Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Делдалдардың көптігі, логистика мен жайылым: мал шаруашылығында қай мәселеге назар аудару қажет

Делдалдардың көптігі, логистика мен жайылым: мал шаруашылығында қай мәселеге назар аудару қажет

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Осы орайда сенатор Арман Өтеғұлов бұл салада анақталған мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына қатысты пікір айтты.

- Мал шаруашылығына тікелей әсер ететін маңызды мәселенің бірі - ол мал басының саны. 2024 жылы Мемлекет басшысы 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, алайда санатта жоқ екендігі атап өткен болатын. Осыған байланысты 2025 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, Ұлттық статистика бюросы ауыл шаруашылығы санағын 2025 жылдың қазан айына дейін жүргізді.

Дегенмен, әлі күнге бұл ақпарат қолжетімсіз. Қазірдің өзінде мал басы саны министрліктің ақпараттық жүйесі мен статистика жүйесінде сәйкеспейді. Оған қоса жергілікті жерде мүлдем басқа ақпарат. Осы айырмашылықты есепке алмай, субсидия және жеңілдетілген несие бөлу жақында бекітілген мал шаруашылығына қатысты Тұжырымдаманы іске асыруда қалай жүзеге асады? Мұндай бұрмаланған ақпаратты назарға алмай, тапсырманы іске асыру мүмкін емес деп есептеймін, - деді А. Өтеғұлов.

Оның айтуынша, бүгінде мал басының саны артқанымен, малдан алынатын өнім көлемі мен сапасы экономикалық және технологиялық талаптарға сай емес. 1990 жылдары тірі салмақта өндірілген ет көлемі 2,6 млн тоннаны құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш - 1,9 млн тонна. Сол кезеңде өндірілген тері 107,9 мың тоннадан 36,3 мың тоннаға дейін , сүт 5,6 млн тоннадан 3,6 млн тоннаға дейін қысқарған.

-  Бұл – отыз жылдан астам уақыт ішінде өнімділіктің төмендеп, импортқа тәуелділіктің әлі де жоғары екенін көрсететін өте қауіпті үрдіс. Бұл жағдайдың негізгі себептеріне тоқталсақ, асыл тұқымды мал үлесінің төмендігі, селекциялық жұмыстардың жүйесіз жүргізілуі және жасанды ұрықтандырудың формалды сипат алуы өнімділіктің өсуін тежеп отыр. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі, генетикалық әлеуетті арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді саясаттың болмауы мал сапасын жүйелі түрде жақсартуға мүмкіндік бермей отыр. Екіншіден, мал шаруашылығындағы проблемалар ет және ет өнімдерін өндіру саласына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда өсірілген малдың басым бөлігі бордақылауға жеткізілмей, ұсақ тауарлы шаруашылықтардан немесе делдалдар арқылы өткізіледі. Бордақылау алаңдарының жеткіліксіздігі, олардың өңірлер бойынша теңгерімсіз орналасуы және қысқа мерзімді қаржыландыру тетіктері малды стандартқа сай дайындауға мүмкіндік бермей отыр, - деді депутат.

Малдың салмақ, жас және сапа көрсеткіштерінің біркелкі болмауы өңдеу кәсіпорындары үшін тұрақты әрі сапалы шикізат қалыптастыруды қиындатады. Соның салдарынан бүгінде еліміздегі ет өңдейтін кәсіпорындардың бір бөлігі өз жобалық қуатының небәрі 50–60 пайызы деңгейінде ғана жұмыс істеп отыр.

- Жайылымдар мен жем-шөп базасының жай-күйі мал шаруашылығының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мемлекет меншігіне қайтарылған 14,3 млн гектар жердің 88 пайызы жайылым болғанымен, өңірлерде жалпы көлемі 5,4 млн гектар жайылым тапшылығы сақталып отыр. Бүгінде 27 млн гектар жайылым тозған.

Жайылымдардың тозуы, су көздерінің жетіспеуі, шалғай жайылымдарға апаратын жол, құдық және байланыс инфрақұрылымының дамымауы мал шаруашылығының өзіндік құнын арттырып, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Қайтарылған жерлердің толыққанды әрі тиімді айналымға енгізілмеуі жүйелі басқару мен жоспарлаудың әлсіздігін көрсетеді, - деді сенатор.

Кадр мәселесі

Ауылды жерлерде ветеринар дәрігерлер, зоотехниктер, селекционерлер мен малшылардың жетіспеушілігі саланың дамуын тежеп отыр. Бұл тек жалақы мәселесі емес. Әлеуметтік пакет, тұрғын үй, медицина, байланыс, дуалды білім беру жүйесі нақты әрі заңнамалық деңгейде шешілмейінше, кадр тапшылығы ушыға береді. Бұл өз кезегінде ветеринариялық қауіпсіздікке және өнім сапасына тікелей қауіп төндіреді.

- Өнім сапасы мен қадағалау жүйесі. Қадағалау жүйесінің әлсіздігі вакциналар мен биологиялық қоспалардың бақылаусыз қолданылуына, сүт өнімдерінен ауыр металдардың табылуына әкеліп отыр. Бұл отандық өнімге деген тұтынушылық сенімді төмендетіп, импортқа тәуелділікті күшейтеді, - деді Арман Өтеғұлов.

Сонымен қатар ол өнімді өткізу және баға мәселесіне тоқталды.
2025 жылы жалпы инфляция 12,3 пайызды құраса, ет және ет өнімдері 22,6 пайызға, сүт өнімдері 11,2 пайызға қымбаттады. Делдалдардың көптігі, логистика мен салқындатылған тасымалдау жүйесінің жеткіліксіздігі бағаның өсуіне негізгі себеп болды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мал шаруашылығы тиімді дамуы үшін мал өсіру, бордақылау, өңдеу және өткізу кезеңдері біртұтас өндірістік тізбек ретінде жұмыс істеуі тиіс.

- Осы тұрғыда 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды атап өткен жөн. Құжат ауқымды, қаржыландыруы бар, мақсаттары биік. Алайда мәселе – жоспардың көлемінде емес, нақты нәтижесінде. Жоспарда ірі қара мал санын 12 млн басқа жеткізу, ет экспортын екі есеге арттыру сияқты амбициялы міндеттер қойылған. Бірақ жайылым тозуы, су тапшылығы, кадр жетіспеушілігі және ветеринариялық қауіптер жағдайында бұл көрсеткіштердің қаншалықты шынайы екені ашық сұрақ күйінде қалып отыр. Жалпы, жауапкершілік пен бақылау тетіктері әлсіз. Әрбір теңгенің қайтарылымы, тәуелсіз аудит, парламенттік мониторинг және жыл сайынғы есеп беру жүйесі нақты көрсетілмеген. Салаға қажет қаржы бөлу нақтыланбаған. Жергілікті атқарушы орган үшін бұл маңызды, - деді сенатор.

Мұнымен қоса депута шағын және орта шаруашылықтар жоспардан шет қалып отырғанын айтты. Жеңілдетілген кредиттер көбіне ірі шаруашылықтарға ғана қолжетімді. Ал ауылдағы ұсақ шаруалар кепіл мен талаптан өте алмайды. Егер ауылды дамытамыз десек, қаржы ең алдымен соларға жетуі тиіс.

- Жайылым мәселесі жоспардың ең әлсіз тұсы болып отыр. Инфрақұрылымсыз, су көздерінсіз жайылымды қалпына келтіру мүмкін емес. Сондай-ақ генетика мен селекцияда импортқа тәуелділік сақталып отыр. Отандық тұқымдарды дамыту нақты қаржылық басымдыққа ие болмайынша, бұл тәуелділік тереңдей береді. Атап айтқанда, цифрландыру мен жасанды интеллект қағаз жүзінде қалмауы тиіс. Ол фермерге нақты экономикалық пайда әкелетін құралға айналуы қажет, - деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сенатор Әли Бектаев мал шаруашылығындағы негізгі проблеманы атады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 14:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары