Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?

Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елімізде әйелдер мен жас қыздардың ерлердің қолынан қаза табуы жиіледі. Бұрын жеке отбасының ғана мәселесі деп қаралған тұрмыстық жанжал қазір терең әлеуметтік, психологиялық және құқықтық себептері бар жүйелі проблемаға айналды. Дәстүрді сылтауратып қыздарды еркінен тыс алып қашу да тыйылар емес. Жігіттер неге агрессорға айналып барады? Нәзік жандыларды қандай заңдар қорғай алады? Egemen.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

фото: ашық дереккөз

Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаның бірі Нұрай Серікбайдың өлімі. Алматы қаласында сән және дизайн мамандығы бойынша білім алып жүрген 21 жасар студент, қысқы демалысқа Шымкентке келген кезінде танысының қолынан қаза тапты. Қызды өлтірген күдікті бұған дейін Нұрайға үйлену туралы ұсыныс жасап, бас тартқаннан кейін оны күштеп алып қашқан. Туыстары полицияға арызданып, қызды мәжбүрлі некеден құтқарып қалады. Алайда бұдан кейін де жігіт тарапынан қудалау әрекеттері тоқтамай, бұл тәуелділіктің соңы қызғалдақ ғұмырдың қыршынынан қиылуына алып келді. Нұрайдың оқиғасынан кейін әлеуметтік желіде сталкинг құрбаны болып жүрген қыздар өздерінің оқиғаларын айтып көмек сұрай бастады.

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Заң бар, бірақ неге іс сотқа жетпейді?

Шымкентте болған жағдай әйелдер қауіпсіздігі мәселесін тағы да бірінші орынға шығарды. Елімізде қыздардың құқығы қаншалықты қорғалып жатыр? Заңгер, адвокат Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, қолданыста бұрыннан бар «Адам ұрлау» туралы, жаңадан қабылданған «Некеге тұруға мәжбүрлеу туралы» және «Сталкинг» туралы заңдар да қыз-келіншектердің құқығын қорғайды. Алайда қоғамның бұл қылмысқа жай ғана тұрмыстық жанжал ретінде қарауы мұндай қылмыстардың сотқа дейін жетуіне мүмкіндік бермей отыр.

«Отбасында жанжал, ұрып соғу фактілері болған жағдайда полицияға арыз түсіру керек. Көп жағдайда әсіресе ерлі-зайыптылар арасында осындай жағдай болғанда қазақтың әйелдері арыздана бермейді. Күйеуім ғой, балаларымның әкесі, ұят болады деген түсінік басым. Негізі бір рет арызданып, жаза қолданылса, ер адамдар тағы да қол көтеруге ойланады. Бұрын ұрып-соғу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналған болса, қазір қылмыстық жауапкершілікке ауысты. Егер қызды өзінің келісімінсіз біреу алып қашқан болса, кейін қыз арыз түсірсе қылмыстық кодекстің 125-ші «Адам ұрлау» бабы бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін, қыз бала кәмелет жасына толмаса 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі», дейді заңгер.

Оның айтуынша, қыз балаға күш қолданып, бопсалап, өзін немесе жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi жариялап, мүдделерiне елеулі зиян келтiру қатерін төндіріп некеге тұруға мәжбүрлеу – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал сталкинг туралы заң аясында 250 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамақ түрі қарастырылған.

Заңгердің айтуынша, қыз алып қашу фактілері бойынша іс қозғау тәжірибесі көбіне сотқа жетпейді. Сол себептен де бұл істің нақты статистикасын айту мүмкін емес.

«Қыз алып қашу бойынша сотқа жеткен істер тәжірибеде өте аз. Өйткені кейбір жағдайда қыздар барған жеріне көніп қалып қояды, кейбір жағдайда қызды көнбеген соң жібере салады, одан кейін қыздар арызданбайды. Егер жәбірленуші арыз жазып, кейін қайтарып алса да іс тоқтатылмайды. Өйткені адам ұрлау ауыр қылмыс санатына жатады. Қарсы тарап кешірім берген жағдайда да шартты түрде жаза қарастырылады», деді Тілеужан Кішкенебаев.

Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды

Агрессор неге «жоқ» деген жауапты қабылдамайды?

Бір қызға шамадан тыс байланып қалу немесе «онсыз өмір сүре алмаймын» деген ой қайдан пайда болады? Кейбір ер адамдар неге «жоқ» деген жауапты қабылдай алмайды? Қоғамдағы «ер адам айтқанын орындатуы керек» деген стереотип мұндай қылмыстарға әсер ете ме?

Психолог Екатерина Миронованың айтуынша, қызды ұрлау – романтика емес, психикалық әлсіздік пен ер адамның дәрменсіздігінің белгісі. Бұл жерде ешқандай махаббат жоқ. Тек 100% бақылау мен билікке ұмтылу бар.

«Махаббат – бұл басқа адамның еркі мен сезімін құрметтеу. Ал ұрлау – адамға дүкен сөресінен алынатын «зат» ретінде қарау. Бұл иемденуге деген тілек, бірақ махаббат емес. Дүкенде жатып алып, «ойыншық сатып әпер» деп жер тепкілеп жылайтын кішкентай баланы елестетіңіз. Ұрлаушы дәл сол бала, тек ересек ер адамның денесінде. Оның ішкі «тежегіші» жоқ. Бас тартумен күресе алмайды, бұл оған төзгісіз ауыр сезім, оны ол зорлық арқылы «өшіргісі» келеді», деді психолог.

Психолог бұл патологиялық тәуелділік көбіне балалық шақтан бастау алатынын айтады.

«Анасы шамадан тыс қамқор немесе керісінше суық болған жағдайда ер адам қызға «құтқарушы» бейнесін проекциялайды. «Мен онсыз өмір сүре алмаймын» деген ой – психикалық жетілмегендіктің белгісі. Ересек сау адам автономды екенін түсінеді. Бұл – классикалық бірігу (конфлюэнция). Ер адам өз шекарасын сезбейді. Қызды бөлек тұлға емес, өзіндік бір бөлігі ретінде қабылдайды. Бас тарту оған өз қолы бағынбай қалғандай әсер етеді. Бұл үрей мен ашуды туғызады. Бұл романтика емес, бұл – есірткіге тәуелділік секілді. Ол бұл қызды жалғыз бақыт көзі деп ойлайды. Бірақ бұл – жалған. Ол өз бетімен бақытты болуды білмейді. Ол оған «жабысады», ажыратуға тырысқанда агрессия көрсетеді», дейді маман.

Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді

Маманның айтуынша, қызғаныш – бақылауды жоғалту қорқынышы. Бұл – өзінің әлсіздігін сезінуі. Тіпті қыздың дербестік танытуының өзі агрессия тудырады.

«Осыдан кейін, маған бұйырмаса, ешкімге бұйырмасын қағидасы іске қосылады. Егер ол билікті толық жоғалттым деп түсінсе, нарциссистік ашуы шегіне жетеді. Егер сен менікі болмасаң, ешкімдікі болмайсың» деген ұстаныммен әрекет ететін қылмыскер үшін өлім – құрбанды мәңгілікке өзіне тиесілі етудің жалғыз жолы сияқты көрінеді», дейді маман.

Психолог қыздардың үнсіз қалуының басты себебі – қорқыныш пен қоғамның таңатын кінәсі екенін атап өтті.  

«Үйде ата-ана «бізді масқара қылдың, енді сонымен өмір сүр» деуі мүмкін. Тіпті кей жағдайда полиция да «бұл – отбасының ішкі мәселесі» деп қол қусырып қалады. Қыз өзін торға қамалғандай сезінеді, ал айналасы оны кінәлайды. Бұл сезімдерді оған қоғам таңады. Қоғам қыздарға кішкентайынан «ұят болады» деген ұғымды санасына сіңіріп өсіреді. Ұят – «әлеуметтік өлім». Қызға ұрланғаннан кейін «бұзылған» деген таңба тағылады, тіпті ештеңе болмаса да. Бұл – манипуляцияның қуатты құралы», дейді Екатерина Миронова.

Психологтың пайымдауынша ұлдарды тәрбиелеу отбасынан, ал ағарту жұмыстары мектептен жүргізілу керек.  Мектептерде эмоционалдық интеллект пен жеке шекара туралы сабақтар енгізіліп, ұстаздар ер адамның күші – біреуді көлікке күштеп отырғызуда емес, өз қалауын тежей білуде екенін түсіндіру қажет. Ал заң аясында қыз ұрлау – «тараптардың татуласуымен» жабылатын іс емес, ауыр қылмыс ретінде жазалануы тиіс.

Маманның пікірінше, ағарту жұмыстары тек отбасымен шектелмей, мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Оқу орындарында эмоционалдық интеллект пен жеке шекара туралы арнайы сабақтар енгізілуі қажет. Ал ұстаздар мен ата-аналар ер адамның күші – біреуді көлікке күштеп отырғызуда немесе озбырлық көрсетуде емес, өз қалауын тежей білуінде және өзгенің еркін құрметтеуде екенін санаға сіңіруі қажет. 

Соңғы жаңалықтар

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Қоғам • Бүгін, 17:12

Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды

Қоғам • Бүгін, 17:08

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор

Ата заң • Бүгін, 16:57

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

Қоғам • Бүгін, 16:53

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?

Білім • Бүгін, 16:35

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 16:17

Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады

Спорт • Бүгін, 16:04

Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды

Білім • Бүгін, 15:58

Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді

Үкімет • Бүгін, 15:42

Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

Аймақтар • Бүгін, 15:27

Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 15:23

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қоғам • Бүгін, 15:07

Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді

Заң • Бүгін, 14:45

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Оқиға • Бүгін, 14:28

Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді

Аймақтар • Бүгін, 14:13

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 17:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары