Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Газа секторы қалпына қалай келтіріледі?

Газа секторы қалпына қалай келтіріледі?

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Декаларацияға АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия басшылары қол қойып бекітті. Тарихи кездесу Мысырдың Шарм-әл-Шейх қаласында өтті. Маңызды жиынға әлемнің 20-ға жуық басшысы қатысты. Олардың арасында Палестина басшысы Махмұд Аббас та бар. Израиль премьер-министрі де саммитке шақырылған. Тек Биньямин Нетаньяху төбе көрсеткен жоқ. 

Бейбіт келісім 20 тармақтан тұрады. Жоспардың әзірге алғашқы кезеңі орындалды. Саммитке қатысушылар құжаттың барлық талабын орындауға шақырды. Кей деректерге қарағанда, ХАМАС Палестина ұлттық әкімшілігімен бірігіп жұмыс істеуге әзір. Алайда, Трамптың бейбіт жоспарына сай, қозғалыс өкілдері Газа секторына жоламауға тиіс.  


Таяу Шығыс үшін тарихи күн

 АҚШ Президенті Газа секторындағы соғысты тоқтатуға асығыстық танытты. Тіпті қол қоятын құжатты тездетіп беруді сұрады. Енді Таяу Шығыста бейбітшілік орнайды. Бүгінгі жасалып отырған қадам соның алғышарты, - деді Ақ үй басшысы. Жасыл түсті папкадағы құжатқа сүйкектете қол қойды. Сөйтіп, жанында отырған Мысыр Президентіне ұсынды. Осылайша тарихи келісімді мөр басып, АҚШ, Түркия, Мысыр және Қатар басшылары бекітті. Америка Президенті саммитке жиылған ел басшыларын ұлы тұлғаларға теңеді. Соның ішінде Қатар әмірі Тамим бин Хамад әл-Таниге ерекше алғысын білдірді. Аймақтағы ахуалды реттеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Үшінші дүниежүзілік соғыс Таяу Шығыстан басталады деп жиі айтады. Бірақ қазір бұлайша қауіптенуге негіз жоқ. Біз бір жерде соғыстың басталғанын қаламаймыз.  Сондықтан мен бәріңізге алғыс айтамын. Әсіресе сіздерге, және саған, Тамим, үлкен рақмет.

Мысыр президенті палестиналықтардың еркін өмір сүруге және тәуелсіз мемлекет құруға құқығы бар екеніне тоқталды. Саммитке қақтығысушы тараптар, яғни ХАМАС пен Израиль басшылары қатысқан жоқ. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша,  Биньямин Нетаньяхуның саммитке шақырылғаннын естіген бірқатар елдің басшылары наразылық танытқан. Тіпті Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Израиль үкімет басшысы келмейтінінне көз жеткізген соң ғана, өз ұшағының қонуына рұқсат берген.

Трамп Палестина басшысымен қол алысты

Мысырда Президент Трамп Палестина басшысымен кездесіп, оны жылы қарсы алды. Тіпті екі жақ қол алысты. Өткен айда Махмұд Аббас Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас ассамблея жиынына қатыса алмады. Өйткені, Құрама Штаттары виза беруге ыңғай танытпады.

Газа бойынша декларацияға қол қойылды

Мысырдағы Бейбітшілік саммитіне дейін Президент Трамп ат басын Израильге бұрды. Кнессет, яғни парламентке барып, сөз сөйледі. Депутаттар Ақ үй басшысын қошеметпен қарсы алды. 

Президент Трамп Израиль қарудың күшімен жеңетін елдің бәрін жеңді. Енді бейбітшіліктің рахатын көретін күн туды, деп мәлімдеді. Алайда, Ақ үй басшысының сөзін  израильдік екі депутат кілт тоқтатты. Қолдарына плакат ұстап шыққан қос саясаткер Палестинаның егемендігін мойындауды талап етіп, ұрандатты. Бірақ екеуін күзет залдан шығарып жіберді.

Алайда бұл жағдай Ақ үй басшысының көңіл күйіне әсер етпеген сыңайлы. Ол сөзін жалғастырып, Израиль Президентінен Биньямин Нетаньяхуға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Қазір ел премьер-министріне қатысты жемқорлық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ Газа секторы қарусыз аймаққа айналатынын жеткізді. Бір сағат сөйлеген соң дептуттар Президент Трампқа орындарынан тұрып қошемет көрсетті. 

Бейбіт келісім үзіле ме?

ХАМАС кепілдегі 20 израильдікті босатты. Тұтқында болғандар 2 жылдан кейін отбасыларымен қауышты. 

Алайда ХАМАС қайтыс болғандардың тек төртеуінің мәйітін қайтарды. «Қалғандарының денесін табу үшін уақыт қажет», - дейді. Яғни қозғалыс басшылығы келісімнің әу бастағы талаптарын орындамағаны үшін мәміленің үзіліп кету қаупі бар.

Ал Израиль уағдаластық бойынша түрмеден 2 мыңға жуық палестиналықты босатты.  Көбі лаңкестік жасағаны үшін сотталғандар. Жартысы Газа секторындағы Хан-Юнис қаласына, қалғаны Иордан өзенінің батыс жағалауына жеткізілді. 

Газа секторы қалпына қалай келтіріледі?

Ал Газа секторының тұрғындары әрі қарай қалай өмір сүруді білмей дал. Анклавтағы гуманитарлық ахуалдың әзірге оңалатын түрі көрінбейді. Кейбірі үйінділерді тазалауға кіріскен. Техника жетіспейді. Сондықтан, көбі қолмен аршып жатыр. Гардиан басылымының дерегі бойынша, үйінділер астында 10 мыңнан аса адам қалған. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газа секторында 2 жылға созылған соғыстан 68 мың палестиналықтың өмірі қиылды.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары