Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Келер жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,4 пайызға өседі

Келер жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,4 пайызға өседі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырып, ел экономикасының негізгі өсім параметрлерін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғарин 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.

Базалық сценарийге сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4%, ал үш жылдық орташа өсім 5,3% деңгейінде күтіледі. Номиналды жалпы ішкі өнім көлемі 2026 жылғы 183,8 триллион теңгеден 2028 жылы 229,8 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Экономикалық өсім нақты сектор мен қызмет көрсету саласы есебінен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар нәтижесінде өсім 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артады. Тау-кен өндірісіндегі орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында — 3,9%, құрылыста — 11%, көлікте — 10,1%, саудада — 7% деңгейінде болжанып отыр.

Экспорт көлемі 2026 жылғы 77,1 миллиард АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 миллиард долларға, ал импорт 67,7 миллиард доллардан 75,2 миллиард долларға дейін өседі. Инфляция 2026 жылы 9-11%, 2027-2028 жылдары 6% деңгейінде жоспарланған.

Тиімділік пен бақылауды күшейтуге басымдық беріледі

Отырыста Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырып, құжаттың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және жаңа Бюджет кодексіне негізделіп әзірленгенін атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, бюджет жобасы Парламентте жан-жақты талқыланып, Сенатпен бірлескен жұмыс нәтижесінде бірқатар басым бағыттарға қосымша қаражат қайта бөлінді:

28,5 миллиард теңге – өңірлерді дамытуға, жергілікті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге;

57,7 миллиард теңге – көлік логистикасын дамытуға бағытталды.

«Бұл жобаларды жүзеге асыру – инфрақұрылым сапасын жақсарту арқылы халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтіп, тауар айналымын тездетуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, биылғы бюджетті қалыптастыру өткен жылдардан айтарлықтай ерекшеленеді, себебі бұл жаңа Бюджет кодексі негізінде әзірленген алғашқы құжат», деді Абзал Бейсенбекұлы.

Мемлекеттік қаржы параметрлері: тұрақтылық сақталады

2026 жылы бюджет кірістері 19,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 10,5%-ы көлемінде болжанды. 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 23,2 триллион теңгеге дейін өсуге тиіс. Республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін артады.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2 770 миллард теңге көлемінде сақталады. Бюджет шығыстары 2026 жылы 27,7 триллион теңгені, 2027 жылы 28,8 триллион теңгені, 2028 жылы 29,8 триллион теңгені құрайды.

Фискалдық және мұнай емес тапшылықтар да төмендеу траекториясына шығады: 2028 жылға қарай тиісінше ЖІӨ-ге шаққанда 0,9% және 2,7% деңгейінде болады. Үкіметтік борыш 2026 жылғы 21,4% деңгейінен 2028 жылы 19,6%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

С. Жұманғариннің айтуынша, дайындалған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет параметрлері ел экономикасының сапалы әрі орнықты дамуына және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары