Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

Қазақстанда жұма күні аяз болады

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

Еліміздің Ыстықкөлдегі курорттары заманауи қонақүйге айналмақ

Еліміздің Ыстықкөлдегі курорттары заманауи қонақүйге айналмақ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аптаның алғашқы күнінде Парламенттің төменгі палатасы биылғы жылдың соңғы жалпы отырысын өткізіп, жыл бойғы атқарылған жұмысын қорытындылады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен отырыста бірнеше заң жобасы талқыланып, тиісті қаулылары шығарылды.

Қос елдің туризмін түлететін келісім

Мәжілістің қарауына алдымен көршілес Қырғыз елінің Ыстықкөл көлі аумағындағы елі­міз­дің жүдеу күйде қараусыз тұрған санаторийлері мен спорт­­тық нысандарының алдағы тағ­дырын шешетін халықаралық келісім жобасы қызу талқылан­ды. Ыстықкөл жағасында біз­дің елге тиесілі бір емес, төрт курорт­тық-рекреациялық нысанымыз бар екен. Жер қырғыздікі бол­ғанымен оның үстіндегі ғимараттар біздің елге тиесілі. Сондықтан дау үйірсек келетін мұндай ортақ мәселе халық­аралық келісім аясында шеші­летіні түсінікті. Әңгіме ауанынан ұққанымыз, тозып бара жатқан сол нысандарды не біздің ел жұмысын жүргізіп, пайдасын көруі керек, не көршіге қайтарып беруіміз керек. Осы бір түйткілді мәселенің күрмеуін тарқатуға бағытталған күн тәртібіндегі екі мәселе бір-бірімен байланысты болғандықтан, еліміздің Қаржы министрі Мәди Такиев екі заң жобасына ортақ баяндама жасады.

Қаржы министрі таныстыр­ған алғашқы заң жобасы «2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі ара­сын­дағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағын­­да орналасқан курорттық-ре­креа­циялық шаруашылық объек­тілеріне Қазақстан Респуб­лика­сының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы­ның Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл об­лысының аумағында орна­лас­қан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңы деп аталады. Атауы қаншалықты ұзақ болса, ондаған жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселесі де соншалықты өзекті.

Екіншісі – «2009 жылғы 1 жел­тоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Респуб­ликасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстық­көл облысының Ыстықкөл ауданын­дағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңы.

Қос заң жобасын таныстырған М.Такиев еш нәтиже көрсетпес­тен уақыты өткен алдыңғы келісім­нің мерзімін тағы да бес жылға созып, нысандарды жөндеуге кететін миллиардтаған теңге қаржы­ның мәселесін мақұлдатып алуға келіпті. Қаржы министрі өз баяндамасында 4 курорттық-санаторлық кешенге қатысты халықаралық шарттар бойынша біздің тараптың міндеттемелерді орындауы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселе­лерінің бірі екенін атап өтті.

– Келісімшартқа сәйкес, біздің тарап (Қазақстан тарабы) бұл нысандарды мүмкіндігінше, жыл бойы жұмыс істейтін 3 немесе 4 жұлдызды қонақүйлер деңгейіне жеткізу шараларын қабылдауға тиіс еді. Сонымен қатар 2022 жылы екі елдің Үкіметтері Қазақстан тарабының міндеттемелерді орындау мерзімдерін ұзарту және инвесторлар тарту мүм­кіндігі туралы келісімге қол жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша хаттама жобаларына «бұзу туралы нормаларды» енгізуге, «Қазақстан» санаторийін – 4 жұлдызды, ал «Университет» лагері мен «Самал» демалыс үйін – 3 жұлдызды қоңақүй деңгейіне жеткізу, «Олимп» демалыс базасында спортшылар үшін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттемелерді белгілеуге келісті. Сондай-ақ хаттамалар­дың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы тараптар соңғы хабарламаларды алған күннен бастап бес жыл ішінде міндеттемелерді іске асыру мерзімі белгіленді, – деді заң жобаларын депутаттарға егжей-тегжейлі таныстырған Қаржы министрі.

Былтыр 4 желтоқсан күні екі елдің Үкіметтері жоғарыда аталған Келісім мен Шартқа түзетулер енгізу туралы хаттамаларға қол қойған екен. Сонау 2006 жылы жасалған халықаралық келісім біздің заңнама бойынша ратификациялауға жатпа­ғандықтан елеусіз қалып, мерзімі өтіп кеткен. Осы келісім аясында Қазақстан Үкіметі инвестиция салып, төрт нысанның пайдасын көру керек болған. Бірақ баяндамашы Мәди Такиев тәп-тәуір істің аяқсыз қалғанын Қырғызстандағы саяси, экономикалық тұрақсыз­дық­тармен және өзіміздің рес­пуб­ликалық бюджеттен тиісті қаржы­ның бөлінбеуімен байланыстырды.

Жерді жалға алу мерзімі неге ұзартылмаған?

Сұрақ-жауап бөліміне жеткенде депутат Магеррам Магеррамов ой салатын-ақ мәселені көтерді. Келісім жобасында әлгі 4 сана­торлық-курорттық нысанымыз орналасқан жердің жалға алу мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылмапты. Яғни 49 жылдан кейін бұл нысандарымыз автоматты түрде жермен бірге Қырғыз тарапына өтіп кетеді. Депутат М.Магеррамов мұндай мәселе мемлекетаралық арбитраж түйткілдерін тудыруы мүм­кін екенін ескертіп, келісім про­лан­гациясының неліктен қарас­тырылмағанын сұрады.

Дегенмен Мәди Такиев 2058 жылы жерді жалға алу келісімі аяқталғанымен нысандарға қатыс­ты халықаралық келісім мерзі­мін ұзартуға мүмкіндік бар екенін айтып қалды. Себебі қос тарапқа ортақ мәселелер қашан­да үкіметаралық кеңес арқылы шешіліп келген екен.

– 2006 жылы жасалған келі­сім аясында біз ешнәрсе жаса­ған жоқпыз. 2016 жылы үкімет­аралық кеңес деңгейінде мәселе көтеріліп, тек 2019 жылы екі елдің Президенттері келісім мерзімін ұзарту жөнінде ұйғарымға келді. Алайда біз араға бес жыл салып барып, яғни 2024 жылы келісімге қол қойдық. Сондықтан бұл – осындай ұзақ үдеріске негізделген шаруа, – деген Қаржы министрі 2058 жылға дейін бұл түйткілді шешеміз деп сендіргендей болды.

Осылайша, қос мемлекеттің басшылары арасындағы ынты­мақ пен ыстық ықыластың арқасында 2019 жылы қос та­рапқа ортақ хаттамамен пайдалану мерзімі ұзартылған келі­сім кеше кезекті мәрте ғұ­мы­рын ұзартты. Нақтылап айт­сақ, Мәжі­ліс депутаттары жалпы оты­рыста 2006 жылғы 4 шіл­де­дегі Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орна­ласқан курорттық-рекреа­ция­лық шаруашылық объек­тілері­не Қазақстанның меншік құқық­тарын реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңын қабылдады. Сонымен қатар сол нысандардың жер учас­ке­лерін жалға беру туралы хаттаманы ратификациялады.

Енді біздің тарап заңды қабылдап қойып, бұл келісімнің де мерзімін өткізіп алмай, Ыстықкөл маңындағы өз нысандарын заманауи қонақүй деңгейіне жеткізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Олай болмаған жағдайда нысандар уақыты келгенде келісімнің шарттарына сәйкес Қырғызстанның меншігіне айналып шыға келеді. Бұны заң талқылаудың сұрақ-жауап бөлімінде Қаржы министрі М.Такиев растады.

Сенаттан келген тың ұсыныстар мақұлданды

Сонымен қатар Мәжіліс Құрылыс кодексі мен оған ілеспе құжатқа Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Аталған мәселе бойынша баяндаған депутат Мұрат Әбенов бұл заңның Пар­ламентте 2 жылға жуық уақыт қаралғанын айтты.

«Өте өзекті заңнама. Биыл қаралған ең маңызды заңдардың бірі деп айтуға болады. Себебі бұның бүкіл қоғамға қатысы бар. Бұл заң жан-жақты талқы­лап, әртүрлі мемлекеттік орган­дармен, ұйымдармен, қауым­дас­тықтармен, бизнес өкілдері­мен ақылдастық. 2 200-ден аса ұсы­ныс берілді. Негізінен заңның 60-70 пайызы өзгертілді. Ең бас­ты мақсат ретінде алдымызда бұл заң азаматтардың құқығын қорғау керек деген қағида тұрды. Қауіпсіздік мәселесі, қаланың адамдарға ыңғайлы болуы да көз­делді», деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол бұл кодекс­тегі заңнамалық өзгерістер негізінен Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмалары аясында қолға алынғанын айтып өтті.

Отырыс барысында Мәжіліс Сенаттан жаңа редакциядағы жекелеген баптарды енгізу үшін қайтып келген «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылда­ды. Соынымен қатар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға да Сенат ұсынған өзгерту­лер енгізіліп, Мәжілісте қайта қабылданды.

Отырыс соңында қорытынды сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның биыл­ғы атқарған жұмысын жоғары бағалап, бұл жыл саяси жағынан да, заңнамалық тұрғыдан да оқи­ға­ларға толы болғанын атап өтті.

«Жыл басында ел дамуының стратегиялық бағытын айқын­даған, ауқымды саяси рефор­малардың негізін қалаған маңыз­ды құжат – Мемлекет басшысы­ның тарихи Жолдауының үш жыл­дығы аталып өтті. Сондай-ақ жыл елдігіміз үшін маңызы зор мерейтойларға толы болды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылды­ғын атап өттік. Ол – тәуелсіздік пен құқық­тық тәртіптің іргетасына айнал­ған негізгі заңымыз. Мемле­кет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттардың баста­ма­шылығымен Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды. Ол ізгіліктің символына айналды деуге болады. Еліміздегі 17 мыңға жуық сотталған адам осы рақымшы­лық талаптарына ілікті», деді Е.Қошанов.

Сондай-ақ ол ІІ дүниежүзілік соғыстан халқымыздың ерлігін еске алуға арналған ауқымды іс-шаралар өткеніне де тоқталды. Бұған қоса жұртшылықпен тікелей диалог орнатқан бірегей алаң – Ұлттық Құрылтай жиындары жалғасын тапқанын атап өтті.

– Осы орайда Президенттің Бура­байда сөйлеген сөзі бағдар­ламалық сипатқа ие болды. Ол елдің ішкі саясатын дамытудың стратегиялық бағдарын айқындап берді. Мемлекет басшысы біздің депутаттардың Ішкі саясат тұ­жырымдамасын әзірлеу ту­ра­лы бастамасын қолдады. Ұсы­ны­лып отырған құжатта Мәжі­ліс жанындағы Қоғамдық пала­таға ерекше мән берілді. Бұл – Қоғамдық палатаның осы кезге дейін қалыптасқан инс­ти­туттардың қатарынан өзін­дік орнын тапқанының әрі консуль­тативтік-кеңесші орган ретіндегі тиімділігінің нақты көрінісі, – деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар палата спи­кері­нің пікірінше, осы жыл сырт­қы саяси белсенділік артып, маңызды халықаралық бастамалар қарқын алған кезеңге айнал­ды. Президенттің бастама­сы­мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақ­саттары жөніндегі өңірлік орта­лығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Ерлан Жақанұлы осы жыл Мәжіліс үшін де жемісті болғанын жеткізді.

– Біз Мемлекет басшысының жолдауларында, Сайлауалды бағдар­ламасында, Ұлттық құрыл­тайда берген тапсырмалары негізінде бірқатар маңызды заң­намалық актілерді қабыл­дадық. Биыл 100 заң қабылданды, оның 24-не депутаттар бастама­шы болды. Сондай-ақ еліміздің не­гіз­гі құжаттары – Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмысты аяқтадық. Олардың әрқайсысы қоғамда қызу талқыланды, – деген палата спикері негізгі кодекс­т­ер бойынша жұмысты аяқтап, біз болашақтың іргесін қалайтын заңнамаға көшкенімізді айтты.

Депутаттар енді жақында ел аралап, сайлаушылармен кез­десіп келеді. Мәжіліс төрағасы сайлаушыларға қабылданған заңдар адамдардың өміріне қалай әсер етіп жатыр, әлеуметтік әділдік пен қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеді, осының бәрін қарапайым тілмен түсіндіру керектігін жүктеді. 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

12 Ақпан 2026 20:57see118

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

12 Ақпан 2026 19:07see117

Қазақстанда жұма күні аяз болады

12 Ақпан 2026 18:10see115

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

12 Ақпан 2026 19:07see115

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

12 Ақпан 2026 12:17see114

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

12 Ақпан 2026 16:41see114

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

12 Ақпан 2026 18:06see114

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

12 Ақпан 2026 11:39see112

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

12 Ақпан 2026 14:56see111

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

12 Ақпан 2026 16:48see111

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

12 Ақпан 2026 23:33see110

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

12 Ақпан 2026 12:42see110

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

12 Ақпан 2026 13:13see110

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

12 Ақпан 2026 23:27see110

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

12 Ақпан 2026 15:59see110

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

13 Ақпан 2026 17:13see110

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

13 Ақпан 2026 17:07see110

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

13 Ақпан 2026 01:36see109

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

12 Ақпан 2026 23:50see108

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

12 Ақпан 2026 12:41see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары