, солай бола тұра табысы мол кәсіп­орын жұмыс­шы күшіне зәру болып отыр. Мұның арғы жағында жастардың жұмыстан қол үзіп кетуі деген үлкен мәселе жатыр, – дейді Азамат Темір­ғалиұлы.

Кәсіпорын басшысының айтып отырған мәселесі өте орынды. Шағын қала үшін жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырған ұжымның мүшелерімен, яғни қара­пайым еңбек адамдарымен де тілдестік.

– Кәсіпорындағы жұмысы­мызға разымыз, өзім осы кәсіп­орынға жұмысқа орналас­­­қалы бес жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қатардағы жұмыс­­­­­шы­дан цех шеберіне дейін көте­ріл­дім. Толымды жалақы­мыз уақтылы қолы­мызға тиеді, оның үстіне сыйақымыз бар. Кәсіпорын еңбек адамдарын ортақ іске ұйымдастыру бағытында тәп-тәуір жұмыс істеп жатыр. Мереке­лерді атап өтеміз. Әсіресе, Наурыз мерекесі кезінде кәсіп­орын жұмысшылары бір серпіліп қалады. Еңбек ада­мының тың­ғылықты атқа­рылған еңбегі бағаланады, өзім бірнеше мәр­те Алғысхаттарға ие болдым. Әріптестерім де еңбектерінің ақталғанына разы, – дейді цех шебері Сексенбай Жаңабай.

Көптен жұмыс істейтін тәжірибелі жұмыс­­шылар жас­тарды үйретуге ықыласты. Облыс орта­лығындағы кәсіп­тік-техникалық колледж­дердің білім алушылары дуальді оқы­ту жүйесі бо­йынша тәжірибе­ден өткен кезде ағалық қам­қорлығын көрсетеді. Өйткені ел ертеңі баршаға ортақ.

Өңірдегі диқандар да қуат­ты техникалар­дың қауқарына тәнті. Қазір механизатор­лар­дың жетіспеушілігі көпші­лікті алаң­датып отырғаны бел­­гілі. Түбінде барлық ауыл шаруашылығы құрылым­дары дәл осындай жаңа техникамен қапысыз жарақтанса, аса көп механизаторлардың қажеті болмай қалуы әбден мүмкін. Бұрынғыдай бір күн жүрсе, екі күн тоқтап тұра­тын тозған трактордың үш-төртеуінің жұмысын жалғыз өзі атқаратын жалғыз трактордың жұмы­сы өнік. Алқаптағы астық комбайндары да дәл осындай. Кә­сіп­орын басшысының айтуына қарағанда, бұлардың астық комбайндары мен тракторлары еліміздің барлық өңірінде сұранысқа ие. Ең бастысы, сервис жұмысы жолға қойылған. Егер көктемгі егіс немесе егін орағы кезінде техника істен шыға қалса, кәсіпорын мамандары 24 сағаттың ішінде жөндеп, қатарға қосуға дайын.

– Бұл өте маңызды шаруа, халқымызда «күздің бір күні жылға азық» дейтін аталы сөз бар емес пе? Ашық күннің әрбір сәтін тиімді пайдалану керек қой. Сондықтан біз өзі­міздің жауапкершілігімізді арт­тырып, көмек қолын созуға дайынбыз, – дейді кәсіпорнын басшысы.

Дарқан дала төсінде тынымсыз еңбек етіп жатқан дала ерлері дәл осындай техника­лармен жарақтанса, ел ырызды­ғының еселене түсетіні даусыз.

 

Көкшетау

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары