Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Сайрандағы мақта кәмпит сатушысының фотосы алматылықтарды шошытты

БҚО да кеше ғана мектеп бітірген үш бала суға кетті

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек?

Семейде танымал брендтердің тұрмыстық техникасын сатуға тыйым салынды

Президент арнаулы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Бір Алла сақтады : танымал мектеп директоры жол апатына түсті

​Бюджеттік оптимизм : неліктен Қазақстанның ЖІӨ 9 триллионға өсіп, қазынаға миллиардтаған қаржы түспей қалды

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

Үйден шығудан қалдық : Павлодар облысында тұрғындар масаға таланып жатыр

Дрон үшін екі сағаттық жол: Каспийдегі мұнай кеніштері соққы астында қалуы мүмкін бе?

Дрон үшін екі сағаттық жол: Каспийдегі мұнай кеніштері соққы астында қалуы мүмкін бе?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Парсы шығанағындағы шиеленіс жаһандық энергетика нарығын тығырыққа тіреді. Тіпті, The Economist Ормуздағы эскалацияны "Әлем экономикасына жасалған қастандыққа" балап отыр. Мұнай нарығындағы бұл «соғыс ойыны» шикізат құнын қай деңгейге жеткізбек және Қазақстанның ішкі тұрақтылығына ол қалай әсер етеді? Сарапшы Асқар Исмаиловтың арнайы талдауында.

– Асқар мырза, соғыс жағдайында мұнай бағасының болашағы қандай болуы мүмкін?

– Мұнай бағасы жақында бір сәтте 120 долларға дейін көтерілді, кейін шамамен 110 доллардың төңірегіне түсті. Бұл өзгерістердің басты себебі – Парсы шығанағындағы соғыс салдарынан мұнай жеткізілімінің азаюы. Яғни нарықтағы қарапайым заңдылық жұмыс істеп тұр: сұраныс ұсыныстан көп болса, баға өседі.

Сонымен қатар мұнда психологиялық фактор да бар. Нарықтағы инвесторлар мен трейдерлер соғысқа байланысты алаңдап, бағаны көтеріп жібереді. Бұған қоса мұнай бағасына тәуекел үстемесі деп аталатын фактор қосылады. Яғни соғыс қаупі, саяси тұрақсыздық сияқты жағдайлар мұнайдың құнына қосымша әсер етеді.

Тағы бір маңызды нәрсе – мұнайды тасымалдау құны қатты қымбаттап кетті. Бұрын теңіз арқылы бір баррель мұнайды жеткізу шамамен 2 доллар болса, қазір 14-15 долларға дейін өсті. Яғни шамамен 7 есе қымбаттаған. Бұл да мұнай бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі.

– Мұндай жағдай қанша уақытқа созылуы мүмкін?

– Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Барлығы соғыстың қанша уақытқа созылатынына және қаншалықты қарқынды жүретініне байланысты. Алғашында сарапшылар құрлықтағы әскери операция болмайды деп ойлаған кезде, нарық тынышталып, баға да төмендей бастаған еді. Сол кезде Халықаралық энергетикалық агенттік стратегиялық қордан 400 млн баррель мұнай шығарамыз деп мәлімдеген. Бірақ кейін жердегі әскери операция болуы мүмкін деген ақпарат шыққанда, нарық қайтадан алаңдай бастады.

Бұған дейін Иран, АҚШ және Израиль қызыл сызықтан аспай, мұнай нысандарына соққы жасамауға тырысқан еді. Сондықтан нарық қатты дүрлікпей, баға тым жоғары көтерілмеген. Бірақ қазір екі тарап та мұнай өндірісіне әсер ететін нысандарға соққы жасай бастады. Соның салдарынан тіпті кейбір елдерде өндіріс уақытша тоқтап қалды. Мысалы, Иракта бір кезеңде мұнай өндіру толық тоқтаған, ал Сауд Арабиясында өндіріс айтарлықтай қысқарған.

Осындай жағдайлар мұнай нарығына тікелей әсер етуде. Соғыстың қарқыны мен ұзақтығы бағаға қатты ықпал етеді. Сондықтан дәл қазір нақты болжам жасау өте қиын. Өйткені АҚШ-тағы Трамп әкімшілігі мен Израильдің алдағы жоспары қандай болатыны белгісіз.

Кейбір израильдік әскери сарапшылардың айтуынша, құрлықтағы операция болмауы мүмкін, негізгі соққылар әуе күштері арқылы жасалуы ықтимал. Бірақ мұндай ақпараттың көп бөлігі құпия болғандықтан, қазіргі жағдайда мұнай бағасының болашағын нақты болжау өте қиын.

– Бұл соғыстың Қазақстан экономикасына әсері қандай болмақ?

– Қазақстан экономикасына әсеріне келсек, қысқа мерзімде бұл белгілі бір деңгейде пайдалы. Себебі мұнай бағасының өсуі бюджетке де, Ұлттық қорға да валюталық түсімнің артуына мүмкіндік береді. Бірақ Қазақстан үшін негізгі мәселе – КТК мұнай құбыры. Қазір екі қалқымалы тиеу құрылғысы (ВПУ) бар, олардың біреуі жөндеуден өтіп Ресейге жеткізілді, ал екіншісі әлі тасымалданбай, жолда қалып отыр.

Бұл жағдай КТК-ның өткізу қабілетіне қатты әсер етеді деп айту қиын, бірақ тәуекел бар. Жоспар бойынша бұл құрылғыны сәуір айында әкеліп, орнату керек еді. Бұдан бөлек тағы бір қауіп бар – Украина бұл құрылғыларға қайтадан шабуыл жасауы мүмкін. Яғни тәуекел көп. Сондықтан мұнай бағасы өсіп, Қазақстан бюджетіне пайдалы болса да, егер КТК арқылы тасымалдау мәселесі шешілмесе, оның пайдасы айтарлықтай сезілмеуі мүмкін. Өйткені біз өндіре алатын мұнайдың бәрін сыртқа шығарып, сата алмай қалуымыз ықтимал.

Қазір құбыр жүйесі жобалық қуатына қайта шыққан сияқты. Бірақ тағы бір мәселе бар: Теңіз кен орнында қайтадан өрт болды. Соның салдарынан ол жердегі мұнай өндіру шамамен 30 пайызға азайып кетті. Демек, біз тасымалдай алатын мұнай көлемі де азаяды.

Ал ұзақ мерзімде мұнай бағасының жоғары болуы жақсы емес. Өйткені қымбат мұнай бүкіл әлемде инфляцияны күшейтеді. Мұндай жағдайда экономикасы әлсіз елдер көбірек зардап шегеді. Өкінішке қарай, Қазақстан экономикасы да мұндай тәуекелге осал. Елдегі тауарлардың шамамен 80 пайызы импортқа тәуелді, сондықтан инфляция халыққа тікелей әсер етеді – азық-түлік пен басқа да тауарлар қымбаттайды.

Егер соғыс жақын арада аяқталса, оның айтарлықтай салдарын сезбеуіміз мүмкін. Ал егер қақтығыс ұзаққа созылса, онда бағалар біртіндеп тағы да өсе бастайды.

– Қазақстан үшін бұдан өзге қандай да бір тәуекел бар ма?

– Мынадай бір мәселе бар. Иранның ішінде өзара келіспеушілік өте көп. Мысалы, Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) кейде шешімдерді өз бетімен қабылдайды. Ал Иран президенті бір мәлімдеме жасап, кейін ол сөздер жоққа шығарылып жатады.

Мысалы, президент Иранға шабуыл жасамаған көрші елдерге соққы жасалғаны үшін кешірім сұраған. Бірақ соған қарамастан шабуылдар жалғаса берген. Осындай жағдай Әзербайжанмен де, Оманмен де болды. Тіпті Иранға ең жақын елдердің бірі саналатын Оманның өзіне де шабуыл жасалған.

Бұл жағдай өткен жылы маусымда болған 12 күндік соғыстан кейінгі өзгерістермен байланысты. Сол кезде мемлекет басқару жүйесінде кейбір өкілеттіктер жоғары биліктен төменгі деңгейдегі құрылымдарға берілген. Сонымен қатар көптеген басқару шешімдері КСИР-ге тапсырылған. Соның салдарынан кейде жергілікті әскери бөлімдер орталық билікпен толық келісілмеген шешімдер қабылдауы мүмкін.

Мен мұны не үшін айтып отырмын. Жақында Иранның Қазақстандағы елшісі сөйлеп, «Қазақстанмен қарым-қатынасымыз әрқашан жақсы болған, алаңдамаңыздар» деді. Шынында да, Ирандағы бұқаралық ақпарат құралдарын қарасақ, тіпті оппозициялық медиада да Қазақстанға қатысты жағымсыз пікір көп кездеспейді.

Бірақ қазіргі жағдайда, әскери құрылымдар биліктің бір бөлігін өз қолына алғандықтан, белгілі бір тәуекелдер бар. Себебі Қазақстандағы Теңіз және Қашаған кен орындарында америкалық компаниялар жұмыс істейді. Сондықтан кейбір әскери топтар оларды нысанаға алуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.

Мен мұны бекер айтып отырған жоқпын. Екі-үш күн бұрын Ирактағы Chevron зауытына дрондар жіберілген. Соның салдарынан зауыттар жұмысын уақытша тоқтатты. Ал Каспий аймағындағы арақашықтық аса үлкен емес. Мысалы, Қашаған мен Теңізге дейін шамамен 400-500 шақырым ғана, ал дрон үшін бұл үлкен қашықтық емес – ең көбі екі сағаттық ұшу. Сондықтан қауіп деңгейі жоғары.

Егер мұндай жағдай Қазақстанда орын алса, салдары ауыр болуы мүмкін. Біз бұған ұқсас жайды өткен жылдың желтоқсаны мен қаңтарында көрдік. Сол кезде Теңіз кен орны мұнай өндіруді тоқтатқанда, елде газ тапшылығы байқалды. Себебі Теңізден шығатын газ жылу мен электр энергиясын өндіруге де пайдаланылады.

Егер, құдай сақтасын, тағы сондай жағдай қайталанса, мұнай бағасы қанша жоғары болса да еш пайдасы жоқ. Өйткені біз мұнайды өндіре алмасақ, одан қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімде де пайда көре алмаймыз.

– Мұнай қымбаттағанда теңге де күшейді, бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?

– Мұнай бағасы көтерілген кезде теңге 492 деңгейіне дейін нығайды. Бұл құбылысты валютаның көбірек келуімен түсіндіруге болады. Мұнай қымбат бағамен сатылған сайын елге көп доллар түседі, ал бұл теңгенің нығаюына әсер етеді.

Бірақ теңгенің қазіргі бағамы тек мұнайға байланысты емес. Қазір оған әсер етіп отырған екі негізгі фактор бар. Біріншісі – Ұлттық банктің жоғары пайыздық мөлшерлемесі (18%). Екіншісі – шетелдік инвесторлардың теңгеге инвестиция салуы. Олар теңге сатып алып, жоғары пайызбен пайда табуды көздейді.

Мұнда белгілі бір тәуекел бар. Егер бір күні бұл инвесторлар кенеттен нарықтан кетсе, теңге күрт әлсіреуі мүмкін. Мұндай жағдай 1997 жылы Оңтүстік Кореяда болған. Сондықтан біз үшін бұл да үлкен қауіп.

Егер Қазақстанда мұнай өндіру мен КТК арқылы тасымалдау мәселелері шешілсе, бұл тәуекелді азайтуға болады. Дегенмен негізгі қауіп – теңгенің сыртқы инвесторлардың әсерінен уақытша күшеюі. Бұл экономикамыз күшейгендіктен емес, тек сырттан келген қаржының әсері.

Оның үстіне Қазақстан экономикасында рубльге белгілі бір деңгейде байланыс бар. Кей деректерде Қазақстан Ұлттық банкі мен Ресей Орталық банкі арасында белгілі бір паритетті сақтау туралы келісім бар деген пікір айтылады. Егер Ресейде рубль қатты әлсіресе, оның әсерін біз де сезінуіміз мүмкін.

Сондықтан қазіргі теңгенің нығаюы – экономиканың күшеюінен емес, сырттан келген қаржының әсері. Бұл ақша көбіне нақты экономикаға құйылмайды, яғни жаңа зауыттар салынбайды, инфрақұрылым жақсармайды. Қаражат банктердегі есепшоттарда жатып, тек валюта бағамының өзгерісінен пайда табу үшін пайдаланылады. Кейін инвесторлар сол ақшаны қайта шығарып алу арқылы одан табыс табады.

– Қазақстанда мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары дейді. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады және әлемдік нарықта мұнай бағасы қандай деңгейге түскенде елімізде дағдарыс орнауы мүмкін?

– Мұнайдың өзіндік құнына келсек, бұл көрсеткіш бізде әр жерде әртүрлі. Маңғыстау мен Атырау облыстарында негізінен «ҚазМұнайГазға» және жеке компанияларға тиесілі ескі кен орындары бар. Бұл жерлерде қор сарқыла бастағандықтан, өндіріс шығыны өте жоғары. Әсіресе «Өзенмұнайгаз» бен «Маңғыстаумұнайгазда» бір баррель мұнайдың өзіндік құны 60 долларға дейін жетеді. Бірақ мұнда тек өндіріс шығынын ғана емес, салық жүктемесін де ескеру керек. Бізде мұнай саласы түскен пайданың 60%-ға жуығын салық ретінде мемлекетке төлейді. Сондықтан, өндіру шығыны 10-15 доллар шамасында болатын Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтың өзінде салықты қосқанда бұл сома айтарлықтай өседі.

Шартты түрде айтқанда (бұл нақты цифр емес, мысал ретінде), мұнай бағасы 50 доллардан төмендесе, ескі кен орындарын игеруші компаниялар үлкен шығынға бата бастайды. Алайда, мұндай ескі кен орындарының жалпы өндірістегі үлесі шамамен 20%-ды ғана құрайды. Қалған 80%-ы Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанның үлесінде. Бұл алпауыт жобаларда өзіндік құн төменірек әрі оларға белгілі бір салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Дегенмен, Қашағаннан келіп жатқан нақты пайда әзірге өте аз. Қазіргі таңда ел экономикасын негізінен «Теңізшевройл» мен «Қарашығанақ» жобалары сүйеп тұр.

– Қазір Қазақстанда қанша жылға жетерлік мұнай бар?

– Бізде мұнай қоры мол, бірақ мәселе оны өндірудің экономикалық тиімділігінде. Қазіргі жағдайда өндіруге тұрарлық қор алдағы 30-40 жылға жетеді. Бірақ негізгі мәселе басқада: бұл есеп негізінен Теңіз бен Қашаған сияқты ірі жобаларға сүйенген. Оның үстіне, бұл екі кен орнының мұнайы түгелдей дерлік экспортқа кетеді. Ал Қазақстан ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін жылына 20 миллион тонна мұнай өңдеуі тиіс.

Қазіргі уақытта мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) шикізат беретін ескі кен орындарының қоры 10, ары кетсе 15 жылға ғана жетеді. Егер 15 жылдан кейін Теңіз бен Қашаған мұнайын ішкі нарыққа бұрмасақ, еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауыты шикізатсыз қалып, жұмысын тоқтатады. Бұл нағыз көлік коллапсына әкеп соғуы мүмкін. Өйткені бензин мен дизель тапшылығы туындап, ауыл шаруашылығы, теміржол және авиация салалары тұралап қалады.

Сондықтан қазірден бастап төртінші МӨЗ құрылысын қолға алу өте маңызды. Неге десеңіз, Атырау, Шымкент және Павлодардағы қазіргі зауыттардың технологиясы ескі кен орындарынан шығатын мұнайға бейімделген. Теңіз мұнайының химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгеше, сондықтан қазіргі зауыттар оны өңдей алмайды. Төртінші зауыт бізге ескі кен орындарындағы мұнай таусылған кездегі қауіптің алдын алу үшін қажет. Бұл – кешіктіруге болмайтын стратегиялық мәселе.

– Соңғы кездері Қазақстан үкіметі ірі мұнай компанияларына неге жиі сотқа шағым түсіре бастады?

– Бұл мәселенің бірнеше терең себебі бар. Біріншіден, Қашаған жобасындағы Өнімді бөлісу туралы келісімшарттың (ӨБК) күрделілігі инвесторларды да, мемлекетті де шаршатты. Мұнда шешім қабылдау процесі тым баяу: бір аптада шешілетін шаруа акционерлер мен мемлекеттік орган (PSA) арасындағы келісу процедураларының кесірінен айларға созылады. Осының салдарынан Қашағанды игерудің екінші кезеңі тоқтап тұр. Салыстырмалы түрде алсақ, Теңіз жобасында басқару тізгіні бір ғана компанияда («Шеврон») болғандықтан, жұмыс әлдеқайда жедел жүреді.

Екінші мәселе – Қазақстан тарапының ішкі үйлесімсіздігі. Шетелдік инвесторлар нақты кіммен келіссөз жүргізерін білмей дал. Бір жағынан Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және PSA келіссөз үстеліне отырса, екінші жағынан Экология министрлігі сол компанияларға 4 миллиард доллар айыппұл салып, сотқа береді.

Үшіншіден, бұл – экономикалық қажеттілік. Президент 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні (ВВП) екі есе арттыруды тапсырды. Алайда, бұл мақсатқа жету үшін елде ішкі инвестиция мен энергия қуаты жеткіліксіз. Электр станцияларының құрылысы баяу жүріп жатыр. Сондықтан мемлекет экономикалық көрсеткішті өсірудің амалы ретінде ірі кен орындарына (Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ) салынатын айыппұлдар мен қаржылық талаптарды қолданып отыр.

Төртіншіден, бұл – саяси өзгерістердің көрінісі. Жаңа Қазақстан бұрынғы «ойын ережелерін» қайта қарауға мәжбүрлеуде. Конституциялық реформа мен жер қойнауының халыққа тиесілі екені туралы қағида осы процесті тездетті.

Алайда, Қашағанға қойылған 170 миллиард долларлық талаптың орындалуы екіталай. Бұл сома кен орнының өзіндік құны мен салынған инвестициядан әлдеқайда жоғары. Заң тұрғысынан мұндай көлемдегі талаптардың қанағаттандырылуы қиын, сондықтан инвесторлар төлем жасаған күннің өзінде ол сома бұдан едәуір аз болары анық.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 05:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

10 Маусым 2026 19:43see120

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

10 Маусым 2026 17:32see119

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

10 Маусым 2026 14:49see119

Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады

10 Маусым 2026 16:39see118

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10 Маусым 2026 18:53see117

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see117

Сайрандағы мақта кәмпит сатушысының фотосы алматылықтарды шошытты

10 Маусым 2026 15:54see117

БҚО да кеше ғана мектеп бітірген үш бала суға кетті

10 Маусым 2026 15:42see116

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды

10 Маусым 2026 16:35see116

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

10 Маусым 2026 21:32see116

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

11 Маусым 2026 10:41see114

Алаяқтардан қорғану үшін не істеу керек?

11 Маусым 2026 01:12see113

Семейде танымал брендтердің тұрмыстық техникасын сатуға тыйым салынды

11 Маусым 2026 00:30see112

Президент арнаулы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

10 Маусым 2026 19:30see112

Бір Алла сақтады : танымал мектеп директоры жол апатына түсті

11 Маусым 2026 00:26see112

​Бюджеттік оптимизм : неліктен Қазақстанның ЖІӨ 9 триллионға өсіп, қазынаға миллиардтаған қаржы түспей қалды

10 Маусым 2026 15:43see111

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

11 Маусым 2026 16:08see110

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see110

Астанада полицейлер 88 жастағы қарияны алаяқтардан құтқарып қалды

10 Маусым 2026 21:10see110

Үйден шығудан қалдық : Павлодар облысында тұрғындар масаға таланып жатыр

10 Маусым 2026 21:33see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары