Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Былтыр Алматыда ауаны ластаушы заттардың көлемі 189 мың тоннаға жетті

Былтыр Алматыда ауаны ластаушы заттардың көлемі 189 мың тоннаға жетті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Соның 60 пайызы қаладағы және сырттан кіретін автокөліктердің үлесінде, ал қалған бөлігі өнеркәсіп орындарына, жеке секторға және қатты отын тұтынатын моншалар мен басқа да шағын нысандарға тиесілі. Бұл деректер қаланың атмосфералық ауаны қорғау саласындағы саясатты түбегейлі қайта қарауға және соңғы жылдары қарқын алған реформаларды бастауға негіз болды. 

— Жұмыстың жаңа кезеңінің негізгі элементі биыл әзірленіп, қазіргі таңда келісу рәсімінен өтіп жатқан «Алматы қаласының аумағында атмосфералық ауаны қорғау саласындағы арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» қағидалардың жобасына айналды. Бұл құжат тұрғындар мен кәсіпкерлерге экологиялық таза технологияға көшуге және көлік паркін жаңартуға серпін беретін құқықтық алаң қалыптастырады. Сонымен қатар, ауа сапасын бақылаудың заманауи құралдарын дамытуға, техникалық байқау рәсімдерін нақты шығарындыларды ескере отырып жетілдіруге, сондай-ақ жауапкершілік тетіктерін күшейтуге жол ашады, — делінген ақпаратта.

Жоба жалпы сипатта болғанымен, қаланың атмосфералық ауасын қорғау саласындағы тұтас экологиялық саясатты қалыптастыру үшін аса маңызды негіз болатын ережелерді қамтиды.

Алматыда алғаш рет барлық негізгі ластану көзі толық қамтылып, бұрын отандық тәжірибеде болмаған реттеу тетіктері қалыптасады деп жоспарланып отыр. Қағидалардың басты мақсаты –автокөлік шығарындыларын бақылау, көліктерді экологиялық сыныптарға бөлу, техникалық байқаудың рөлін арттыру, кәсіпорындардың жұмысын реттеу, төмен шығарындылар аймағын құру, бірыңғай мониторинг жүйесін қалыптастыру және қолайсыз метеожағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі сынды алдағы жылдары кезең-кезеңімен енгізілетін нақты шараларға арқау болатын жүйені түзу.

— Қағидалар қабылданғаннан кейінгі нәтиже көпқырлы болмақ. Негізгі ластау көзі — автопарк алғаш рет шынайы экологиялық бақылауға алынады: нақты шығарындыларды өлшеу, көліктің экосанатын есепке алу және техникалық байқауды қатаң қадағалау ең көп ластайтын көліктердің қала ішіндегі қатынасын шектеуге және автопаркті біртіндеп жаңартуға ықпал етеді. Мәселен, атмосфераға тарайтын көлік шығарындыларының 84 пайызына дейінін ЕВРО-0 санатындағы көліктер шығарады, — деп қосты әкімдіктің ресми сайты.

Бұған дейін толыққанды бақылаудан тыс болған III санаттағы кәсіпорындар енді жаңа талаптарды орындауға және тұрақты тексеріліп отыруға міндетті. Бұл олардың ауаны ластаудағы үлесін айтарлықтай азайтады. Төмен шығарындылар аймағын (LEZ) құру қаланың қауіпке бейім аудандарындағы жергілікті ластану ошақтарын жоюға мүмкіндік береді. Ал бірыңғай мониторинг жүйесі ауа сапасын жедел басқаруды қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін деректердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қалалық бастамалар негізінде соңғы жылдары қажетті заңнамалық база да жаңартылып келеді. 2023-2025 жылдары маңызды өзгерістер енгізілді: мәслихаттың өкілеттігін кеңейту, техникалық байқауды реформалау, шығарындыларды асыру үшін жауапкершілікті күшейту секілді бастамалар жүзеге асты. 2025 жылы сәуірден бастап техникалық байқау станциялары рұқсаттық тәртіппен, онлайн бақылаумен және міндетті экологиялық жабдықпен жұмыс істейді. Талапты бұзғандарға ірі айыппұл салынып, рұқсаттан айыру көзделген.

Қаладағы ірі ластау көздерімен де жүйелі жұмыс қолға алынған. Жеке секторды газдандыру ісі аяқталуға жақын: қазіргі кезде Алматыдағы жеке үйлердің 99,4 пайызы газға қосылған, 907 үй әлі қосылмаған. Жыл соңына дейін 126 үйге газ тартылмақ.

ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті табиғи газға көшіру 2027 жылға қарай олардың шығарындыларын 15 есеге жуық азайтуға мүмкіндік береді. ЖЭО-2-де дайындық кезеңі аяқталып, негізгі нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екі газ турбинасы генераторларымен бірге орнатылды, үшіншісі жақын уақытта монтаждалады.

Газды дайындау пунктінде жабдық орнатылып, су дайындау нысанында негізгі құрылымдар тұрғызылып жатыр. ЖЭО-3-те алғашқы газ турбинасы мен генераторды орнату жұмыстары қызған. Екі станцияның да газға көшуі қаладағы ауа сапасын жақсартудағы маңызды қадам болмақ.

— Көлік саласында да ауқымды жаңғырту іске асып жатыр: 2024 жылдан бері Алматыда дизель автобустарын сатып алуға тыйым салынды, ал қоғамдық көлік паркі газбен жүретін және электр автобустарымен толықтырылып отыр. 2025 жылдың соңына қарай коммуналдық автобустардың экологиялық үлесі 100%-ға жуықтамақ. Электр зарядтау станцияларының саны екі есеге өсіп, тұрғындардың электромобильдерге көшуін жеңілдетеді, — деп жазды әкімдік.

Қаланың экожүйесінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын жасыл қор да назардан тыс қалған жоқ. Ірі көлемді ағаштар егу, автоматты суару жүйесін енгізу сияқты жаңа стандарттардың арқасында Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллион жасыл желек қалыптастыру бағдарламасы жүзеге асып отыр. Соңғы екі жылда көшеттердің қурау көрсеткіші 30 пайыздан 10 пайызға дейін, яғни үш есеге азайды. Бұл жұмыстар «Алматы — қала-бақ» мәртебесі аясында қолға алынған.

Осылайша, соңғы жылдары атқарылған шаралар біртіндеп қаланың кешенді экологиялық саясатына айналып келеді. Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының қабылдануы осы шараларды бір арнаға тоғыстырып, қаланы жекелеген шешімдерден тұрақты, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған экологиялық стратегияға көшіруге мүмкіндік береді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалса, алдағы жылдары Алматының ауасы едәуір тазарады және бұл оң көрсеткішті ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік туады.

Бұған дейін Алматы әкімдігі ауа сапасы туралы жеке датчиктер мәліметіне сенбеуді ескертті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 06:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары