Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Еуропада теміржол бойында қылмыс көбейді

Еуропада теміржол бойында қылмыс көбейді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әлемнің бірқатар елінде теміржол бойы жолаушылар үшін қауіпті болып барады. Ресми деректерге қарағанда Германияда кейінгі бес жылда қылмыс саны 51% артқан. Мамандар жағдайды халық санының қарқынды өсуі және қоғамдық орындарды бақылаудың төмендеуімен байланыстырады.

Еуропада теміржол желілерінде қылмыс деңгейі күрт өсті. Қауіпсіздік мәселесі әсіресе Германияда күрделеніп отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұзақылық, ұрлық, зорлық-зомбылық, тіпті кісі өлтіру деректері жиілеген.

Полиция мәліметі бойынша қылмыскерлердің 79%-і ер адамдар. Олардың жартысы дерлік қылмыс жасаған сәтте мас күйінде немесе есірткінің әсерінде болған. Сонымен қатар күдіктілердің 53%-і өзге елден келген мигранттар.

Мануэль Остерманн, Федералды полиция одағы төрағасының орынбасары:

- Мәліметтер елдегі ахуалдың мәз емес екенін көрсетеді. Кейінгі уақытта зорлық-зомбылық пен қаруға қатысты заңсыз әрекеттер жиілеп кеткен. Құқықбұзушылықтың негізгі бөлігін ер адамдар мен мигранттар жасайды.

АҚШ-та бірнеше ай бұрын тіркелген оқиға әлемді дүр сілкіндірген еді. Солтүстік Каролинада пойыз ішінде бейтаныс адам 23 жастағы Ирина Заруцкаяға бірнеше мәрте пышақ салған сәті камераға түсіп қалған. Оқиға қоғам арасында үлкен дау тудырды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қылмыскерге ең ауыр жаза қолдануды талап еткен еді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Қоғамда қауіпті адамдар бар. Оларға қарсы тұру – біздің міндетіміз. Қылмыскер тез арада сотталып, тек өлім жазасына кесілуі керек.

Ұқсас жағдай Ұлыбританияда да орын алған. Онда пойызда бейтаныс екі ер адам суық қаруды пайдаланып, жолаушыларға шабуыл жасаған. Нәтижесінде 10 шақты адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Елде тек өткен жылдың өзінде 50 мыңнан аса адам суық қарудың құрбаны болған. Әсіресе ас үй пышағын қару ретінде пайдаланатындар көп.

Иветт Купер, Ұлыбритания ішкі істер министрі:

- Қауіпті қарудың интернет арқылы еркін сатылуы – дабыл қағарлық мәселе. Бұндай әрекеттер тіпті жасөспірімдер арасында да жиілеген. Тауарды жеткізуші көбіне пышақты есіктің алдына тастап кете салады. Мұндай жағдайларды түп-тамырымен жоюымыз керек.

Әлемде қылмыстың алдын алу үшін әртүрлі шаралар қолға алынды. Бірқатар мемлекетте бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік қызметкерлерінің саны көбейген. Қазірдің өзі Германияда 11 000-нан астам камера орнатылды. Сондай-ақ елде тексеріс шаралары күшейтілді. Алайда билік мұнымен шектелмейді. Қосымша қауіпсіздік шараларын енгізуді көздеп отыр.

Авторы: Динара Орынтай

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 09:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары