Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Есті алған есерлік

Есті алған есерлік

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұған дейін Президент қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев заңсыз айналымнан 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылып, 20 тоннаға жуық есірткі заттары, 13 тонна колумбиялық кокаин, 10 тонна прекурсор айналымнан алынғандығын айтқан еді. Мұның бәрі халықты зиянды заттардан сақтандырудың жолындағы іс. Десе де, жаһандық сын-қатерлерді ескеріп, есірткімен күресті бір сәт те назардан тыс қалдыруға болмайды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құ­қық қорғау органдарының кеңей­тіл­ген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде есір­ткіге қарсы күрес, нашақорлықтың ал­дын алу бойынша нақты тапсырмалар бер­ді.

– Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жұмыс атқарылуда. Биыл­дың өзінде 83 есірткі зертханасы жойылып, айналымнан алынған есірткі заттарының кө­­лемі 84 пайызға ұлғайды. Есірткі өн­дір­гені үшін берілетін жаза қатаңдатылды. Тіп­ті өмір бойы бас бостандығынан айы­рылуы мүмкін. Бірақ бұл саладағы жұмыс әлі де толығымен біткен жоқ, түйткілдер жет­кілікті, шешілмеген мәселелер елі­міз­дің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына сын-қа­тер төндіруде. Бүкіл қоғамды алаңдатып отыр­ған ең қауіпті үрдіс: жастар наша­қор­лыққа үйір бола бастады. Бұл – үлкен қатер, оны жасырмауымыз керек, – деді Президент.

Ел Перзиденті тапсырмасына сәйкес, ІІМ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қар­­сы күрестің 2026-2028 жылдарға ар­нал­ған жаңа кешенді жоспарының жо­ба­сын әзірледі. Егер осы іс өрге домаласа, Таяу Шы­ғыс, Орталық Азиядан біздің елді ба­сып өтіп, Ресей, Батыс Еуропаға баратын есірт­кі бизнесіне тосқауыл қойылмақ. БҰҰ де­реккөздеріне зер салсақ, әлемде кейінгі жыл­дары 365 млн адам есірткіге тәуелді. Со­ның ішінде әрбір төртіншісі әйелдер жә­не жасөспірімдер. Биыл бұл көрсеткіш 13 пайызға артыпты. Мұндай мәліметтер мә­селенің ғаламдық проблемаға ұласқанын көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі дерегінше, есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл сала­сын­да жүйелі шаралар кешені іске асы­рылып, жедел жұмыс күшейтілген. Дәлі­рек, 2025 жылдың 9 айы бойынша анық­тал­ған есірткі қылмыстарының саны – 2724 (2024 ж. – 2657, 2023 ж. – 2181). «Ки­­­бер­над­зор» жүйесінде 26 574 интернет-ресурс (2024 ж. – 2 356) енгізілгені анық­тал­ды. Соның ішін­де 6 681 сайт (2024 ж. – 2 116) және 2 млрд 111 млн теңгеге 35 333 карт-шоттар бұғат­талыпты. Әйтсе де, ғаламтордың кө­мегімен жарнама беру, зиянды затты сату, тұқымын егіп өсіру, оны дайындап әртүрлі әдістермен сату және сатып алу әлі де болса тоқтамай тұр.

Әсіресе, жас буынды есірткіден ал­шақ­тату үшін құзырлы органдар ЖОО, арнаулы және орта оқу орындарында түрлі профилактикалық шаралар жүргізеді. Жас­тарды зиянды заттардан, әрекеттерден сақ­тау мақсатында бірқатар игі іс қолға алын­ғандығын Ішкі істер министрлігі бас­па­сөз қызметінің бас сарапшысы Меңдолла Шамұратов мәлімдеді.

– Есірткі саудасына қатысты қылмыс­тар көбінесе Қазақстанның ірі қалаларында жасалады. Биыл ІІМ-де Есірткіге қарсы құ­қықбұзушылық профилактикасы жөнін­дегі кеңес құрылды. Оның құрамына Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің жа­нындағы Жастар саясаты кеңесі, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы, танымал спорт­шылар, медиа тұлғалар, сарапшылар, блогерлер және қоғам қайраткерлері кірді. Жыл басынан бері 16 мыңнан астам про­филактикалық іс-шаралар, оның ішінде 3 мыңға жуығы еріктілермен және жастар ұйымдарымен бірлесіп өткізілді. Жа­сөс­пірімдердің есірткі орталығына тартылуын азай­ту мақсатында мектептерде 5 мыңға жуық дәріс, жоғары оқу орындарында 2 мың­нан астам дәріс ұйымдастырылды. Тура­сын айтқанда, зиянды заттардан аулақ жүріп, саламатты өмір салтын ұстанып, өмір­ді жақсы арнаға бұру өз қолымызда, – дейді ІІМ өкілі.

Әрине, ресми деректерде жасөс­пірім­дер­ді зиянды заттарға әуестенбеуі үшін әр­түрлі шара жүргізіліп, интернет-алаяқ­тық фактілердің жолы кесілгендігі жиі ай­тылады. Алайда дерек пен тіршілік мә­се­лені тереңірек ұңғуды қажет етеді. Ба­ла­лар мен жастар арасындағы ақпараттық қыз­меттің жөнді жүргізілмеуі салдарынан көп­теген олқылық болып жатқанына заң­гер Бердімұрат Хасенұлы алаңдаулы.

– Қазір жастар Telegram арнасы, HeadHunter сайты сияқты желілерден жұмыс із­дейді. Онда жарнаманың неше атасы сам­сап тұр. Әсіресе, «курьер» қызметіне сұра­ныс күшті. Сөйтіп, қиналып жүрген сту­дент, оқуға түспей қалған бозбала, Ал­маты, Астанаға арман қуып келген жас буын есірткі тасымалдауды бастайды. Ал сол сары-көк дорбаның ішінде зиянды зат бар екенін білмей, ұсталып, опық жеп, ақы­ры өзі, ата-анасы, туыстары заңгерлерге жү­гініп жатады. Көбісі «тасығанда тұрған не бар, мен қолданбадым» деген сылтау жа­­за­­дан құтқармайтынын ескермейді. Елі­тіп құр­дымға жіберетін заттар, интернет-ре­сурс­тарынан алынып тасталып, тек­серілуі қа­жет. Дүниежүзінде есірткі барон­да­рын ұстау практикасына көп көңіл бө­ле­ді де, ал майшабақтар қалай болса солай білдірт­пеген болып сатып жүре береді. Біз қайта есірткі жарнамалаған адамды ұстап, сайтты бұғат­тап, жастарды еліктіргендерді құрық­тауы­мыз қажет. Сонда ұлтты сақтап, ұрпақ сау­лығына алаңдамаймыз, – деді ол.  

Халық даналығы «айран ішкен құты­лып, шелек жалаған тұтылып» дей­ді. Демек, жала жабу, өз қылмысын өз­ге­нің мой­нына арту, жымысқы әрекетін іс­ке асыру әлі де азаймағаны жасырын емес. Шын сезікті мен күйе жағушының ақ пен қарасын ажыратпасақ, түбі жақсы­лық­қа апармайтын түрі бар. Сондай-ақ есірт­кі­нің түнгі клуб, кальян-барлар, түрлі көңіл-кө­т­еретін орталықтағы ахуалы бей­мә­лім, жа­бық күйінде қалып отыр. Бұл да тер­геп-тек­серіп, ұдайы, шынайы рейд жа­сау­ды та­лап ететін жұмыс. 

Қазақстанда есірткі бизнесіне қатысты ке­шенді іс-шаралар жүзеге асып келеді. Бас прокуратура мәліметінше, қабыл­дан­ған шаралардың нәтижесінде 2025 жыл­дың 7 айында есірткі құралдарын өткізу фак­ті­ле­рін анықтау 16%-ға (1407-ден 1637-ге дейін) өсіпті. Қоғамның белсенді аза­­мат­тық ұстанымының арқасында есірт­­­кіні жар­­намалайтын 35 мыңнан астам граф­фи­тиді жойып, 22 есірткі жар­на­ма­шысы құрық­тал­ды. Есірткі сатумен ай­на­лыса­тын 14 қылмыстық топ ұсталса, оның екеуі тран­сұлттық топтар. Жалпы, 14 тон­надан ас­там есірткі құралдары тәркіленіп, син­те­тикалық есірткі шығаратын 21 есірткі зерт­ханасы жойылған көрінеді.

Кейінгі жылдары Жамбыл, Түркі­стан, Қызылорда облыстарындағы есірткі өсіру, сату және сатып алу, тасы­мал­дау қызметтеріне тосқауыл қойылып ке­леді. Бір кездері Шу алқабын түгел жою ай­­­­тылғаны да есте. Бірақ мұндай шала-шар­пы істер проблеманы түбегейлі шеш­пей­тіні айқын. Есiрткi, психотроптық зат­тар, сол тектестер мен прекурсорлар жә­не олардың заңсыз айналымы мен терiс пай­даланылуына қарсы iс-қимыл ша­ра­лары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi №279 заңы бар. Яки, заңда бәрі анық, бірақ орындалуы шалағай. Әлемдік тәжірибеде АҚШ, Қытай сияқты халқы көп, озық дамыған, заңы қатал дер­жавалар тәжірибесін қараймыз. Жалпы, дамыған мемлекеттер есірткі саудасы, на­шақорлық фактісінің алдын алу үшін өмір бойы бас бостандықтан айырып, қоғамдық ауыр жұмысқа жегіп, тіпті өлім жазасына дейін кеседі. Ал Қазақстанда 15-20 жылға темір торға қамалуы мүмкін. Дей тұрған­мен, мұндай жаза қазіргі цифрлы дәуірде аздық ететін сияқты. 

– Біздің елде есiрткi, психотроптық зат­­­­тар сату, таратуға заңмен тыйым са­лын­ған. Бұл бағытта заң қатал, жазасы ауыр. Есірткі қолданған адам қылмыс жасап, кі­сіні жазым етуі мүмкін. Бұл іспен еш­қа­шан бір адам ғана айналыспайды. Есірт­кі­мен трансұлттық топтар айналысады. Бұ­лар­дың бір басын шапсаң, сегіз басы қай­қайып шығады. Оның басы сонау наша өн­діретін шетелдегі тропикалық мемлекет­тен бастап немесе Ауғанстаннан да шыққан тасымал трафикке жауаптылар болады. Олар таратып, сатып, пұлдаумен айналы­са­тын бір-біріне шимақталған шырмауық сияқ­ты жүйе ғой. Өткен жолғы Рио-де-Жа­нейро қаласындағы есірткі картелдергімен қақтығыс, көшедегі бейберекетсіздік, бұл сол есірткі бизнесінің ықпалының артып кетуі­мен тікелей байланысты. Дәп осындай қа­дамға жібермеу үшін, кешенді жұмыс­тарды шынайы үйлестіріп, ұлтты зиянды зат­тардан сақтау аса маңызды, – деп ой қос­ты заңгер Бердімұрат Хасенұлы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Үкімет жиынында айтқан мә­ліметтерінде, бүгінде диспансерлік есеп­­те есірткіге тәуелділігі бар 17 мыңнан ас­там адам тұр. Кейінгі бес жылда опиоидқа тәуел­­ділер саны 1,5 есе азайған, керісінше син­­тетикалық стимуляторларға және есірт­­кіні аралас қолдануға тәуелді боп қал­ған пациенттер саны артқан. 2024 жылдың соңынан бастап тәуелділік синдромы жоқ, бір­ақ есірткіні өзіне зиянды түрде тұты­на­тын адамдарға консультациялық бақылау енгізілді. Онымен бүгінде 3 мыңға жуық адам қамтылды. Наркологиялық көмек 20 өңірлік психикалық денсаулық орта­лық­тарында, 79 қалалық және 205 аудандық ка­бинеттерде көрсетіледі, сондай-ақ Рес­публикалық ғылыми-практикалық пси­хи­ка­лық денсаулық орталығы жұмыс істеп тұр. Медициналық-санитарлық алғашқы кө­мек деңгейінде 94 жастардың денсаулық ор­талығы бар, оған 2024 жылы 700 мыңнан астам адам жүгінді. 2025 жылы емдеудің тиімділігін арттыру бойынша жаңа әдісте­ме­лік ұсынымдар бекітілді. Ауруханаға жат­қызуға қарсы көрсетілімдер тізбесін қайта қарау жалғасуда екен. Алайда маман­дар мәселенің салдарымен емес, алдын алумен айналысуымыз керегін еске салады.

– Біз саналы және бейсаналы түрде не­нің жақсы және ненің жаман екенін се­зе­міз. Дәп сондай есірткінің елітетінінен де ха­бардармыз. Алайда зиянды нәрсеге әуес­теніп, көп адам жүйке жүйесін құртып, пси­хоневрологиялық ауруға душар бол­ған. Әлгінде айтқанымдағыдай, аты жаман зат­қа құмартпас үшін одан аулақ жүру қажет. Ең бастысы, отбасында жылу көріп, дұрыс тәрбие алған адам, болашақта мықты ма­ман, қадірлі азамат болып қалыптасады. Сон­дықтан әрбір жас шаңырақ көтергенде қоғамға пайдалы ұрпақ әкелуді діттеп, өзі­нің және болашақ ұрпағының ден­сау­лығы, жүйкесі мықты болуы мақсатында әр істі ой­ланып істесе, құба-құп. Қазақ «аш бәле­ден қаш бәле» деп текке айтпаған, – деп пайымдады психолог Анар Серғазина.

Тоқетері, құзырлы органдардың ресми мә­ліметінше, Қазақстанда биылғы жарты жыл­да ондаған тонна есірткі тәркіленіп, 17 мың­нан астам есірткі сайты бұғатталып, 21 іс қозғалып, 17 мың адамның нашаға тәуел­­ді­­ екені анықталған. Бұл сандардың ар­тын­да қан­­шама тағдыр, қаншама оқиға бары көп­­ке беймәлім.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 07:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары