Футзалдан ел біріншілігінде Семей алғаш рет жеңілді
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазірге дейін жеті ойында бірде-бір ұпай жоғалтпаған «Семей» командасы бұл турда күтпеген жерден өз алаңында «Атырауға» 2:3 есебімен есе жіберді. Аталған қарсыласын олар 10 қазанда 4:3 есебімен жеңген еді.
Бұл жеңілістен кейін де семейлік клуб 21 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды.
Ал бұған дейін сәтсіз ойнаған алматылық «Қайрат» екінші кездесуде қатарынан жеңіске жетті. Екі матчта да олар «Ақтөбені» 8:1 есебімен сүріндірді.
Алматылық клуб қатарынан екі жеңістен кейін 16 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Қалған ойындардың нәтижесі
«Қарағанды» – «Бәйтерек» (Орал) 5:3
«Шымкент» – «Жетісу» (Талдықорған) 4:6
«Астана» – «Тұлпар» (Қарағанды) 4:2
«Каспий» (Ақтау) – «Аят» (Рудный) 4:0.
Енді алдағы тур ойындары 25 және 26 қазан күндері өткізіледі.
Осыған дейін футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» командасы «Ақтөбені» 8:1 есебімен жеңгені туралы жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 21:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















