Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Брюссельде Қазақстанның жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойылды

Брюссельде Қазақстанның жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан тарапынан қол қою рәсімдеріне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қол жеткізілген уағдаластықтар инвестиция тарту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, озық технологияларды енгізу және Қазақстанның Еуразиядағы жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі ұстанымын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сапар барысында Еуропаның жетекші ғылыми-білім беру орталықтары - Гент университетімен және KU Leuven-мен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Құжаттар бірлескен зерттеулер жүргізуді, халықаралық ғылыми топтар құруды, академиялық ұтқырлықты, кадрлар даярлауды және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығы мен Horizon Europe бағдарламасы аясында технологиялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Қазақстан үшін Horizon Europe Еуропалық зерттеу кеңістігіне интеграцияланудың, отандық ғалымдардың халықаралық консорциумдарға қатысуын кеңейтудің және бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асырудың маңызды тетігі болып саналады. Жаңа келісімдер бірлескен өтінімдерді дайындауға, зерттеу бағдарламаларын іске қосуға, халықаралық зертханалар құруға және ғылыми әзірлемелерді экономикаға енгізуге практикалық негіз жасайды.

Қол қойылған келісімдер AI for Science and Innovation күн тәртібін дамытуға, яғни ғылыми-зерттеулерді жеделдету, күрделі процестерді модельдеу, жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу, деректерді талдау және өнеркәсіп пен экономика үшін инновациялық шешімдер жасау мақсатында жасанды интеллектіні пайдалануға негіз қалайды.

Қазақстанда бұл күн тәртібін жүзеге асырудың орталық алаңы жасанды интеллект, ғылым, университеттер, зерттеу орталықтары, стартаптар мен индустриялық серіктестердің мүмкіндіктерін біріктіретін ALEM.AI болмақ. Платформа халықаралық серіктестер үшін қазақстандық AI for Science and Innovation экожүйесіне кіру нүктесі және Horizon Europe аясында бірлескен жобаларды іске қосу құралы ретінде қарастырылады.

Гент университетімен ынтымақтастық математикалық модельдеу, ғылыми есептеулер, цифрлық егіздер және жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге шоғырланатын болады. KU Leuven-мен серіктестік тұрақты материалдар, маңызды металдар, инженерлік даярлық, технологияларды коммерцияландыру және ғылыми әзірлемелерді өнеркәсіпке енгізу салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға халықаралық зерттеу консорциумдарын қалыптастыру және ғылыми-технологиялық жобаларды сүйемелдеуде елеулі тәжірибесі бар Халықаралық ғылыми-техникалық орталық тартылатын болады.

Сапар аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ мен су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы спутниктік аналитикаға маманданған люксембургтік Hydrosat S.à.r.l. компаниясы арасында бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.

Құжат суды пайдалану тиімділігін арттыру, суаруды басқару және су ресурстарын пайдалануды бағалау үшін верификацияланған деректер мен аналитика алуға бағытталған «Copernicus және Hydrosat қолдану арқылы Қазақстандағы су ресурстарын басқару» пилоттық жобасын жүзеге асыруды көздейді.

Жоба аясында Hydrosat-тың аналитикалық шешімдері мен спутниктік технологиялары, оның ішінде спутниктік және жерүсті деректерін өңдеу модельдері, эвапотранспирация, топырақ ылғалдылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйі көрсеткіштерін есептеу, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның далалық жұмыстарды ұйымдастыру, жабдықтарды пайдалану және Жамбыл облысының пилоттық аумақтарында жер пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі инфрақұрылымдық және операциялық мүмкіндіктерімен біріктіріледі.

Келісім жоба нәтижелерін Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында одан әрі кеңейтуді, сондай-ақ үкіметаралық деңгейде бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін мамандандырылған жобалық компания құру мүмкіндігін қарастырады.

Компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект және технологиялар институтының (INSAIT) басшылығымен және Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен кездесулер барысында тараптар мамандарды бірлесіп даярлау, зерттеу жобаларын жүзеге асыру, ұлттық тілдік модельдерді дамыту және Қазақстанды жетекші еуропалық ғылыми-технологиялық бастамаларға интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанда жасанды интеллект экожүйесін дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және озық технологияларды экономикаға, білім беру мен мемлекеттік басқаруға енгізуге ықпал ететін болады.

Брюссельде қол қойылған келісімдер халықаралық ғылыми ынтымақтастық, инвестиция тарту, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және экономиканың негізгі салаларына озық технологияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады. Еуропалық университеттермен, инвестициялық платформалармен және технологиялық компаниялармен жаңа серіктестіктер Қазақстанның жасанды интеллект, ғылым және инновациялардың заманауи экожүйесін дәйекті түрде қалыптастырып жатқан ел ретіндегі ұстанымын нығайта түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see169

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see153

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see151

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see150

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see149

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see148

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see147

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see147

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see147

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see146

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see146

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see146

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see145

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see143

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see143

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see143

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see143

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see143

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see142
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары