Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елде қанша әйел IT мамандығын тегін меңгерді

Елде қанша әйел IT мамандығын тегін меңгерді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

IT-Aiel жобасы Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Technowomen коммерциялық емес ұйымы мен Astana Hub технопаркінің қолдауымен іске асырылып жатыр. Биыл 4 мыңнан астам әйел біліктілігін арттырды.

— Әйелдер қазірдің өзінде ғылым мен білімде алда. Магистранттардың 57 пайызы, докторанттардың 61 пайызы әйел. Ақпараттық-технологиялық коммуникация саласына қыздар көбірек келіп жатыр. Телекомда 46%, ақпараттық қауіпсіздікте 30%, зерттеушілерде 55% әйел. Әйелдер құрған стартап 23%-ға жетті. Бұл елдің үлкен адами капиталы. Оны жоғалтпай, керісінше дамыта беруіміз керек. Биыл AqylTech пен IT Aiel бағдарламалары үшін серпіліс жылы болды. Ел бойынша 11 мыңнан аса адам онлайн және оффлайн оқыды. Жалпы үш жылда 21 мыңнан астам әйел цифрлық сауаттылығын арттырды, — деді ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева.

Оның айтуынша, бұған дейін Алматы мен Астана, Қарағанды қалаларының әйелдері белсенді болса, биыл Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында ЖИ жолын үйренгендер көп кездесті. Көбі 36-45 жас аралығындағы әйелдер.

— IT Aiel жобасына қатысқан әйелдердің көбі үй шаруашылығында отырғандар мен уақытша табысы бар адамдар. Биыл жобаға қатысқандардың 19 пайызға жуығы 45 жастан асқандар. Сонымен бірге зейнет жасына жақындаған әйелдер де цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, табыс табуды үйренді. Тек ел ішінде тұратындар емес, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстандағы қандастарымыз онлайн білім алып, жаңа жобаларды игеруге мүмкіндік алды. Әлеуметтік желі арқылы біліп, көріп, қатысты. Келер жылы ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Себебі сарапшылар, ментор, тренерлер де білікті мамандар. Олардан көп нәрсе үйренуге болады. Онлайн тіркелген соң өзіне ыңғайлы уақытта оқып, үйренуге жағдай жасалды, — деді Азиза Шөжеева.

IT Aiel жобасы келер жылы жалғасады. Жобаға өтініш қабылдау жыл басында басталады. Келер жылы вайб-кодингке басымдық беріледі. Бұл дегеніміз сайт пен мобильді қосымша дайындау жолы. Оған ЖИ пайдалануға болады және табыс табуды үйретеді.

Technowomen кеңесінің мүшесі Алуа Көрпебаеваның айтуынша, жоба үш бөлімнен тұрды. Олар: қаржылық, цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздік, кибербуллинг.

— Бағдарлама арқылы 1300-ден астам әйел жаңа мамандықты игеріп, табысын арттырды. Олар ірі компанияларға жұмысқа орналасты. Оқып, біліктілігін арттырған әйелдердің 36%-ы өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қаржылық сауаттылық бөлігінде кәсіп бастау, оны жүргізуді үйренді. Ал ІТ бөлімінде ЖИ-ді үйреніп, дизайн жасады. Чат-бот жасауды меңгерді. Киберқауіпсіздікте балаларды, зейнеткерлерді қорғау жолын білді, — деді Алуа Көрпебаева.

Еске салсақ, 2023 жылы Astana Hub Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін әйелдерді оқытуды бастады.  Сол жылы 2307 әйел IT-Aiel бағдарламасы бойынша IT мамандықтарға оқуға өтініш берді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 19:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары