Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Бюджеттен қолдау алатын компаниялардың рейтингін анықтайтын ұлттық агенттік құрылады

Бюджеттен қолдау алатын компаниялардың рейтингін анықтайтын ұлттық агенттік құрылады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанға бұл не үшін керек? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева аталған заң жобасын дайындауға ең әуелі ұлттық рейтинг агенттігін құру қажеттігі түрткі болғанын айтады.

— Ресей арнайы әскери операция бастаған кезде (Украинадағы соғыс — ред.) бүкіл халықаралық рейтинг агенттіктері ол елдің қаржы ұйымдары мен банктерінің рейтингін олардың экономикалық-қаржылық жағдайына қарамастан жойды. Ұлттық рейтинг агенттігін құру осы тұрғыдан маңызды болып отыр, — деді Мария Хаджиева.

Ал Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Қазақстанның қаржы нарығында ірі халықаралық рейтинг агенттіктерінің ғана қызмет көрсетуі отандық бизнестің мүмкіндіктерін шектеп отырғанын айтты.

— Қызмет көрсету құны жоғары болғандықтан Қазақстандағы қаржы ұйымдарының бәрі бірдей халықаралық рейтинг агенттіктеріне жүгіне алмайды. Бізге нарықты сапалы, объективті, ең бастысы, қолжетімді рейтинг қызметтерімен қамтамасыз ету үшін кредиттік рейтингтік агенттіктердің ішкі нарығын дамыту қажет, — деді ол.

Мария Хаджиеваның айтуынша, елде жұмыс істеп келе жатқан рейтинг агенттіктерінің қызметі 1 миллион доллардан басталады. Ал жергілікті рейтинг агенттіктердің қызмет құны ауқымына қарай 10 мың доллардан басталады деген есеп бар.

Заң жобасында халықаралық агенттіктерге балама ретінде құрылатын жергілікті агенттіктер бәсекеге қабілетті болуы үшін оларға жеткілікті өкілеттіктер беру көзделген.

Құжатты талқылауға қатысқан депутаттар заңнаманы бұл тұрғыдан жетілдіру бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарығын қазіргі геосаяси ахуалға бейімдеу саясатынан туындап отырғанын еске салып өтті. Депутаттарды заң жобасының аясында құрылатын алғашқы жергілікті агенттікке «ұлттық» мәртебесін беру мәселесі көбірек қызықтырды. Құжатты әзірлеген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл алғашқы жергілікті агенттікке Ұлттық банкті құрылтайшы етіп енгізуді ұсынып отыр. Оның үлесі пайыздан аспайды деп көрсетілмек. Қалған құрылтайшылардың үлесі пайыздан аспау керек.

Мария Хаджиева мұндай қадам жергілікті агенттікті құруға ешбір инвестордың зауқы соқпаған жағдайда мемлекетке өз күшімен бәсекеге қабілетті ойыншы қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады.

— Ұлттық банк бұл агенттіктің құрылтайшылар құрамында тұрақты болмау керек деген ұстанымымыз бар. Агенттік нарықтағы тең терезелі ойыншыға айналғаннан кейін біртіндеп үлестерімізді азайтып, кейін мүлде шығып кететін шығармыз. Өйткені шынымен де нарықтық принциптерде жұмыс істейтін агенттік болу үшін мемлекеттің қатысуы болмау керек, — дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Мария Хаджиева бұған дейін ішкі нарықта 3 бірдей жергілікті рейтинг агенттігі болғанын, бірақ ірі халықаралық агенттіктермен бәсекеге төтеп бере алмай тарап кеткенін айтады. Келешекте құрылатын агенттіктер солардың ағын құшпау үшін «Даму», «Бәйтерек» сияқты қары институттары арқылы қаржылай қолдау алатын ұйымдарды рейтинг агенттіктері арқылы бағалау тетігі енгізілмек. Заң жобасына осындай норма ұсынылып отыр. Мария Хаджиева заңнамада нақты міндеттеу болмайтынын, бірақ бизнесті бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдардың бәріне кредиттік рейтинг көрсеткіштерін есепке алу құқығы берілетінін айтып нақтылады.

— Біз осы арқылы мемлекеттен субсидия алатын, жеңілдетілген несие мен өзге де қаржылай қолдау алатын компанияларды, бюджет есебінен іске асатын жобалардың мердігерлерін кредиттік рейтинг арқылы да бағалау тетігін іске қосқымыз келеді, — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.

Заң жобасында жергілікті рейтинг агенттіктері Еуропалық Одақ пен Америка Құрама штаттарында, Азия-Тынық мұхит аймағында қатар мойындалған рейтинг агенттіктерінің әдістемесі бойынша жұмыс істеуі керектігі айтылған. Алайда мұндай ірі агенттіктердің әдістемесін сатып алу өзі жаңадан құрылып жатқан жергілікті агенттіктерге ауыр болатыны анық. Сондықтан заң жобасында әлемдік деңгейде мойындалған ірі халықаралық агенттіктерді жергілікті агенттікке құрылтайшы болып кіру үшін әдістемесін мүлік ретінде енгізу құқығы берілмек.

Мәжіліс спикерінің орынбасары Дания Еспаева Ресей мен Өзбекстанда қазірдің өзінде жергілікті рейтинг агенттіктері жұмыс істеп тұрғанын еске салды. Оның пайымдауынша, заң жобасы осы күйінде қабылданып кетсе, көрші елдердің аяқтан тұрып үлгерген агенттіктері Қазақстандағы босаған нарықты бірден жаулап, отандық агенттіктерді ығыстырып тастауы мүмкін. Заң жобасының авторлары ондай тәуекелдің болатынын теріске шығарып отыр. Ақыры бұл мәселе заң жобасын әрі қарай пысықтайтын жұмыс тобында талқыланатын болды. Ол жұмыс тобы 2026 жылдың қаңтарында іске кіріседі.

Бұған дейін Sustainable Fitch агенттігі Отбасы банктің тұрақты даму рейтингін 55 балдан 60 балға көтергенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары