Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Депутат Үнзила Шапақ: Еліміз саяси жаңғырудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр

Депутат Үнзила Шапақ: Еліміз саяси жаңғырудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Сіз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына мүше ретінде қатыстыңыз. Отырыста айтылған бастамалар еліміздің саяси өміріне қаншалықты өзгеріс әкеледі деп ойлайсыз?

— Өзіңіз байқаған боларсыз, жұмыс тобының құрамына мемлекеттік басқару жүйесінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, білікті заңгерлер, қоғам және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ танымал саясаттанушылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

Яғни, бұл жерде айта кететін жайт — еліміз қазіргі таңда саяси жаңғырудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр. «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы стратегиялық бағдар айқындалды.

Жаңа саяси және құқықтық институттар қалыптасуда. Сонымен бірге қоғам өмірінде де елеулі өзгерістер байқалады — қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениеті артып келеді. Осыған байланысты мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, оның тиімділігін арттыру — бүгінгі уақыт талабы.

Ең маңызды ұстанымдардың бірі — Парламенттің құрылымын оңтайландыру мәселесі.

Бұдан біз не күтеміз? Ең алдымен, билік тармақтарының өзара тиімді жұмыс істеуін, оның нәтижелілігін, сондай-ақ парламенттік реформаның нәтижесінде демократиялық институттардың нығаюын және халық өкілдігінің тетіктерінің жетілдірілуін күтеміз.

Осы реформаның нәтижесінде мемлекеттік басқару тиімділігі артып, заң шығару процесінің ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы шығындарды азайту да басты мақсаттардың бірі.

— Мемлекет басшысы» Қазақстан — халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет. Бұл — мызғымас ұстаным» деп шегелеп айтты. Сіздің ойыңызша, бұл сөздер нені білдіреді?

— Президент «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының елімізде негізгі ұстаным ретінде қалатынын нақты атап өтті.

Яғни, Парламенттік реформаның нәтижесінде бір палаталы Парламентке көшу халықаралық тәжірибеге сай келетіні және президенттік билік жүйесінің тиімділігі сақталатыны айтылды.

Әрине, мұндай сұраққа жауап беруден бұрын, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы өз қызметі барысында барлық пікір мен ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, мұқият зерделейді. Соның нәтижесінде реформаның негізгі тұжырымдары айқындалатын болады.

— Бүгінгі отырыста Президент негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін айтты. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Сіз депутат ретінде осындай ауқымды өзгерістер жасауға еліміз дайын деп ойлайсыз ба?

— Мен өзімнің сөйлеген сөзімде атап өткендей, Конституцияның өміршеңдігі — оның заман талабына сай икемделе алу қабілетінде. Осы өзгерістерге мемлекеттің дайын немесе дайын еместігі туралы айту үшін, ең алдымен елімізде болып жатқан үдерістерге дұрыс баға бере алуымыз қажет.

Яғни, біз әділетті Қазақстан құру жолын таңдадық және оған нақты стратегиялық бағыттар қойдық. Енді осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу барысында жаңа саяси және құқықтық институттар қалыптасып жатыр.

Олардың нәтижесі белгілі бір деңгейде мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға және оның тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

Сөзсіз, қоғамда белгілі бір өзгерістер болған сайын, ол өз өміріне жаңа міндеттер мен жаңа талаптар қояды. Ал бұл жаңа міндеттер мен талаптар өз кезегінде жаңа өзгерістерді туындатады — бұл заңдылық.

Сондықтан Парламенттік реформа да әлі де сұрыпталып, сарапталып, терең зерттелетін болады. Бұл үдеріске қатысты әр пікір мен ұсыныс жан-жақты сараптамадан өтеді.

Кез келген ой мен ұстаным мұқият зерделеніп, содан кейін ғана нақты өзгерістер енгізіледі.

Сондықтан егер қоғам осы өзгерістерді қабылдауға толық дайын болмаса немесе белгілі бір нәзіктік байқалса, сол жағдайға икемдеп бейімдейтін амал-тәсілдер де қарастырылатын болады.

— Қалай ойлайсыз, Парламентті терең реформалайтын кез келді ме? Ондаған жылдар бойы бір жүйемен тоқтаусыз жүріп келе жатқан еліміз үшін мұндай түбегейлі реформа не береді?

— Президент өзінің ұстанымын кеңінен түсіндіріп өтті. Ол барлық реформалардың тек эволюциялық жолмен жүзеге асырылатынын нақты атап айтты.

Яғни, бұл реформаларды іске асыру кезінде азаматтардың сұранысы, ұлттық ерекшеліктеріміз, қоғамның көпұлтты құрамы және менталитетіміз толық ескеріле отырып, еліміздің түпкі мүддесіне сай шешімдер қабылданатынына назар аударды.

Кез келген реформа белгілі бір кезеңдермен жүзеге асырылып келеді. Сондықтан қоғам да осындай жаңғыру үдерістеріне біртіндеп бейімделіп, жаңа реформаларға дайындық деңгейін көрсетіп отыр деп айтуға болады.

Бұған дейін айтқанымдай, азаматтардың белсенділігі, саяси сауаттылығы және өзгерістерге деген дайындығы — қазіргі қоғамдағы пікірталастар мен қоғамдық сұраныстардан да айқын көрінеді.

Қазіргі таңда елде саяси мәдениет жоғары деңгейге көтеріліп, кез келген мәселені байыппен талқылап, салмақтап қарайтын орта қалыптасып келеді деп айту орынды.

Сонымен қатар бұл реформаларды іске асыру барысында халықаралық тәжірибе де мұқият зерделенетін болады. Көптеген мемлекеттерде екі палаталы парламенттен бір палаталы жүйеге ауысу тәжірибесі бар. Мысалы, Швеция, Дания, Перу және Коста-Рика елдерін мысалға келтіруге болады.

Сондықтан осы елдердің тәжірибесі талданады және өзімізге жақын көршілес мемлекеттердің парламенттік реформалардағы ұстанымдары мен қоғам қабылдауы да зерттеліп, салыстырмалы түрде сарапталатын болады.

Жұмыс тобының өз құрамына түрлі саладағы білікті мамандардың тартылуы — бұл мәселені жан-жақты қарастыруға және әр қырынан талқылауға мүмкіндік береді.

Түпкілікті шешім қабылданар алдында әр пікір мұқият зерделеніп, реформаның жүзеге асу барысы мен оның түпкі нәтижесіне апаратын нақты жолдар жан-жақты сараланатын болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 19:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары