Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Газа секторы қысқа дайын емес

Газа секторы қысқа дайын емес

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Газа секторы қысқа дайын емес. Халықаралық ұйымдар күн суытқан сайын жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдайды. Өйткені мұнда түнде ауа температурасы минус 6°C-қа дейін барады. Ал өңірде баспанасыз жұрт көп. Мұндайда ауру да тез тарайды. Әсіресе балалар мен қарттар үшін қауіп жоғары.

Газада кейінгі аптада толассыз жауған жаңбыр жағдайды қиындата түсті. Өйткені Израиль күштерінің шабуылдарынан паналау орындары болған мектептер мен ауруханалардың көбі қирап қалған. Нәтижесінде өңірде мыңдаған адам далада шатырларда өмір сүруге мәжбүр. Секторда дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауызсу және жанармай тапшы. Оларды жеткізу мәселесі әлі толық шешімін таппай келеді.

Абир Этефа, БҰҰ Әлемдік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

- Қылышын сүйретіп қыс та келді. Аймақта мұндай шатырлар адамдарды аяздан қорғай алмайды. Қазір өйңірде 1,6 миллион адам босқынға айналып, аштықтың зардабын тартып отыр. Оларды жедел азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Қажеттіліктер болса, күннен-күнге артып барады.

Газа секторында халықтың 90%-і баспанасынан айырылған. «Ал уақытша баспаналар қыс тұрмақ қара суықта паналауға жарамсыз», – дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы өкілдік қызметкерлері.

Манал Салим, босқын:

- Біз тұратын шатырлардың әбден тозығы шыққан. Суыққа төтеп бермейді. Қасымызда тұратындардың да жағдайы осындай. Біз тек осы қыстан аман өтуді тілейміз. Бұрын жаңбырды жақсылыққа жорушы едік, енді жаумаса екен деп тілеуге мәжбүрміз.

Өңірде қазір барлық босқындар лагерьлері адамдарға лық толы. Олардың арасында отбасынан айырылып қалған мыңдаған бала бар. Ал кейінгі нөсер жауыннан 13 000 шатыр зақымданған. Осыған байланысты халықаралық ұйымдар аймаққа көмекті шұғыл арттыруға шақырып жатыр.

Ян Эгеланн, NRC Босқындар кеңесінің бас хатшысы:

- Қазір адамдарға көрпе, матрас секілді ең қажетті заттарды жеткізуге күш салып жатырмыз. Ең бастысы жұртты ызғырық жел мен суықтан қорғау. Қиындыққа қарамастан жәрдем көрсетуді тоқтатпаймыз.

Гуманитарлық ұйымдар қыстың қаупін алдын ала ескеріп, Газада дайындықты қазан айынан бастап жүргізген. Аймаққа бір айда 3600 шатыр, 129 мың брезент және 87 мың көрпе жеткізілді. Алайда көмек көлемі сұраныстың шамасына сай емес. Ұйымдар жүк жеткізуді арттырмаса қыс айларында гуманитарлық ахуал тіптен ушығып кетуі мүмкін деп ескертіп отыр.

Авторы: Динара Орынтай

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары