Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Дарынды өрен ұлт қазынасы

Дарынды өрен ұлт қазынасы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Осы тақырыптағы соңғы қуанышты жаңалықтың бірі – Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad – IPhO) Нұргүл Егембергенованың алтын медаль жеңіп алуы. Ол осы жетістігінің арқасында әлемдегі ең беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Massachusetts Institute of Technology (MIT) университетінің грантын иеленді. Биылғы олимпиада Қазақ­стан құрамасы үшін тарихи нәтижемен аяқ­талды. Ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы алтын медаль иеленіп, ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет Халықаралық физика олимпиадасын бес алтынмен қорытындылады. Ал Нүргүл Қазақстан тарихында осы додада алтын алған алғашқы қазақ қызы атанып отыр. Бір қызығы, былтыр Францияда өткен Халықаралық физика олимпиадасында Нұргүл қола медаль жеңіп алған. Сол жетістігінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Мемлекет басшысының құттықтауын қабылдап, екі миллион теңге көлемінде ақшалай сы­йақыға ие болған.

Әрбір зор жетістіктің тарихына үңілсеңіз, оның артында тек бір адамның ғана емес, бірнеше жанның қолдауы, сенімі мен төгілген маңдай тері жатқанын көреміз. Нұргүлді бұл олимпиадаға дайындаған жетекшісі Арнұр Қазыбеков дарынды оқушының физикаға қызығушылығын және ерекше қабілеттерін басында-ақ байқаған. Айтуынша, олимпиада үздігі – дайын формуланы жаттауға емес, әр құбылыстың табиғатын түсінуге тырысатын қыз.

Біз Арнұр мырзамен сөйлескенімізде, ол Колумбия төрінде жеңімпаз ретінде өз оқушысының есімі жарияланған сәттегі қуанышында шек болмағанын айтты.

– Бұл сәтті сөзбен жеткізу қиын. Әрине қуаныш болды, мақтаныш болды. Бірақ ең алдымен көз алдымнан дайындықтың бүкіл жолы өтті. Ұзақ айлар бойы бірге еңсерген қиындықтар, жүздеген есеп, экс­пери­менттер, талдаулар еске түсті. Қазақстанның Туы көтерілгенде бұл жеңіс тек Нұргүлдің ғана емес, оны тәрбиелеген ата-анасының, ұстаздарының және еліміздің ортақ жетістігі екенін сезіндік. Осындай сәттер мұғалім мамандығын таңдағаныңның ең үлкен сыйы сияқты, – дейді ол.

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) – орта мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы. Олимпиада жыл сайын әртүрлі елде 9-10 күн бойы өткізіледі. IPhO-ға дайындық қарапайым олимпиада дайын­дығынан әлдеқайда күрделі. Арнұр Қазы­бековтің айтуынша, теорияны тереңдетумен қатар, эксперименттік жұмыстарға ерекше көңіл бөлген. Сонымен қатар Халықаралық олимпиадалардың әр жылындағы тапсыр­маларын толық талдап, әр есептің идеясын түсінуге тырысқан. Бұл жердегі жетекші үшін ең маңыздысы – оқушыны жаттанды шешімге емес, жаңа жағдайды талдай алатын деңгейге жеткізу. Себебі халық­аралық олимпиадада бұрын көрмеген есеп­тер беріледі. IPhO сияқты додада барлық қатысушы өз елінің ең мықты оқушысы болып келеді. Сондықтан мұнда тек білім ғана жеңіске жеткізбейді. Уақытты дұрыс басқару, қобалжуды жеңу, бірнеше сағат бойы жоғары концентрацияны сақтау өте маңызды. 

– Біз дайындық барысында дәл осы дағдыларға да көңіл бөлдік. Мен Нұргүлге әрдайым: «Сен қарсыластарыңмен емес, ең алдымен өзіңмен жарысып отырсың» деп айтамын. IPhO есептері бір тақырыпты білуді ғана емес, физиканың бірнеше бөлімін бір уақытта байланыстырып, логикалық ойлауды талап етеді. Кейде дұрыс идеяны табу – есептің жартысын шешкенмен тең. Қазақстанда талантты балалар өте көп. Енді сол талантты халық­аралық деңгейге шығару үшін ұзақмерзімді жүйелі дайындық, заманауи зертханалар, тәжірибелі бапкерлер және тұрақты халық­аралық тәжірибе қажет. Бір-екі айлық дайындықпен әлемдік деңгейде жеңу мүмкін емес, – деді жетекші.

Халықаралық олимпиадаға дайындық кезінде оқушының да, жетекшінің де психологиялық дайындығы да маңызды. Өйткені бұл бірнеше жылға созылатын еңбек. Бұл жерде мұғалім тек пәнді үйретуші емес, кейде психолог, кейде мотиватор, кей­де ғылыми жетекші рөлін қатар атқарады. 

Еліміздің білім саласына үлкен жеңіс әкелуге септігін тигізген Арнұр Қазыбеков спортшылардың жеңісіне қалай қуанатын болсақ, ғылым мен білімде ел намысын қорғап жүрген оқушылардың еңбегін де дәл сондай деңгейде дәріптеуіміз керек деген ойын алға тартты. Өйткені олар Қазақстан­ның интеллектуалдық болашағын қалып­тастырып жатыр. Шынында, осындай мы­салдар көбейген сайын ғылымға қызығатын жастардың саны да арта түседі.

Олимпиада шыңын бағындырған Астанадағы NURORDA мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егембергенованың өзі бұл жеңіске қалай келгенін еске алып айтып берді. Сөзінен мақсатын анық қоятын, арманына адал қыз екенін байқадық.

– Бар назарымды университеттерге құ­жат тапсыруға аударғандықтан, халық­аралық олимпиадаға қаңтар айында қабылдау процесі аяқталған соң ғана тыңғылықты дайындала бастадым. Сол кезде-ақ алдыма нақты мақсат қойып, алтын алуды көздедім. Меніңше, бұл жолдағы ең басты нәрсе – жүйелі дайындық пен тәртіп. Әр істе нақты жоспар болуы керек және әр күннің соңында өзіңе есеп беріп отырған дұрыс. Бұл тарихи жетістік тек менің ғана жеңісім болып қалмай, менен кейінгі қыздардың да үлкен табыстарға жетуіне жол ашса екен деймін. Елімізден халықаралық олимпиадалардың жеңімпаз­дары жыл сайын шығып, мұндай биік белестер біз үшін қалыпты құбылысқа, игі дәстүрге айналғанын қалаймын, – деді білім бәйгесінің үздігі.

Олимпиадалық қозғалыс оқушыларды тек күрделі есептер шығаруға ғана баулымайды, оларды ерте жастан ғылыми зерттеулермен айналысуға, қиын сәтте тез шешім қабылдауға және бәсекеге қабілетті тұлға болуға шыңдайды. Ғылым мен білімде осындай жарқын белестерді бағындыратын жастарымыз көп болса, еліміздің интел­лектуалдық әлеуеті де ешқашан бәсеңдемек емес. Ең бастысы, олардың еңбегін уақытында бағалап, спорт чемпиондарындай дәріптей білу. Сонда ғана білім қуған ұрпақтың ынтасы артып, халықаралық аренадағы осындай «алтын белестер» Нұр­гүл армандағандай, біздің қоғам үшін үйреншікті әрі игі дәстүрге айналады.

Дәл осы олимпиаданың 2024 жылы өткен жарысында отандық жас физиктер 4 күміс және 1 қола медаль алса, былтыр 2 күміс және 3 қола медаль болды. Ал биылғы IPhO-2026 көрсеткіш бойынша қазақстан­дық оқушылар бұрын-соңды болмаған тарихи нәтижеге қол жеткізіп, тұңғыш рет бірден бес алтын медальды жеңіп алды. Бұл айтулы жеңіс отандық білім беру саласының тарихында өшпес із қалдырып қана қоймай, еліміздің білім элитасының әлемдік деңгейде көшбасшы орында тұрғанынан дерек береді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары