Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Егінжайдағы еңбек еселеп қайта ма?

Егінжайдағы еңбек еселеп қайта ма?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыруда егіс алқаптарын әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану және жаңа агротехнологияларды енгізуге айрықша мән беріліп отыр. Әсіресе, су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын сақтай отырып, өнім көлемін арттыру басымдыққа ие.

Ежелден Қызылорда облысы еліміздегі негізгі күріш өндіруші аймақтардың бірі саналады. Дей тұрғанмен, кейінгі жылдары су тапшылығы мәселесі диқан қауымына көп кедергі келтіріп тұр. Әсіресе, ала жаз­дай атыз жағалаған ағайын егін нау­қанын үлкен қиындықпен өткізуге мәжбүр. Соған сәйкес, Мемлекет басшысы суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтай­ландыру жөнінде тапсырма бергені мәлім.

Қызылорда облыстық Ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары басқарма­сының мәлімдеуінше, биылғы науқанға күріш егістігінің көлемін 70 мың гектар деңгейінде орналастыру жоспарланған. Осы арқылы еліміздегі су тапшылығын ең­серуге едәуір сеп болатынын алға тартады.

«Жоспарға сәйкес, биыл  облыс бойын­ша 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарын орналастыру көзде­ліп отыр. Оның ішінде дәнді дақыл­дар – 89,8 мың гектар, майлы дақылдар – 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар – 73,2 мың гектар, ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары  16,8 мың гектар жерге егілетін болады. Негізінен, күріш алқап­тарының бір бөлігін қысқарту есебінен егісті әрта­раптандыру жұмыстары жүргіз­іледі. Бұл ретте суды аз қажет ететін да­­қыл­дарды кө­бей­туге басымдық беріліп отыр. Мұндай тәсіл бірінші кезекте су ресурстарын тиімді пайдаланып қана қоймай, ауыл шаруашы­лығы өнімдерінің түрін көбейтуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді бұл жөнінде Қызылорда облыс­тық Ауыл шаруашылығы және жер қаты­н­астары басқармасының егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Асылжан Жарылқасынов.

Бұған дейін Үкімет отырысында суды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та баяндап өткені мәлім. Әкім өз сөзінде, қысқартылған кү­ріш алқаптарының орнына суды аз қажет ететін дақылдар егу көзделіп отыр­ғанын жеткізген болатын. Бұл тұрғыда өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған өміршең жобалардың тізбесі де жария болды. Атап айтсақ, құны 40 млрд теңгеге жүгеріні терең өндеуге бағытталған «Қызылорда крахмал-сірне зауыты», құны 51 млрд теңгеге швейцариялық «Харвест Груп» компания­сының техникалық қара­сора, жүгері, соя өсіру және оны өңдеу жобасы және «Семеноводство» серік­тестігімен бірлесіп су үнемдеу техно­логия­сымен жүгері егу жобасы қолға алы­нып отыр. Соның негізінде биыл өңірде  10 мың гектарға жүгері дақылын орналас­тырып, оның көлемін жылма-жыл ұлғайту бастамасы бастау алғалы тұр. Бұл жобалар агросекторды дамытудың тиімді тетігі ретінде қарасты­рылып отыр.

Жалпы, су тапшылығы тығырығынан шығу мақсатында сыр салысының көлемін азайту тәжірибесі өңірде тұңғыш рет қолға алынып отырған жоқ. Яғни, соңғы жылдары күріш межесін қысқарту, етістікті суарудың түрлі жолын қолданысқа енгізу арқылы тіршілік нәрінің тапшылығын еңсерудің тың тәсілдері пайдаланыла бастаған. Ал биылғы меже әлі де өзгеріске ұшырауы ықтимал. Яғни, мамандар сәуір айында өтетін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысында су лимиті бекітілгеннен кейін егіс көлемі қайта нақтылануы мүмкін екенін да алға тартады.

Негізі, өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуда су ресурстарын тиімді пайдалануға баса көңіл бөлініп отыр. Бұл тұрғыда былтыр өңірде тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері 8,1 мың гектар егіс алқабында қолданылған. Ал биыл бұл көрсеткішті 16,7 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарда тұр екен.

Сол сияқты егістік жерлерді лазерлік тегістеу ісі де су шығынын азайтудың кезекті бір тиімді тәсілі ретінде қарас­ты­рылып отыр. Осы арқылы суармалы ал­қап­­тарға судың біркелкі таралуын қам­тамасыз етуге иек артады. Мәселен, был­тыр облыс бойынша 60 мың гектар күріш алқабы лазерлік тегістеуден өткізілген. Нәтижесінде, диқандардың суды 20 пайызға дейін үнемдеп, күріш өнімділігін арттырғаны іс жүзінде дәлелденген. Ендігі кезекте биылғы науқанда бұл көрсеткішті 65 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отырғаны айтылады.

Басқарманың дерегіне сәйкес, тұқым шаруашылығында да түйткіл жоқ. Биылғы науқанға ауыл шаруашылығы құрылымдары қажетті тұқымдармен толық қамтамасыз етілген. 

Сонымен қатар тыңайтқыштар қамту ісінде де тапшылық сезілмейді. Осы ретте 2026 жылға қажетті 65,6 мың тонна минер­алды тыңайтқыштың бүгінде 22,6 мың тоннасы сатып алынғанын айтады.

Өңір шаруашылықтары қажетті техникалармен де толық жабдықталған. Атап айтқанда, биылға облыс бойынша 3 975 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қатысу жоспарланса, оның ішінде 2 047 трактор, 466 соқа, 237 тұқым сепкіш, 316 жүк көлігі және 909 трактор тіркемесі бар. Қажетті техникалар толық тексеруден өт­кізіліп, жөнделіп, дала жұмыстарына сақадай сай дейді мамандар. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі үшін шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс емес. 

«Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан 2026 жылғы егіс жұмыстарына қажетті 21,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілген. Оның ішінде 10,1 мың тоннасы көктемгі егіс жұмыс­тарына, ал 11,6 мың тоннасы күзгі егін жинау науқанына бөлінеді. Бекітілген кестеге сәйкес бұл отын шаруаларға кез­ең-кезеңімен таратылатын болады», – дейді бөлім басшысы. 

Негізінен, ежелден күріш дақылы суды көп қажет ететін өнім екені мәлім. Сон­дық­тан да көп жағдайда су үнемдеу тәсілін күріш егістігімен тығыз байланыстыру заңдылық. Әсіресе, вегетация кезеңінде тіршілік нәріне деген тапшылық сезіліп, щаруалардың шаруасы шатқаяқтап қалып жатқан сәттер аз емес. 

Дарияның биылғы күйіне көз салсаң, шынымен де атыз жағалаған ағайынның алаңдауына негіз бар. Сираққа да жетпейтін Сырдың суы Сыр салысын жайқалтуға қауқарсыз көрінеді. Мұны су саласының маман­дары да, диқан қауымы да жоққа шығара алмайды. Күн санап мүшкіл күйге түскен дарияның жағдайы шұғыл шара­ларды қолға алу қажеттілігіне сұранып тұр.  Әрдайым осындай қиындықтарды еңсеруде Үкімет мүшелерінің бастамасымен Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы мемлекеттермен тиімді келіссөздер жүргізіп, су тапшылығы қалыптасқан аумақтарда уақытпен санаспай кешенді шаралар атқарылып тұрады. Оның ішінде суды тиімді пайдалану мақсатында егістікті кезектесіп суару мен қашыртқыдағы суды екінші рет пайдалану әдістері де қолда­нысқа енгізілді. Алайда шаруашылық өкілдері ала жаздай су тапшылығынан туындайтын түрлі қиындыққа тап болып, күріш көлемін шығынсыз сақтау үшін айтарлық әбігерге түсетіні жоққа шығармайды.

Осы орайда сарапшылар тарапынан Сырдың топырағы тұзды болуына орай, күріш көлемін шамадан тыс қысқарту инженерлік жерлердің тұзданып, жарамсыз күйге түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін екені де айтылып жүр. Өйткені күріш өсіру суармалы жерлерді тұзданудан сақтайды деген пікір бар. Соған орай су тапшылығын еңсеруде Сыр топырағына тұздылыққа, құрғақшылыққа төзімді дақылдар егу, әсіресе, жоңышқа сынды дақылдарды жайқалту, жаңбырлатып, тамшылатып суару әдісін кеңінен қолданысқа енгізудің маңызы зор деп санайды.

Егіс даласында ерте көктемнен еңбек көрігін қыздыратын даңғайыр диқандардың биылғы науқанға үміті басым. Әсіресе, мамандар тарапынан жүгері дақылынын егіс көлемін ұлғайту арқылы жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар жобаны жүзеге асыру бастамасынан зор үміт күтетіні байқалады. Осы арқылы суды үнемдеп қана қоймай, аграрлық саланың әлеуетін арттыруға иек артып отыр.

Мамандар өз кезегінде  мұндай кешенді шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып қана қоймай, өнім көлемін көбейтуге, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретініне нық сенім білдіреді. Ал Сыр диқандары болса, биыл да мол өнім алып, ел ырысын арттыруға күш салып жатыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары