Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Ақмола облысында көлік өртенді

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Еліміздің май өңдеу саласы Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтып келеді

Еліміздің май өңдеу саласы Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтып келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының I отырысы аясында сауда мен экспорттық кооперацияны дамытуға арналған панельдік сессия өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы қатысты.

Сессия барысында Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы «Қазақстанның май-тоңмай саласы: жоспарлар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасап, онда соңғы бес маусым бойы Қазақстанның май өнімдерін Өзбекстан Республикасына жеткізу көлемінің тұрақты өскені атап өтілді.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы майлы дақылдарды өңдеу қуаты жылына 5,2 млн тоннадан асады. Оның ішінде күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты 4,4 млн тоннаны құрайды, бұл Өзбекстандағы өңдеу қуатынан жалпы алғанда 700 мың тоннаға жоғары. Ал 2028 жылға қарай жаңа зауыттарды іске қосу есебінен еліміздің өңдеу қуаты жылына 8 млн тоннаға дейін жеткізілмек.

2025/26 маркетингтік жылдың алғашқы тоғыз айында өсімдік майы мен күнжара/сығынды экспортынан түскен валюталық түсім рекордтық 944 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға жоғары. Ал маусым қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштің 1,15 млрд АҚШ долларынан асуы күтілуде.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстан қатарынан екінші жыл Өзбекстанға өсімдік майын жеткізуде көш бастап келеді. 2025 жылы қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 90%-дан асты. Ал 2025/26 маркетингтік жылдың алғашқы тоғыз айында Өзбекстанға май мен күнжара экспорты 31%-ға өсіп, 553 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия елдерінің күнбағыс күнжарасына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр.

Жалпы, Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемде 6-орында тұр. Алдағы уақытта еліміз әлемдегі жетекші үш экспорттаушының қатарына қосылып, саланың экспорттық түсімін 2 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қазақстандық май-тоңмай өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталып, өсімдік майы мен күнжара жеткізу бойынша өңірлік көшбасшылардың бірі саналады.

Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстан бизнес өкілдерінің қатысуымен B2B форматындағы екіжақты кездесулер өтіп, олардың қорытындысы бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Ең ірі келісімдердің бірі – Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығына мүше Qazaq-Astyq Group май өңдеу зауыты мен Өзбекстанның Fayz Oil Imports компаниясы арасында 71,5 млн АҚШ долларына өсімдік майын жеткізу туралы келісім болды.

Форум аясында қол қойылған коммерциялық келісімдердің жалпы құны 174,8 млн АҚШ долларын құрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 10:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see142

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see139

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see138

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see138

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see136

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see136

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see135

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see128

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see126

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see125

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see124

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see124

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see123

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see122

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see122

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see121

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see121

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see121

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see120

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары