Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ел күзетіндегі ерлі зайыпты

Ел күзетіндегі ерлі зайыпты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қос капитанның ма­ман­­дыққа келу соқ­пақ­тары да, алғашқы таныстықтары да осы саламен тіке­лей сабақтас өрілген. Отағасы Ғибрат осыдан он жыл бұрын, арман қуып, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясына оқуға түскен сәтте-ақ өз өмірін заңға қызмет етумен, қоғам тыныштығын күзетумен мәңгілікке байланыстырған еді. Ал оның болашақ жары Мен­сұлу да дәл сол жылдары Е.Бөке­тов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің заң факульте­тіне қабылданып, құқық қорғау саласының қыр-сырын терең мең­геруге бет бұрады.

Екі жастың тағдыр жолы 2020 жылы, жоғары оқу орындарын ойдағыдай бітіріп, Қарағанды қалалық Полиция басқармасы­на қарасты Теміржол полиция бөліміне жұмысқа орналас­­қан­да түйісті. Ғибрат мұнда аға криминалист ретінде қылмыстың ізін суытпай ашудың шеберіне ай­налды. Белгілі болғандай, қыл­мыс бол­­ған жерде қаскөйлер қайт­кенде де титтей де болсын айғақты құртуға, өзде­рі­нің соңында із қалдырмауға тыры­­­сады. Ал олардың құпиясын ашу үшін қырағы көз, суық ақыл және мызғымас шыдамдылық қажет. Ғибрат кри­­­миналис­­­тика саласында жүрген жыл­дарында тек заттай айғақтар мен саусақ іздерін ғылыми тұрғыдан сараптау арқылы 20-дан аса күрделі қылмыстың бетін ашты. Әккі ұрылар мен заң бұзушылардың көрін­­­бей­тін «қолтаңбасын» тауып, әділдіктің салтанат құруына тікелей ықпал етті.

Дәл осы уақытта оның жары Менсұлу кәмелетке толма­ған­дардың істе­рі жөнін­­дегі учаске­лік полиция инс­пек­­торы болып, тағдыры қиын жасөспірім­­дер­ге қамқоршы, ақылшы бола білді. Күнделікті қызмет барысын­дағы қоян-қолтық жұмыс, ортақ кәсіби мүдде мен бір-біріне деген терең құрмет бара-бара қос жүректің үнсіз ұғысуына жол ашып, шынайы сезімге ұласты. Осылайша, заң үстемдігін қор­ғаған ортада жаңа бір берекелі шаңырақтың негізі қаланды.

Бүгінгі таңда капитан Ғибрат Қайратұлы Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қызметін атқарады. Егер бұрын оның міндеті жасалған қылмыстың ізімен жүріп, айғақ жинау болса, қазіргі басты мақ­саты – құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысқа жол бермеу.

«Учаскелік инспектордың ең бірінші міндеті – халықпен орнатылған сенімді әрі ашық қарым-қатынас. Өзіме бекітіл­ген әкімшілік аумақты бес саусақ­тай білуім, әрбір үйдің тыныс-тіршілігінен хабардар болуым шарт. Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың бейбіт өмі­рі, балалардың қауіпсіздігі – ме­нің басты кәсіби міндетім әрі аза­маттық парызым», дейді капитан.

Ал жары Менсұлу Дәулет­қызы – қазіргі уақытта Қарағанды қалалық ПБ жеке құраммен жұ­мыс жөніндегі бөлімшесінің инс­пекторы. Тәртіп сақшыларының өздерінің ішкі тәртібін қадағалап, кадр саясатын мінсіз жүргізу – зор жауапкершілікті талап ете­тін сала. Жаңадан табалдырық аттаған жас маманның антына адалдығын бекемдеуден бастап, еңбегі сіңген ардагердің құрметпен зейнетке шығуына дейінгі бүкіл ғұмырлық шежіре – капитан Менсұлудың тікелей бақылауында.

Ерлі-зайыпты полицейлердің өмірі сырт көзге қаншалықты қызық әрі айбын­­ды көрінгенімен, оның ішкі жауап­кер­шілігі мен қиындығы да аз емес. Екеуінің де иығында капитандық шен, мойнында мемлекеттік маңызды міндет бар. Лауазымдары екі бөлек бағытта болғандықтан, жұмыс кестелерінің де сәйкес келе бермейтіні – заңдылық.

«Таңертең жұмысқа бір көлік­пен шығамыз. Бірақ кешкісін үйге қайту уақытымыз ешқашан дәл келген емес. Біреуімізде шұғыл шақырту, екіншімізде кезекшілік, шұғыл жиын немесе тексеріс дегендей... Бірақ бұл жағдай біздің шаңырағымызға ешқандай салқынын тигізбейді. Өйткені біз бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз. Маман­дықтың ішкі сырын, қиындығын біл­гендіктен, отбасында ешқашан реніш пен өкпеге жол бермейміз», дейді капитан Менсұлу.

Бұл үлгілі жас отбасының бүгінде Нияз бен Азиз есімді егіз ұлдары өсіп келеді. Отағасы Ғибраттың ең үлкен арманы – қос ұлын да өзі секілді Қара­ғанды академиясының алтын табалдырығынан аттатып, бола­шақта ел қорғайтын, жұрт­­­тың алғысын алатын айбынды поли­ция қызметкері етіп тәрбиелеу, әулет­тік династияның негізін қалау. Ғибрат пен Менсұлудың отбасылық өмірде де, қызметтік қалпында да берік ұстанатын бір ғана алтын қағидасы бар: ол – ата-бабадан қалған, қазақтың қанына сіңген «ешкімнің ала жібін аттамау» деген ұлы ұғым. Қызметте де халықтың арыз-шағымына әділ қарап, заң аясында таза, адал еңбек етуді мақсат тұтқан қос капитан бұл асыл тәрбиені ұлдарының да бо­йына жастайынан сіңіріп келеді. Өйткені мемлекеттің тұтастығы, қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың құқық қорғау саласына деген шексіз сенімі осындай адалдықты ту еткен отбасылардың берік ұстаны­мынан бастау алады.

Қарағанды облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары