Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Елордада халық саны 1,6 млн нан асты

Елордада халық саны 1,6 млн нан асты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет

Жиында елордадағы әлеуметтік саланың жағдайы мен Мемлекет басшысының өмір сүру сапасын арттыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы талқыланды.

Отырыс барысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халық санының тұрақты өсуі қала инфрақұрылымына жаңа міндеттер қойып, алдын ала жоспарлауды қажет ететінін жеткізді.

1 қарашадағы есеп бойынша, Астана халқының саны 1 622 245 адамға жеткен. Жыл басынан бері халық саны 93 542 адамға артқан, оның ішінде 17 265 адам табиғи өсім есебінен, ал 76 277 адам көші-қон арқылы тіркелген. Халық саны 6,12% өсіп, жыл сайынғы көші-қон ағыны шамамен 100 мың адамға жеткен. Бұл жағдай денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жүйелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай арттырып отыр.

Жиында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылды. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметінше, елордада 277 медициналық ұйым жұмыс істейді.

Ғимараттардың тозу деңгейі – 14,7%, медициналық техникамен қамтылуы – 82,4% (ел бойынша орташа көрсеткіш – 86,7%). Сонымен қатар салада кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі демографиялық жағдайда перзентханалар мен перинаталдық орталықтарға да көңіл бөлу қажет. Соңғы 10 жылда елордадағы босану саны 45%-ға артқан.

Аида Балаева нақты бағытталған медициналық көмек көрсетудің маңызын сөз етті.

– Медицина бақылаусыз жағдайда жұмыс істей алмайды. Көмек пен қызметтер нақты бағытталуы тиіс. Басқарушылық шешімдер жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, азаматтарға қызмет сапасының жақсаруына ықпал етуі қажет, – деді ол.

Халық санының тұрақты өсуі мен көші-қон белсенділігі білім беру саласына да әсер етіп жатыр. ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, елордада шамамен 200 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 300 мыңнан астам оқушы бар. Жыл сайын оқушылар саны 10-12 мың балаға артып келеді.

Сонымен қатар салада бірқатар қиындық та бар. Атап айтсақ, жекеменшік мектептердегі кадр тапшылығы мен инфрақұрылым мәселесі. 2025 жылы жекеменшік мектептерді қаржыландыруға 272 млрд теңге бөлінген, бұл білім беру қызметтерінің ашықтығын, стандарттарға сәйкестігін және сапасын арттыру міндетін айқындайды.

Ерекше назар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесіне аударылды. Жиын қатысушылары педагогтерді даярлау сапасын арттырудың, сонымен бірге мұғалімдерге түсетін артық әкімшілік жүктемені азайтудың маңызды екенін атап өтті.

– Инфрақұрылым салып, заманауи техникамен жабдықтауға болады. Алайда сапа жоқ болса, нәтиже де болмайды. Бүгінгі балалар – ертеңгі қоғам. Президент көтерген бастамалар жауапты әрі белсенді азамат қалыптастыруға қызмет етуі қажет, – деді вице-премьер.

Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект мұғалімді алмастыру үшін емес, оны қолдайтын құрал ретінде қажеттігі айтылды.

Астана ірі академиялық орталық мәртебесіне ие болғанымен, жоғары білім беру жүйесінде кадр даярлау бойынша құрылымдық мәселелер бар. Қаладағы 13 жоғары оқу орнында 105 мыңнан астам студент білім алады. Алайда гуманитарлық бағыттарда артықшылық болғанымен, инженерлік, IT, медицина және педагогика саласы бойынша тапшылық бар. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қабылдау жүйесін экономика сұранысымен тығыз байланыстыру, дуалды оқытуды дамыту және білім беру бағдарламаларын цифрландыру мен ЖИ-ді талаптарына сай жаңарту қажет.

Демографиялық өсім еңбек нарығы мен әлеуметтік қолдау жүйесіне де әсер етуде. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәліметінше, елордадағы экономикалық белсенді халық саны 750 мыңнан асады. 2024-2025 жылдары қалаға 90 мыңнан астам адам келген, әлеуметтік қолдау алушылар саны 120 мыңға жуық. 2025 жылы 42 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар спорт және туризм инфрақұрылымы да қаралды. Астанада 800-ден астам спорт нысаны бар, олардың 60%-ға жуығы – жекеменшік. Инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 55-60% шамасында. Қала тұрғындарының 41%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады, алайда жаңа тұрғын алаптарында жақын маңда қолжетімді спорт нысандары жеткіліксіз.

Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева жиынды қорытындылай келе, елорданың әлеуметтік дамуы демографиялық және көші-қон процестерін бағалауға негізделген кешенді шешімдерді қажет ететінін атап өтті.

Астана қаласының әкімдігі мен салалық мемлекеттік органдарға қызметтерді мақсатты жоспарлау мен қаржыландыру, кадр саясатын экономика сұранысына сай жүргізу, жаңа тұрғын алаптарында әлеуметтік инфрақұрылымды қолжетімді ету, бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету және елорданың Қоғамдық кеңесімен өзара байланысты күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ Астананың халқының қарқынды артуы кезінде тұрақты дамудың негізгі факторы нысандар мен бағдарламалардың саны емес, басқару сапасы екені ерекше айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды

Әлем • Бүгін, 10:17

2026 жылғы қаңтарда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Қоғам • Бүгін, 09:54

Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады

Медицина • Бүгін, 09:37

28 желтоқсанда еліміздің екі облысында жолдар жабылады

Ауа райы • Бүгін, 09:19

Алаяқтар WhatsApp аккаунтыңызды қалай бұзып алуы мүмкін?

Қоғам • Кеше

21 жасқа толмаған 19 мың адам микронесиесін төлей алмай жүр

Қаржы • Кеше

Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті

Әлем • Кеше

Павлодарда жол-көлік апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Қоғам • Кеше

Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Аймақтар • Кеше

Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Ауа райы • Кеше

«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады

Мәдениет • Кеше

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді 

Есірткі • Кеше

Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды

Үкімет • Кеше

Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты

Әлем • Кеше

Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды

Қылмыс • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 11:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see119

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see118

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see116

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see116

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары