Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Бұршақ, дауыл және қараңғылық Ақтөбе табиғи апаттан кейін ес жиюда

Бұршақ, дауыл және қараңғылық Ақтөбе табиғи апаттан кейін ес жиюда

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ақтөбе екі күнге созылған қолайсыз ауа райынан кейін қалпына келтіріле бастады. Алдымен қаланы ағаштарды құлатып, аудандарды жарықсыз қалдырған және конструкцияларды жұлып әкеткен алапат дауыл басса, артынша жауған ірі бұршақ бау-бақша мен үйлерге зақым келтірді. Тұрғындар әлеуметтік желілерде қираған нысандар кадрларын жариялап, шығынды есептеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешегі дауылдан кейін Ақтөбедегі ондаған аула ағаш бұтақтары мен діңдеріне толып қалды. Ресми мәлімет бойынша, облыс орталығында жүзге жуық ағаш құлаған. Жүздеген тұтынушы электр қуатынсыз қалды, ал апаттық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Ал Ақтөбе шетіндегі тұрғындар тағы бір сынаққа тап болды. 22 маусымда күндіз бұл аймақта қатты бұршақ жауды. Көз көргендердің айтуынша, мұз түйіршіктерінің көлемі бөдене жұмыртқасындай болған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

НОВОСТИ АКТОБЕ | ZA AKTOBE (@za_aktobe) жарияланымы

Ақтөбеліктердің айтуынша, бұршақ егінді ғана емес, үйлердің қасбетін де зақымдаған.

"Барлық қызанақты жайпап кетті, көшеттерден түк қалмады. Көрші әженің үйінің бүкіл қабырғасын бұршақ зақымдады", – деді видео авторларының бірі.

Дегенмен, ақтөбеліктер кешегі оқиғадан әлі де есеңгіреп отыр. 68 жастағы Наталья Черненко дауыл кезінде үйіне көпжылдық ағаш құлағанын айтады.

Ағаш үйге іргелес салынған құрылыстың үстіне түсіп, шатырдың бір бөлігін зақымдаған. Зейнеткер салдарды өз бетінше жоюға қауқары жетпейтінін айтады.

"Дауыл басталғанда терезеден қарап тұрғанмын. Кенет ағаштың құлап бара жатқанын көрдім. Қатты қорыққанымнан жылап жібердім. Әкімдікке хабарласып, ағашты алып тастауға көмек сұрадым. Бірақ ол жақтағылар мұның бәрін өзіміз реттеуіміз керек екенін айтты", – деп шағымданды зейнеткер.

"Қазгидромет" РМК дерегі бойынша, 21 маусымда желдің екпіні секундына 30 метрге жеткен. Әкімдіктегілер бірінші кезекте жолдар мен тротуарларды бөгеп қалған ағаштар тазаланғанын хабарлады. Қазір жұмыстар аулалар мен тұрғын үй алаптарында жалғасып жатыр.

Жолдың жүру бөлігі мен тротуарларға құлаған ағаштар алынып тасталды, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер құлаған ағаштарды аралап, шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әкімдік мәліметінше, жалғызбасты зейнеткерлер мен ПИК жоқ аулалардың тұрғындарына да көмек көрсетіліп жатыр - ол жерлерде ағаштарды шығару және аумақтарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылған.

Фото Tengrinews.kz

Ағаштардың құлауы бойынша көп жағдай жасыл желегі мол Жилгородок пен Шанхай аудандарында тіркелді. Қазіргі уақытта шағын архитектуралық пішіндерден, маңдайшалар мен ағаштардан қауіп байқалмайды. Азаматтардың жарақат алу деректері тіркелген жоқ", – деп хабарлады Ақтөбе әкімдігі.

Энергетиктер де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сегіз бригада көше жарығын қалпына келтіру үстінде. Түнде "Энергосистема" ЖШС-нің тағы он бригадасы жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстарға қарамастан, тұрғындардың бір бөлігі әлі де жарықсыз отыр.

"Қазіргі уақытта Заречный тұрғын үй алабындағы бірқатар мекенжай мен Жилгородок ауданы бойынша электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Снайперская көшесінде қалпына келтіру жұмыстары таңға дейін жүргізілді. Нәтижесінде электр қуаты берілді. Дауыл кезінде "Энергосистема" ЖШС және Ақтөбе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің желілері арқылы жарық алатын шамамен 200 тұтынушыға электр энергиясын беру уақытша шектелген болатын", – деп хабарлады энергиямен жабдықтаушы компания.

Табиғаттың дүлей күшіне шағын архитектуралық пішіндер де төтеп бере алмады. Жеті нысан зақымдалған. Олардың бірі кеше әлеуметтік желілерде тез тарап кеткен видеоға түсіп қалған: сәндік глобус бекіткішінен жұлынып кетіп, орталық даңғыл бойымен көліктерге соқтығыса жаздап домалаған.

"Әуежай бойындағы жануарлар мүсіндері құлап қалды. Кеше қала орталығында глобустың құлағанын көрдік. Бұл шағын архитектуралық пішіндер бекітілген жерінен жұлынып кеткен, бірден алынды. Орнына қоюға болатындарын қайта орнаттық. Қалғандарын жөндеуден өткіземіз", – деп түсіндірді Ақтөбедегі Астана ауданы әкімі аппараты ТҮКШ бөлімінің басшысы Мирас Әжібаев.

Ресми мәлімет бойынша, ағаштардың көліктерге құлауының кем дегенде екі жағдайы тіркелген. Бұл ретте шенеуніктер ескертеді: егер көліктер белгіленбеген жерлерге қойылса, иелері сақтандыру төлеміне ғана үміт арта алады.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бірақ ақтөбеліктер қаланы алдымен алапат жел басып, шатырлар қирағанын, көшелер қараңғы болып қалғанын, одан аман қалған дүниені ірі бұршақ жайпап өткен бұл екі күнді әлі ұзақ еске алатын болды.

“Өте тез өтті“. Ақтөбедегі дауыл ағаштарды құлатып, үйлердің бір бөлігін жарықсыз қалдырды

Еске сала кетейік, бұған дейін 21 маусымда түс қайта Ақтөбеде кенет дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, бірнеше ауданда жарық өшіп қалғаны хабарланған болатын. Тұрғындар табиғи апат туралы ешқандай ескерту алмағанын айтады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 19:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары