Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Дана БӨКЕНОВА: Bloomberg тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Дана БӨКЕНОВА: Bloomberg тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Америкадағы алпауыт «Bloomberg» корпорациясында жалғыз қазақ қызы еңбек етеді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дана Бөкенова қаржылай талдау жасайтын компанияда жасанды интел­­лект бағытындағы ірі жобаларды басқарып отыр. Кә­­сі­би­­­­­лігімен көптің көзіне түскен маманмен әңгімелесудің сәті түсті. Жүріп өткен жолын, шетелде жиған-терген тәжіри­бе­­сін сұрап білдік.

– Сіздің, АҚШ-қа қадам басуыңызға не түрткі болды?

– Бала кезден ширақ болдым, жаңаны көрмекке, үйренуге асық­пын. Ата-анам жұмысбасты, көбіне ата-әжемнің тәрбиесін көрдім. Олар ерекше темірдей тәртіп пен жауапкершілікке берік жандар-етін. Білімге құштарлығымды ашқан да – сол кісілер. Содан болар, көп дүниеге қызығушылығым басым. Ойлаған істі аяғына дейін жеткізбей қоймайтын қайсарлық, табандылық деген қасиеттер де етене шақтан бойыма әбден сіңді. Қарап отырсам, әр таңдауыма негіз болған да, өмірдің әр кезеңінде жаңа ортаға тез бейімделуге, бел­гі­сіздіктен қорықпауға, өз мүм­кін­дігің­ді кең ауқымда сынауға жетелеген осы дүниелер екен.

Қазақстанда халықаралық қа­ты­настар және қаржы маман­ды­ғын оқыдым. Одан кейін «Бола­шақ» бағдарламасымен Манчестер уни­верситетінің магистратурасын да сәтті аяқтадым. Елге оралған соң, Алматыдағы таныстарыммен бірлесе университеттерге Wi-Fi инфрақұрылымы мен интернет шешімдерін құратын стартап ашуды жөн санадық. Бұл жобаны бес жыл бойы үздіксіз дамытып, нарыққа бейімдедік. Компанияға инвестор тартылып, жоба толық сатылған сәтте мен үшін бұл жобаның аяқталуы ғана емес, кәсіби және жеке өсуімнің жаңа кезеңі басталатынының белгісі еді. Әлемдік деңгейдегі, әсіресе аналитика мен технологиядағы ең алдыңғы қатарлы орталарда тәжірибе жинағым келді. Сөйтіп, Америкаға 2016 жылы көшіп келдім. Бірден мамандығымды түбегейлі өзгерткен жоқпын, бірақ кәсіби бағытым айтарлықтай нақтыланды десем, болады. Негізгі кәсіби қалыптасуыма INTO University Partnerships компаниясындағы еңбек еткен жылдарым себеп болды. Бұл ұйым университеттермен серіктестік орнатып, жаһандық деңгейде үлкен жобаларды іске асырып жатты, дәл осы кезеңде талдаушы ретінде командаға қосылдым. Мұнда студенттік қабылдауды болжау, қаржылық модельдер құру және әр серіктестіктің ұзақмерзімді табысына әсер ететін факторларды бағалау жұмыстарымен айналыс­тым. Осылайша, шетелдің мен-мен деген университеттерінен аяқтанғандармен иық тіресе еңбек етіп, салада алған білімімді, статистикалық білігімді және ана­ли­тикалық қабілетімді жаңа дең­гей­ге көтердім. Бұл қадам мен үшін тек географиялық тұрғыда орын ауыстыру емес, ішкі ерік-жігерімді шыңдаған, кәсіби даму жолымда маңызды белес болды деп айта аламын.

– «Bloomberg» корпорациясына қалай келдіңіз?

– «Bloomberg» компаниясына шақырылуыма INTO-дағы ірі жобалармен айналысуым, ұлттық деңгейдегі конференцияларда жасаған баяндамаларым, жарияланған зерттеулерім мен әріптестерімнің кәсіби ұсы­ныс­тары әсер етті. Бұл ком­панияға мен бар-жоғы бір-ақ рет өтініш бердім. Іріктеу үдерісі оңай болған жоқ: сұхбат шамамен бес айға созылды. Әрбір кезеңде үміткердің аналитикалық ойлау қабілеті, өнімді терең түсінуі, мәселені шешу логикасы, коммуникациялық дағдылары мен стратегиялық көзқарасы жан-жақты бағаланды. Бұл тек техникалық білімді емес, кең ауқымды ойлай алуды талап ететін үдеріс болды. Менің­ше, осы кезеңдерде менің аналити­калық икемділігім мен күрделі мәсе­лелерді жүйелі түрде талдай алу қабілетім «Bloomberg» ко­ман­дасының назарын аударды. Бү­гінде «Bloomberg»-те еңбек етіп жүрген қазақ қыздарының бірі болу – мен үшін тек кәсіби жетістік емес, сонымен қатар ел намысын халықаралық деңгейде танытудың бір жолы. Әрине, жауапкершілік бар, соның өзінде ерекше мақтаныш сезімі басым.

– Қазіргі атқарып жүрген қызметіңіз туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Қазіргі таңда «Bloomberg Law» бөлімінде Senior Data Analytics Manager қызметін атқарамын. Негізгі міндетім – заң саласындағы тұтынушылардың мінез-құлқын терең талдау. Атап айтқанда, пайдаланушылардың платформаны қалай қолданатынын, өнім ішінде қандай кедергілерге тап болатынын, қай тұста тоқтайтынын, нені іздеп, қандай функциялармен жұмыс істегісі келетінін зерттеймін. Бұл зерттеулер өнімді жетілдіруге және клиент тәжіри­бесін жақсартуға тікелей әсер етеді.

Бұл компанияда бір команда­ның ішінде заңгерлер, инженерлер, дата-ғалымдар мен UX зерт­теу­шілер сияқты түрлі саланың маман­дарымен бірге жұмыс істей­мін. Әрқайсының ойлау жүйесі мен мәселеге көзқарасы бөлек. Осындай ортада өз орныңды табу мен үшін үлкен мектеп болды. Бұл тәжірибе кәсіби көкжиегімді кеңейтіп қана қоймай, адамдармен қарым-қатынас құру қаншалықты терең әрі маңызды қабілет екенін түсінуге жол ашты.

Негізінен, дата аналитика саласына бет бұрған уақытта шамамен 3–5 айды онлайн платфор­малар арқылы SQL, Python, Power BI, логтау жүйелері, A/B testing сияқты негізгі құралдарды меңгердім. Бірақ «Bloomberg»-те жұмыс істеген жылдары деректермен жұмыс іс­теудің ең күрделі деңгейлерін тә­жі­рибе жүзінде тереңірек игер­дім.

– Алдағы 5–10 жылда жас маман­­дар үшін ең маңызды дағ­ды қан­дай болады? Қай ма­ман­­­дық­тарға қазірден бастап ерек­ше мән берген жөн?

– Ең маңызды дағды – үйрене білу мен тез бейімделу қабілеті. Тех­нологиялар өте жылдам өзге­ріп жатыр: бүгін өзекті құрал­дар бір­неше жылдан кейін ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан нақты бір бағдарламалау тілін ғана мең­геру жеткіліксіз, ең бастысы – де­ректердің қалай жұмыс істей­ті­нін, модельдердің қалай құры­ла­ты­нын, талдаудың сапасын қалай ба­ға­лау керектігін түсіну.

Екінші маңызды қабілет – нақты бағыт бойынша мамандық таңдау. Технология мен бизнесті, деректер мен дизайнды, жасанды интеллект пен этиканы байланыс­тыра алатын мамандар ең жоғары сұранысқа ие болады.

Үшінші дағды – коммуникация. Қаншалықты мықты техникалық маман болсаң да, өз ойыңды түсін­діре, қорғай, нәтижені ұсына алмасаң, ықпалың шектеулі болады. Дәл қазіргі трендпен кеңес беретін мамандықтар қатарында – Data Science пен AI/ML, Product Management, UX Research, Cybersecurity, AI Ethics пен Governance. Ең бастысы – трендтің соңынан соқыр еру емес, шын мәнінде қызықтыратын бағытты таңдау. Себебі қызығушылық болмаса, өзгеріс қарқынына төтеп беру қиын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары