Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мысалы, жаз маусымы басталғалы еліміздің өндіріс саласы тұралап тұрған жоқ. Керісінше, бірнеше өндірістік жобаның іргетасы қаланып, өндіріс орындарының жұмысын жандандыру мақсатында шетелдік әріптестермен түрлі келісімшарт пен меморандумдарға қол қойылып жатыр. Соның арқасында еліміздің бірқатар өңірінде өнеркәсіп орындары мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды. Әрбір өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырса, Қазақстандағы құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібін қарқынды дамыта түсетіні айдан анық.

Соның бірі – Ұлытау облысы. Ондағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауытында өндірісті жаңғыртуы қолға алынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелерімен жақында ғана Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев танысып қайтқан.

Айтар болсақ, зауыт  – еліміздің индустриялық секторындағы негізгі кәсіпорындардың бірі. Оның өндірістік қуаты жылына 200 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіруге жетеді. Өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге де экспортталады. Компания басшылығы министрге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жаңа күкірт қышқылы цехы мен газ-поршенді электр стансасының құрылысы туралы ақпарат берді.

«Металлургия саласының алдына жыл қорытындысы бойынша өндірістің оң серпінін қамтамасыз ету міндеті қойылған. Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өндірістік қуатты барынша тиімді пайдаланып, барлық кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар бірінші кезекте қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайын жақсарту мәселелері басты назарда болуы тиіс», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Осы жылдың 5 айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 155 мың тонна мыс өндіріп, өсім 1 пайызға жеткен. Министр жыл соңына дейін кемінде 6% өсімге қол жеткізу қажеттігін атап,  металлургия өнеркәсібінде 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде берген тапсырмасының орындалуы баста назарда екенін еске салды.

Осындай өндірістік жоба – Қызылорда облысында қосылды.  Әлемдік санитарлық-техникалық жабдықтар нарығындағы испаниялық «Roca Group» компаниясының зауыты ашылмақ. Сөйтіп, Қызылорда да ванна бөлмесіне арналған бұйымдар мен санитарлық-техникалық өнімдер өндіретін заманауи кәсіпорын бой көтереді. Соның арқасында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылып,  кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 500 мың дана өнімге дейін шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бұл өнімдерді еліміздің ішкі нарығы ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталмақ.

Жоба «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде оның құрылысына 44,1 млрд теңге инвестиция бағытталған.

Оған қоса, Қызылордада  «Seven Rivers» компаниясының шыны ыдыстар өндіретін зауытының құрылысы басталды. Жоба Германияның «Horn» компаниясының технологиялары негізінде жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі – 60 млрд теңге. Ертеңгі күні кәсіпорын іске қосалса жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіруге мүмкіндік береді. Соған сай 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Аталған жобаның қай-қайсысы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай еліміздегі импортты алмастыруға және экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, жергілікті халықты тұрақты жұмыс орнымен қамти отырып, Қазақстандағы құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін берері анық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 12:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары