Чемпиондар лигасы: Алматыда Қайрат пен Пафос арасындағы ойын басталды
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында алматылық "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" арасындағы ойын басталды, деп хабарлайды Sports.kz.
"Қайрат" - "Пафос" матчының тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы ойындарында екі рет жеңіліске ұшырады: алдымен Португалияның "Спортингінен" сырт алаңда 4:1 есебімен жеңілді, сосын өз алаңында Испанияның "Реал Мадридінен" 5:0 есебімен жеңілді.
Пафос топтық кезеңді Грекияның "Олимпиакосымен" 0:0 есебімен тең аяқтап, өз алаңында неміс "Бавариясынан" 5:1 есебімен жеңіліп қалды.
"Қайраттың" еуропалық клубтарға қарсы ойын кестесі:
05.11.2025 - Интер - Қайрат;
26.11.2025 - Копенгаген - Қайрат;
9.12.2025 - Қайрат- Олимпиакос;
20.01.2026 - Қайрат - Брюгге;
28.01.2026 - Арсенал - Қайрат.


