Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Еурокомиссия TikTok ты цифрлық қызметтер туралы заңды бұзды деп айыптады

Еурокомиссия TikTok ты цифрлық қызметтер туралы заңды бұзды деп айыптады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Хабарламада айтылғандай, видеоплатформа экран жаңартылған сайын пайдаланушыларға жаңа контентті үздіксіз ұсынатын шексіз айналдыру (infinite scroll) сияқты дизайн элементтерін қолданады. Еурокомиссия мұндай функциялар қосымшаны мәжбүрлі түрде пайдалануға итермелеуі мүмкін деп санайды.

Реттеушілердің айтуынша, мұндай механизмдер пайдаланушылардың миын «автопилот» режиміне ауыстырып, контентті жиі ашып, парақтауға ынталандырады.

Әсіресе, мұндай функциялардың балалар мен жасөспірімдерге әсері ерекше алаңдаушылық туғызады.

Еурокомиссияның мәлімдеуінше, TikTok сервистің тәуелділік тудыратын ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдерден пайдаланушыларды қорғау үшін жеткілікті шаралар енгізбеген.

— Әлеуметтік желілерге тәуелділік балалар мен жасөспірімдердің дамып келе жатқан психикасына зиянды әсер етуі мүмкін, — деді жұма күні Еурокомиссияның технологиялық егемендік, қауіпсіздік және демократия мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Хенна Вирккунен.

Оның айтуынша, цифрлық қызметтер туралы заң платформаларға олардың пайдаланушыларға ықтимал әсері үшін жауапкершілік жүктейді.

— Еуропада біз балаларымыз бен азаматтарымызды интернетте қорғау үшін заңнаманың сақталуын қадағалаймыз, — деп қосты ол.

Еурокомиссия «Күнделікті экран уақыты» функциясына да ерекше назар аударды. 13–17 жас аралығындағы пайдаланушылар үшін автоматты түрде бір сағаттық лимит орнатылғанымен, реттеушілердің пікірінше, бұл шараның тиімділігі төмен, өйткені ескертулерді оңай елемеуге болады.

Сондай-ақ ата-аналарға шектеулер орнатуға, белсенділік туралы есеп алуға және жекелеген іздеу сұрауларын немесе хэштегтерді бұғаттауға мүмкіндік беретін «Отбасылық жұп» (Family Pairing) ата-аналық бақылау жүйесіне қатысты да сұрақтар туындады. Еурокомиссия мұндай құралдар ата-аналардан қосымша білім мен уақытты талап ететіндіктен, олардың тиімділігі төмендейді деп санайды.

Ұсынылған өзгерістер қатарында шексіз айналдырудан бас тарту, қарау кезінде тиімді үзіліс енгізу және бейне ұсынымдарының алгоритмдерін түзету бар.

TikTok компаниясы реттеушінің қорытындыларымен келіспейтінін мәлімдеді. Компанияның айтуынша, Еурокомиссияның алдын ала бағалауы «біздің платформа туралы мүлде жалған әрі назар аударуға тұрмайтын түсінік береді».

— Біз бұл қорытындыларға қарсы барлық қолжетімді тәсілмен шағымдану үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдаймыз, — деп хабарлады TikTok.

Компания экран уақытын реттеудің әмбебап тәсілі жоқ екенін айтып, пайдаланушыларға уақытты өздігінен бақылауға арналған құралдар ұсынылатынын атап өтті. Олардың қатарында демалу туралы ескертулер, түнгі режим және белгіленген шектеулерді сақтағаны үшін ынталандыру жүйесі бар.

Еурокомиссияның тергеуі 2024 жылы басталғаны хабарланды. Ол TikTok-тың онлайн-платформалардың тәуекелдерді басқаруы, контентті модерациялау және сервистер жұмысының ашықтығын реттейтін DSA талаптарын сақтауын тексеруге бағытталған.

Комиссияның қорытындылары алдын ала сипатта болғандықтан, әзірге санкциялар қолданылған жоқ. TikTok жазбаша жауап ұсынып, анықталған мәселелерді жою бойынша шаралар ұсына алады. Егер бұзушылықтар түпкілікті расталса, компанияға жылдық жаһандық айналымының 6%-ына дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетелік ЕО балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне шектеу қойғысы келетіні туралы жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 11:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары