Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Цифрлық валюта: Қазақстан көшбасшылар сапында

Цифрлық валюта: Қазақстан көшбасшылар сапында

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоспарға сай желтоқсан айында цифрлық теңге ресми түрде қолданысқа ену керек.

Сөйтіп еліміз ТМД аймағында ұлттық цифрлық валютаға ауысқан алғашқы мемлекет болмақ. Пилоттық кезеңде 61 мыңнан аса транзакция жүргізілді.

Ұлттық төлем корпорациясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан цифрлық валютаны қолданысқа енгізген әлемдік көшбасшылардың бірі. ТМД аумағында алғашқы болдық. Ал халықаралық валюта қоры біздегі «Цифрлық теңге» жобасын жоғары бағалады. Пилоттық кезеңде 288 млрд цифрлық теңге шығарылды. Үкімет жоспары бойынша, 100 мемлекеттік жоба цифрлық теңге арқылы жүзеге асу керек. Мәселен, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы және мемлекеттік сатып алуларда қолдану қарастырылды.

Ең бастысы тапсырыс беруші, бас мердігер және қосалқы мердігер – «е-шарттар» жүйесінде цифрлық теңге шоттарын ашу қажет. Бұл есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етіп, салықтық тәуекелдерді азайтуға және жалған схемалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Руслан Коңырбаев, Ұлттық төлем корпорациясы департаментінің бас сарапшысы:

- Біз финтех-компаниялармен және технологиялық серіктестермен ғана емес, мемлекеттік органдармен де жұмыс істейміз. Жоба желісі дамыған сайын қатысушылар саны да арта береді. Қазірдің өзінде біз Ауыл шаруашылығы және Оқу-ағарту министрліктермен ортақ жобаларды жүзеге асырып үлгердік.

Цифрлық теңгенің тиімділігі көп

Экономистер цифрлық теңге қарапайым азаматтар үшін де тиімді дейді. Сіз кез келген банк шоттарындағы ақшаңыздың айналымын көре аласыз. Блокчейндегі сандық токеннің түсі бар, сол арқылы ізін бақылап отыруға болады. Ақша аударымы жылдам әрі қауіпсіз жүреді. Демек экономикалық процесс те жеделдейді дейді.

Андрей Чеботарёв, экономист:

- Қолма-қол емес ақша қандай да бір банк шотында жатса да, ол айналымда жүре береді. Сіз оны бақылай алмайсыз. Ал цифрлық ақша басқаша. Бұл блокчейн жүйесіндегі сандық токен. Оның ізін өзіңіз көре аласыз. Мұны боялған ақша деуге болады. Мысалы, жол салған адамға ақша цифрлық теңгемен төленсе, қаражаттың мақсатты жұмсалғанын байқап отырамыз.

Цифрлық теңге - криптовалюта емес

Ескеріңіз, цифрлық теңге криптовалюта емес, орталықтандырылған мемлекеттік валюта. Оны Ұлттық банк қана шығарып, реттеуге құқылы. Бұл оның сенімді әрі заңды төлем құралы екеніне дәлел дейді мамандар. Цифрлық теңгемен қаржыландырылған алғашқы жоба «Достық–Мойынты» және «Талдықорған – Үшарал» аралығындағы теміржол құрылысы еді. Кейінірек «Ауыл аманаты» бағдарламасы, АӨК аясындағы инвестициялық субсидиялар, сондай-ақ қосылған құн салығын әкімшілендіру сценарийі іске қосылды.

Руслан Коңырбаев, Ұлттық төлем корпорациясы департаментінің бас сарапшысы:

- Цифрлық ҚҚС платформасы арқылы мемлекет салық қайтаруды жеделдетіп отыр. Ал бизнес үшін бақылау көлемі азайды. Цифрлық ҚҚС платформасы - бағдарламаланған ақша. Оны енгізу арқылы мемлекет, банк және бизнес үшін маңызды жаңа қызметтердің негізін қалауға болады.

Елде стейблкоин сыналып жатыр

Бұған дейін Ұлттық банк теңгеге байланған алғашқы стейблкоинды сынақ түрінде іске қосты. Жобаға танымал блокчейн платформа, екінші деңгейлі банктер серіктес болған. Отандық стейблкоин цифрлық инновацияларды дәстүрлі қаржы инфрақұрылымымен біріктіріп, крипто-фиат арналарын кеңейтпек. Сонымен қатар, криптовалютаны теңгемен байланған стейблкоинге айырбастауға және криптокарталар арқылы сауда жасауға болады. Стейблкоин бағамы әрдайым тұрақты. Елімізде «Solana» жүйесі арқылы 1 стейблкоин теңгеге байланса, оның бағасы 1 теңгеге тең болып қала береді. Бұл әсіресе шетелге төлем жасайтын адамдар үшін өте қолайлы дейді мамандар. Қазір елде крипторезерв түзіліп жатыр.

Цифрлық теңгенің аясы кеңейеді

Еліміз трансшекаралық төлемдерді де дамытпақ ниетте.  Ұлттық төлем корпорациясы Біріккен Араб Әмірлігінің Орталық банкімен бірлесіп, цифрлық теңге мен цифрлық дирхам платформасын интеграциялалайтын пилоттық жобаны іске асырып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары