Елена Рыбакина Индиан Уэллстен кейін Майами турнирінде бақ сынайды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Майамиде 17-28 наурыз аралығында өтетін тағы бір айтулы додада Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетеді.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын қазақстандық теннисші өзінің отандасы, рейтингіде 76-орындағы Юлия Путинцева немесе индонезиялық Джанис Тьеннің қай жеңгенімен кездеседі.
Өткен жылы мұнда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко үздік шыққан еді. Ол финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева Майамиде екінші айналымнан аса алмаған еді.
Елена Рыбакина 2023 және 2024 жылдары Майами турнирінің финалына шығып, чехиялық Петра Квитова мен америкалық Даниэль Коллинзден ұтылып қалған болатын.
Биыл наурыздың 15-інен 16-сына қараған түні Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс жарысының соңғы бәсекесінде А.Соболенкоға есе жібергені белгілі.
Бүгін жаңартылатын әлемдік рейтингіде 2-орынға көтерілетін Е.Рыбакина Майамиде сәтті өнер көрсетсе, А.Соболенкомен қайта кездесуі мүмкін. Әзірге өзара бәсекеде есеп 9:7, белоруссиялық теннисшінің пайдасында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакинаның финалда әлемнің 1-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 07:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















