Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Елде соңғы алты жылда 1728 лифт ауыстырылды

Елде соңғы алты жылда 1728 лифт ауыстырылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгінде елде 4 мыңнан астам лифт ауыстыруды қажет етеді. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, шамамен 7 мың лифтіні жаңалау қажет. Олардың нормативтік пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан. Бұл әр оныншы лифт тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деген сөз. 

Зейнолла Жүкенов Астанадағы Александр Бараев көшесі, 2 мекенжайында тұрады. Мұнда өткен ғасырдан қалған Могилев лифті орнатулы. Зауыттан шыққанына биыл 27 жыл болды. Жүруінен тұруы көп. «Өйткені істен шықса, қосалқы бөлшек табу қиын», - дейді тұрғындары.

Зейнолла Жүкенов, қала тұрғыны:

- Жаз айларында лифт ішінде 40 минуттай қалып, шыға алмағаным әлі есімде. Күн райының ыстығына байланысты кабина ішінде тынысым тарыла бастады. Монтёр келіп құтқарды. Содан бері маңына жоламауға тырысамын. Жаяу жүргенім артық.

Лифтті жөндеу немесе жаңасына ауыстыру бағасы көпшілік үшін қолжетімсіз. Осыған байланысты тұрғындар өзара ортақ шешімге келіп, ақысын жеті жылдан бастап 15 жылға дейін бөліп төлей алады. Алайда айына 6-7 мың теңгеден төлеп отыруға көбінің қалтасы көтере бермейді.

Ержан Игібаев, Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығының президенті:

- Лифт – вертикалды, яғни тігінен жүретін қоғамдық көлік саналады деуге толық негіз бар. Кішігірім жүргізген зерттеулер нәтижесінде олардың жүктемесі қоғамдық көліктерден аспаса, кем емес деген қорытындыға келдік. Сондықтан тұрғындар лифт кабинасының өз өмірі мен денсаулығына қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек. Техника жағдайы күмән тудырса, дереу қызметін тоқтатып, ауыстыру қажет. Бұл мәселе мүлік иелерінің бірлестігінің бастамасымен тұрғындар арасында дауысқа салу арқылы шешіледі.

Ескірген лифттерді жаңғырту туралы талап лифттердің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентте көрсетілген. Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ортақ.

Жанерке Сағымжан, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің баспасөз хатшысы:

- 2025 жылы ҚР Бюджет кодексіне сәйкес, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, бюджеттік кондоминиум объектісіне ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру бюджеті бағдарламасы талап ету шеңберінде 20,7 млрд теңге сомасында 248 лифт ауыстыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша өтінімдер берілді.

Ал сенат депутаты Бекболат Орынбасаров тұрғын үйлердегі лифтілерге мемлекеттік бақылау қызметін әкімдіктерден Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қайтаруды ұсынды. Осыған дейін сенатор бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, көтергіш құралдарды пайдалану саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғаған. «Алайда жүйелі шаралар қабылданған жоқ», - дейді.

Бекболат Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2013 жылы лифтілерге бақылауды жергілікті атқарушы органдарға беру бұл қате шешім болды. Сол кезде ТЖМ кәсіби бақылау функцияларын оңтайландыру деген желеумен әкімдіктерге берген болатын. Жергілікті деңгейде бұл функция жай ғана басқа функциялармен сіңісіп кеткен. Яғни штаттар қысқарды, жауапкершілік жойылды. 2014 жылдан бастап лифтілерге техникалық қызмет көрсету лицензияланбайды. Яғни нарықта құрал-жабдықсыз, біліктіліксіз және рұқсатсыз компаниялар пайда болды. Мемлекеттік сатып алуларды ұтып алған компаниялардың жартысынан астамының лифтілерге қызмет көрсетуге құқығы да жоқ. Сондай-ақ бұл саланы сұр нарыққа айналдырған.

Сенатордың айтуынша, жергілікті басқару органдарында техникалық база жоқтың қасы, әрі маман тапшы. Мәселен, бас шаһардағы тұрғын үй инспекциясында 10 мыңнан астам лифтті екі-ақ адам бақылайды және бір уақытта газ баллондарына да жауап береді.  

Авторы: Мирлан Алтынбек

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 03:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары