Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Өзбекстандағы менингококк инфекциясының өсуі. Сарапшылар Қазақстанға төнетін қауіп туралы айтты

Өзбекстандағы менингококк инфекциясының өсуі. Сарапшылар Қазақстанға төнетін қауіп туралы айтты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кейінгі апталарда Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары менингококк инфекциясын жұқтырғандар көбейгенін айтты. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елде 174 жағдай тіркелген, оның 168-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Осыған байланысты Өзбекстанда ауру жұқтырғандармен байланыста болған бес мыңға жуық адам вакцинацияланды. Осы орайда Қазақстанда инфекцияның таралуынан қауіптену керек пе және біздің елде ауру жағдайлары тіркелді ме деген сұрақ туындайды, - деп хабарлайды TengriHealth.

Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтырғандар статистикасы қандай?

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы еліміздегі менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 15 жағдай тіркелді, оның 12-сі - 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

"Былтырдың сәйкес кезеңінде 29 жағдай байқалған болатын. Яғни сырқаттану деңгейінің төмендегені байқалады", - делінген біздің сауалымызға берілген жауапта.

ҚДСҰ орталығының мәліметінше, ауру жағдайлары анықталған кезде профилактикалық шаралар күшейтіледі: байланыста болған адамдар тексеріледі, олардың жағдайы бақыланады және қажет болған жағдайда ем тағайындалады. Халыққа үй-жайларды жиі желдету және науқастармен тығыз байланыста болмау ұсынылады.

Инфекция қазақстандықтар үшін қауіпті ме?

Ұлттық орталықтың мәліметінше, Өзбекстанда болған қазақстандықтар инфекция жұқтырмаған.

"Дегенмен инфекциялық ауруларда шекара жоғын ұмытпаған жөн. Сондықтан алдын алу және медициналық көмекке уақтылы жүгіну өзекті".

Қазақстандықтарға шетелге шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды алдын ала тексеру ұсынылады. Ол үшін Saqbol халықтың денсаулық қаупі картасы қолжетімді, онда әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, қолданыстағы кіру талаптары мен вакцинация туралы өзекті ақпарат жарияланады.

Менингококк инфекциясы: белгілері және алдын алу ережесі

Менингококк инфекциясы - бұл ми қабықтарын зақымдайтын жіті ауру. Қоздырғышы - жөтелгенде, сөйлескенде немесе түшкіргенде ауа-тамшы жолымен берілетін менингококк бактериялары, грамтеріс диплококк.

"Бактерияны сілекей арқылы, мысалы, сүйіскенде немесе ортақ ыдысты қолданғанда жұқтыруға болады. Мұрын-жұтқыншақ арқылы бактерия қанға, содан кейін бас миы мен жұлынға енуі мүмкін", - деп нақтылады сарапшылар.

Инфекция көзі науқас адам да, симптомсыз тасымалдаушы да болуы мүмкін. Ол жатақханаларда, казармаларда, балабақшаларда тығыз байланыс кезінде оңай таралады. Және ең алдымен иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті.

"Көп адам тасымалдаушы болуы мүмкін, өздері ауырмаса да, айналасындағыларға жұқтырады. Менингококк инфекциясы жеңіл тұмау сияқты өтуі мүмкін, бірақ сонымен қатар санаулы сағат ішінде өлімге әкелетін найзағайдай жылдам формаларды (менингит, сепсис) тудыруы ықтимал. Кеш жүгінген жағдайда өлім қаупі жоғары болады".

Аурудың қауіптілігі сол, ол қарапайым суық тию сияқты - дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен және бас ауруынан басталып, кейін тез арада ауыр түрге ауысуы мүмкін.

Мамандар мына белгілер байқалған жағдайда шұғыл дәрігерге көрінуді ұсынады:

жоғары температура, қатты бас ауруы, жүрек айну және құсу, әлсіздік, жарықтан қорқу, мойын бұлшықеттерінің қатаюы, бөртпе, сананың бұлдырауы.

Менингококктан, сондай-ақ, басқа да бактериялық менингиттерден қорғанудың ең жақсы жолы - вакцинация.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

вакцина

Инфекция

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see163

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see155

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see155

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see152

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see150

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see146

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see138

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see137

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see136

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see134

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see132

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see131

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see130

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see129

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see126

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see125

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see117

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see117

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see116

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары