Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Еңбек жағдайын жетілдіру бойынша заң жобасын мақұлдады

Еңбек жағдайын жетілдіру бойынша заң жобасын мақұлдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сон­дай-ақ кейбір заңнамалық актілерді Кон­ституция нормаларына сәйкес келтіру мә­селелері туралы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгеріс енгізу туралы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен білім беру-сауықтыру қызметтері мә­селе­лері туралы заңдарды екінші оқы­лымда қабылдады. 

Мәжіліс депутаттардың бастамасымен әзірленген қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба авторларының бірі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов еңбек заңнамасында олқылықтың көптігіне байланысты құжат жұмыскерлердің құқығын қорғауға бағытталғанын атап өтті. 

– Елімізде көптеген жұмыс беруші қаржысын үнемдеп, әлеуметтік кепілдіктерден жалтару үшін еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шарт жасасуды әдетке айналдырды. Жұмыскер жұмыс тәртібіне бағынады, кестеге сай жұмыс істейді, бастығы бар, бірақ қағаз жүзінде ол «қызметкер» емес, «мердігер» болып саналады. Бұл неге қауіпті? Мұндай шартта отырған жұмыскер әлеуметтік кепілдіктерден айырылады. Еңбек демалысын ала алмайды. Әйелдер жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды, – деді А.Аймағамбетов. 

Осыған байланысты депутат қарым-қатынаста еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салу ұсынылғанын айтты. 

Бұдан бөлек, бірдей лауазым, бірдей мамандықта жұмыс істейтіндердің жалақысындағы алшақтықты жою үшін ұжымдық шартта бір лауазым ішіндегі ең жоғары және ең төменгі жалақының арақатынасын міндетті түрде белгілеу туралы норма қарастырылған. Еңбек дауы кезінде жұмыскердің мүддесін қорғау, өндірістік жарақаттың ауырлығын анықтау тәртібін уәкілетті денсаулық сақтау органына беру, жұмыс барысында зардап шеккен қызметкерді қорғау, әкелердің бала күтіміне жұмсаған уақытын олардың жұмыс өтіліне қосу және басқа да мәселелер ескерілген. 

Баяндаманы тыңдаған депутаттар құжатқа қатысты нақтылайтын сұрақтар қойды. Депутат Жанарбек Әшімжанов заң жобасынан алынып тасталған ереже – жалақыны жыл сайын міндетті түрде индексациялау тетігін енгізу туралы норманы қайта қарау жөнінде сауал қойды. Асхат Аймағамбетов өз жауабында бұл норманың қызу пікірталастан соң Үкімет тарапынан қолдау таппағанын, дегенмен әлі де күн тәртібінде болатынын айтты. Сонымен қатар отырыста жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы дауды шешу, еңбек шарты мен азаматтық-құқықтық шарттың айырмасы, өндірістік жарақатты айқындауға қойылатын талаптар, ұжымдағы психологиялық қысым мен буллинг мәселелерін реттеу және басқа да сұрақтар көтерілді. 

Талқылаудан соң депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Оны екінші оқылымға дайындау депутат Ерлан Саиров жетекшілік ететін жұмыс тобында жалғасады. 

Мәжіліс 2011 жылы 26 қарашада Токиода ЮНЕСКО-ның қолдауымен қабылданған Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құжаттың мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде алынған біліктіліктерді әділ, ашық әрі уақытылы тануды қамтамасыз ету екенін атап өтті. 

– Конвенцияны ратификациялау Қазақстан үшін бірнеше мүмкіндік береді. Атап айтқанда, отандық жоғары оқу орындарының білім қызметін экспорттау нарығы кеңейеді, ұлттық жоғары білім жүйесіне деген халықаралық сенімді нығайтады, Қазақстанда берілген дипломдардың Азия-Тынық мұхиты өңірінде мойындалуына қатысты кедергілер жойылады, оған қоса заманауи білім беру тәжірибелері мен технологияларын алмасуға жағдай жасалады, – деді министр. 

Сондай-ақ Саясат Нұрбек Қазақстан енді Азия-Тынық мұхиты өңірінің ұлттық ақпараттық орталықтар желісінің мүшесі болатынын айтты. Ол мүше елдердің біліктіліктерді тану саласында ақпарат алмасуын қамтамасыз етіп, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттырады.

Депутат Нұргүл Тау келісімді ратификациялау кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан бейресми оқу үлгілері арқылы алынған біліктіліктер мен ішінара оқу курстарын тануға қатысты бірнеше бапқа ескертпе жасалғанын айтты. Қазір Токио конвенциясы Ауғанстан, Армения, Аустралия, Қытай, Фиджи, Ватикан, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Ресей және Түркия сынды 12 мемлекетте таралған.

Депутаттар Қазақстанда шетелдік дипломдарды тану тетіктері, конвенцияны қабылдағаннан кейінгі нақты өзгерістер, білім туралы ақпарат беретін ұлттық ақпараттық орталық жұмысын реттеу, келісімнің баптарына өзгеріс енгізу себептері және басқа да мәселелерге қатысты сұрақ қойды.

Бұдан соң кейбір заңнамалық актілерді Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Конституциялық Сот мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген адамдарға қатысты қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігіне байланысты құқықтарын бұзатынын анықтаған. Депутат Қайрат Балабиев заңға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелерін реттейтін түзетулер енгізілгенін жеткізді. 

Атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды атқаруға үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды тұлғалардың тізімі нақтыланады. Бұл шектеулер республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда коммуналдық мемлекеттік мекемелерде басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға, мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген адамдарға қолданылмайды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң да екінші оқылымнан өтті. Түзетулердің негізгі мақсаты – индустриялық сектордың инвестиция­лық тартымдылығын арттыру. 

Арман Қалықов депутаттар жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы тек мемлекеттің меншігінде болатыны туралы норма енгізілгенін атап өтті. «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ мемлекеттік меншігінде болады және ол жекеге берілмейді. Себебі платформаның құрамында стратегиялық маңызды мемлекеттік ресурс болып саналатын геологиялық ақпараттар бар.

Қабылданған заңға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар елді мекендер аумағында немесе оған іргелес орналасқан жерлерде техногенді минералдық түзілімдерден пайдалы қазба өндіруге рұқсат құжатын оларды міндетті түрде қайта өңдеу және өз қызметінің салдарын жою шартымен ғана ала алады. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер бойынша инвестициялар шегі 70 млн еселенген АЕК мөлшеріне дейін ұлғаяды. Ал қол қою бонусынан түскен қаражаттың кемінде 50 пайызы мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуге жіберіледі.

Депутаттар жалпы отырыста тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері туралы заңды да екінші оқылымда қабылдады. Баяндамашы Ринат Зайыт заңның негізгі ережелеріне тоқталды. 

Құжатта тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау жүйесін өзгерту, жаңа лицензия беру талаптарын қайта қарау, археологиялық жұмыста бірыңғай автоматтан­дырылған ақпараттық жүйе құру, археологиялық олжалар мен материалдарды жинау, орналастыру, сақтау үшін мемлекеттік қор мен ұлттық депозитарий құру қарас­тырылған.

Депутаттың айтуынша, ерекшеліктері мен әдістемелеріне қарай археологиялық жұмыс жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану туралы қазіргі ұйымдар қызметінің бірыңғай тәртібі айқындалады. Сондай-ақ балалардың құқығын қорғау мақсатымен заңда кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін қосымша білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормалар да қарастырылған.

Мәжіліс комитеттері екі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олар: еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және 1996 жылғы 16 қаңтардағы (Күн Хижрасы бойынша 1374 жылғы 26 дей) Қазақстан мен Иран үкiметтерi арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасы.

Жалпы отырыс соңында депутаттар өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 19 депутаттық сауал жолдады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 03:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары