Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Десанттық шабуылдау әскері елдегі бірлік пен тұрақтылықты қамтамассыз етуде

Десанттық шабуылдау әскері елдегі бірлік пен тұрақтылықты қамтамассыз етуде

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

6 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылған күні. Биыл айтулы мерекенің 26 жылдығына орай  Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында және өзге де гарнизондарда орналасқан әскери бөлімдерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осы уақыт аралығында Десанттық-шабуылдау әскерлері еліміздің Қарулы Күштерінің ең ұтқыр әрі жоғары жауынгерлік әзірлігі бар әскер тектегінің біріне айналды. Жоғарғы Бас қолбасшының резерві ретінде десантшылар елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға қабілетті екенін көз жеткізді.

– Жиырма алты жыл ішінде Десанттық-шабуылдау әскерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сенімді тірегіне айналды. Бұл – бір емес, бірнеше буын десантшылардың жанқиярлық еңбегі мен дәстүрге адалдығы, жауынгерлік шеберлікті үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысының нәтижесі. Бүгінде біздің әскери қызметшілер заманауи технологияларды оңынан меңгеріп, халықаралық оқу-жаттығулар мен бітімгерлік миссияларға қатысу арқылы қазақстандық десанттың жоғары беделін айшықтап келеді. Сондықтан біздің көк берет иелері әскери ортадағы үздік дәстүрден бой жазбай, Отанға деген адалдығын сақтайтынына сенімдімін, – дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, полковник Махсут Гусейнов.

Бүгінде Десанттық-шабуылдау әскері – ел қауіпсіздігін  асқан жауапкершілікпен сезінетін білікті мамандар жиналған ұжым. Олар өзінің әрбір әркетімен жас әскери қызметшілерге патриотизм мен Әскери антқа деген адалдықты ұлықтайды. Соның арқасында Қазақстан әскерінің жауынгерлік әлеуеті одан әрі нығая түседі. 

Десанттар арасындағы сұр мерген

Атап айтар болсақ, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы ірі халықаралық және республикалық оқу-жаттығуларға, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссияларына қатысу арқылы ұрыс жүргізу тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, өзінің жоғары кәсіби даярлық деңгейін дәлелдеп келеді. Мәселен десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2026», «Өзара іс-қимыл – 2026», «Мызғымас бауырластық – 2026», «Орман бауырластығы – 2026» секілді оқу-жаттығуына белсенді қатыса отырып, әскеріміз жауынгерлік шеберлікті жетілдіріп, өңірлік қауіпсіздікті нығайту басымдық бергенін көрсетеді.

Әсіресе, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, еліміздің аумағында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің басшылығымен ҰҚШҰ Орталық Азия өңірінің Ұжымдық жедел өрістету күштерімен бірлескен «Шеп – 2026» оқу-жаттығуы және «Бауырластық шыңы – 2026» халықаралық оқу-жаттығуы өткен.

Өз ішіміз де ғана емес, өзге де халықаралық сайысқа қатысқан десанттық-шабуылдау әскеріндегі әскери қызметшілер жеңіс тұғырынан көрініп, өз кәсіби даярлығы жоғары екенін көрсеткен. Сондай сайыстың бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің XXIII спартакиадасы аясында Гвардейск гарнизонында өткен АК-3 автоматы мен ПМ-3 тапаншасынан ату бойынша чемпионат. Жарысқа еліміздің Қарулы күштердің барлық түрі мен әскери бөлімдерін таныстырған 14 команданың құрамында 100-ден астам сарбаз қатысты.

Осы жолғы сайыстың артықшылығы – әйелдер арасында Алматы қаласы Райымбек батыр атындағы 38-ші Десанттық-шабуылдау бригадасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі рота командирінің орынбасары, сержант Аяжан Әміржанова төртінші рет чемпион атанды. Ол – Қазақстан Республикасының оқ атудан спорт шебері және 2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздік спортшысы атанды.

– Десанттық-шабуылдау әскерлерінің намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе. Сондай сайыстың жеңімпазы атану, тағы бір мәрте растау – абырой. Мұндай жарыстар әскердегі үздік мергендерімен тәжірибе алмаса отырып, өз шеберлігіңді шыңдай түсуге көмектеседі. Сондықтан әскери салада, әсіресе, ар-намыс, жауынгерлік бауырластық пен мінсіз даярлық басты құндылық саналатын Десанттық-шабуылдау әскерінде қызмет ететінімді мақтан тұтамын. Әрбір десантшының жеңісі – қазақстандық десанттың және еліміздің Қарулы күштерінің абыройын арттыруға қосылған үлес, – деді Аяжан Әміржанова.

 Біліктілігін шыңдаған жас десанттар

Жақында 100-ден аса жас десантшы алғашқы парашютпен секіріп, әскердегі дайындығын шыңдай түсті. Мұндай оқу-жаттығуы «Жаңа Іле - Оңтүстік» секіру алаңында Қонаев гарнизонында өтті. Оған десанттық-шабуылдау бригадасының 120-дан астам әскери қызметшісі қатысып, 100-і парашютпен алғаш рет секірді.  Десанттау Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен жүзеге асырылды.

Гвардия майоры Данияр Әбдірахмановтың айтуынша, алғашқы секірудің алдында әскери қызметшілер әуе-десант даярлық курсынан толық өткен.  Ол жерде олар әуе кемесінен шығу тәртібін, парашютті басқаруды, жерге дұрыс қону тәсілін ғана емес, төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмін меңгерді. Ал дайындықтың соңғы кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша бақылау нұсқамасы өткізілді.

– Әрбір секірудің алдында жан-жақты дайындық жүргізіледі. Әскери қызметшілер теориялық білімді де, практикалық дағдыны да толық меңгеруі тиіс. Десанттаудың қауіпсіздігі олардың сауатты іс-әрекетіне тікелей байланысты. Сондықтан даярлық бағдарламасын толық әрі сәтті аяқтаса, жеке құрамға парашютпен секіруге рұқсат беріледі, – деді 32363 әскери бөлімінің әуе-десант даярлығы бөлімінің аға офицері, гвардия майоры Данияр Әбдірахманов.

Парашюттан жеке секіру – жас десантшыларға өзін шыңдаудың маңызды кезеңі. Игерген машықтарын тактикалық даярлық барысында жетілдіріліп, әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерді орындау дайындығын күшейте түседі. Әр сарбаздың өз күшіне деген сенімін қалыптастырып, психологиялық орнықтылық қана емес, топтағы тұрақтылық пен ауызбіршлікке негіз болады. Сол себепті әуе-десант даярлығы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік даярлығындағы негізгі бағыттардың бірі екенін ұмытпаған жөн.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 17:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары