Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

ЕАЭО ның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% ға өсті

ЕАЭО ның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% ға өсті

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтті. Жиында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

"Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалығы кезеңінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұйымға мүше мемлекеттер басшыларына жолдаған үндеуінде айқындалған негізгі мақсаттарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін басшылыққа аламыз. Бүгін біз ЕАЭО-ның сыртқы саудасы мен елдеріміз арасындағы көлік байланысын, сондай-ақ мүше мемлекеттер бастамашылық жасаған жекелеген мәселелерді қарастырамыз. Бұл бағыттар ұлттық экономикаларды дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аса маңызды. Бүгінгі жұмысымыздың нәтижелері кеңес алдында тұрған мақсаттарға одан әрі қол жеткізуге және міндеттерді шешуге ықпал етеді деп сенемін", — деді Олжас Бектенов.

Шағын құрамда өткен отырыста кең ауқымды мәселелер, атап айтқанда, көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі және ынтымақтастықтың басқа да бағыттары талқыланды.

Кеңейтілген құрамда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың бірлескен болжамдары және 2026-2027 жылдарға арналған сұраныс пен ұсыныстың теңгерімдері, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижелері және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі қаралды. Теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың ағымдағы нәтижелері тыңдалды. Ортақ электр энергетикасы нарығының жұмысына, кедендік әкімшілендіру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Қазақстан премьер-министрі инвестициялық және өндірістік белсенділікті қолдау, экономикалық кооперацияны кеңейту және өсімнің жаңа көздерін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өскен. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы бағада 17%-ға өсіп, 244,5 млрд долларға жетті.

Өзара сауданы дамытудың негізгі факторларының бірі – Одақтың транзиттік әлеуетін жүзеге асыру. Олжас Бектенов көлік саласын цифрлық трансформациялаудың және Одақтың цифрлық көлік дәліздерінің толыққанды экожүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда жүктерді электрондық сүйемелдеуді және мемлекеттік органдар мен бизнес арасында деректер алмасуды логистиканың бірыңғай терезесі саналатын Smart Cargo жүйесі қамтамасыз етеді. Жүк ағындарын болжау және маршруттық желіні модельдеу үшін Echelon Alpha платформасы, жылжымалы құрамды контактісіз диагностикалау үшін KinetiX жүйесі қолданылады. Соңғы бес жылда Қазақстанның көлік секторының жалпы өнімі үш есеге өсіп, 14 трлн теңгеден асты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 938,6 млрд долларды құрады. Өңдеу секторында өндіріс көлемі 630,9 млрд долларға жетті. Премьер-министр бірлескен жобаларға, қосылған құнның жаңа тізбектерін қалыптастыруға және мүше мемлекеттердің өндірістік кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға назар аудара отырып, ЕАЭО шеңберінде 2030 жылға дейін өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Экономикалық интеграцияның практикалық құралдарының бірі – ауылшаруашылық өнімдеріне арналған қойма куәліктерінің жүйесі. Осы жылдың маусым айында күшіне енген келісім аграрлық өнімді кепіл ретінде пайдалануға және астық пен ауыл шаруашылығы тауарларының басқа да түрлеріне қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп осы тетіктің толыққанды практикалық қолданылуын қамтамасыз ететін болады.

Отырыстың қорытындысы бойынша сауда, энергетика, өнеркәсіп және басқа да салаларда бірқатар құжатқа, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келесі отырыс осы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 21:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары