Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалды: құтқару сәттерінің кадрлары

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

Instagram жаңа функцияны іске қосты

Түркияның әскери оқу орындарын тәмамдаған алты жас маман Ұлттық ұлан сапына қосылды

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Қазақстанда мектептің оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

Тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Тоқаев жаңа Конституция туралы

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

Үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр Тоқаев

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды

Германиялықтардың 81% ы қоғамдық саяси жаңалықтарды тұрақты бақылап отырады

Германиялықтардың 81% ы қоғамдық саяси жаңалықтарды тұрақты бақылап отырады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жаңалықтар немістер үшін әлі де басты ақпарат көздерінің бірі болып қала береді. Ал сапалы жаңалық контентінің жанында жарнама орналастыру брендтер үшін қауіпсіз. Мұндай қорытындыға халықаралық маркетинг агенттігі Stagwell жүргізген «Германиядағы жаңалықтардың болашағы» атты зерттеу нәтижелері негіз болды. Сауалнамаға Германияның шамамен 11 мың ересек тұрғыны қатысты.

Зерттеу деректеріне сәйкес, немістердің 81 пайызы елдегі және әлемдегі өзекті оқиғаларды тұрақты түрде қадағалап отырады. Респонденттердің 35 пайызы жаңалықтар таспасын тәулігіне орта есеппен жеті рет қарап, күніне шамамен 10 мақала оқиды. Жаңалықтарға қызығушылық спорттық және ойын-сауық материалдарынан да жоғары: спортқа 25 пайыз, ойын-сауық тақырыптарына 15 пайыз ғана тұрақты назар аударады.

Сонымен қатар, немістердің 18 пайызы ел мен әлемдегі оқиғалар туралы ақпаратты белсенді әрі жүйелі түрде оқиды. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Канадада – 11 пайыз, Ұлыбританияда – 10 пайыз, ал Азия-Тынық мұхиты аймағында – 9 пайыз. Сарапшылар мұны Германия қоғамының ақпараттық кеңістікке терең тартылғанымен және журналистикаға деген жоғары құрметімен байланыстырады.

Зерттеу жаңалықтарды тұтыну ерекшеліктерімен қатар, жаңалық ортасындағы жарнаманың қабылдануын да талдады. Нәтижелерге сәйкес, тіпті саяси немесе қылмыстық мазмұндағы материалдардың жанында орналастырылған баннерлер мен бейнероликтер бренд беделіне нұқсан келтірмейді және сатып алу ниетін төмендетпейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 66 пайызы саяси немесе қылмыстық жаңалықтар жанындағы жарнаманы көргеннен кейін өнім сатып алуға дайын екенін білдірген. Ал ойын-сауық және спорт тақырыптары аясындағы жарнама бойынша бұл көрсеткіш 67 пайызды құраған. Әртүрлі жас топтары мен әлеуметтік санаттар арасында, соның ішінде зумерлер мен миллениалдар, жоғары табысты азаматтар мен жоғары оқу орнын бітіргендер арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмаған.

Зерттеу қорытындысы қарапайым: немістер жаңалықтарды жиі оқиды, жарнама бұл ортада тиімді жұмыс істейді, сондықтан оны жаңалық контентінің жанында орналастырудан бас тартудың қажеті жоқ.

Германиядағы Axel Springer баспасының коммерциялық және маркетинг жөніндегі директоры Кристоф Эк-Шмидттің айтуынша, жаңалық медиасындағы жарнама спорттық немесе ойын-сауық сегментіндегі жарнамамен бірдей деңгейде әсер береді. Оның пікірінше, жаңалық ортасынан бас тартқан брендтер аудитория үшін «көзге көрінбейтін» болып қалуы мүмкін.

Германияда ірі брендтер әлі де дәстүрлі медианы – теледидарды, газеттер мен журналдарды басым бағыт ретінде сақтап отыр. Statista платформасының деректеріне сәйкес, 2025 жылы жарнама нарығында азық-түлік бөлшек саудасы көш бастаған. Одан кейін корпоративтік компаниялар мен онлайн-қызметтер орналасқан.

Сандық жарнама өсіп келе жатқанымен, дәстүрлі медиа жаппай аудиторияны қамтудың маңызды арнасы болып қала береді. Бұл сегментте теледидар алдыңғы орында тұр. Одан кейін сенімділік пен тұрақтылық ұсынатын баспасөз құралдары келеді. Жекелеген компаниялар арасында Германиядағы ең ірі жарнама беруші – америкалық Procter & Gamble компаниясы. Одан кейін Кёльн қаласында орналасқан Rewe супермаркеттер желісі тұр.

Германиядағы жаңалықтардың маңыздылығын халықаралық зерттеулер де растайды. Reuters Institute Digital News Report есебіне сәйкес, Германиядағы ересек онлайн-аудиторияның 45 пайызы жаңалықтардың басым бөлігіне сенеді. Әсіресе қоғамдық-құқықтық телерадио хабар тарату арналары мен жергілікті, өңірлік газеттер жоғары сенімге ие.

Жастар арасында әлеуметтік желілердің рөлі артып келеді. Ересектердің шамамен 33 пайызы Facebook, X немесе YouTube платформаларында жаңалықтарды қадағаласа, 18-24 жас аралығындағы жастар арасында бұл көрсеткіш 50 пайызға жетеді. Ал жаңалық іздеу үшін чат-боттарды тұрақты пайдаланатындар небәрі 4 пайызды құрайды.

Сонымен қатар зерттеу ересек интернет пайдаланушылардың 71 пайызы кейде жаңалықтарды әдейі қарамауға тырысатынын көрсеткен. Негізгі себеп – теріс ақпараттың эмоционалдық күйзеліске әкелуі.

Айта кетейік, Италияда толығымен жасанды интеллект арқылы жазылған алғашқы газет жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 20:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see151

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see149

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see147

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see141

Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалды: құтқару сәттерінің кадрлары

26 Тамыз 2026 11:41see137

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see136

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

26 Тамыз 2026 18:14see134

Instagram жаңа функцияны іске қосты

26 Тамыз 2026 16:47see134

Түркияның әскери оқу орындарын тәмамдаған алты жас маман Ұлттық ұлан сапына қосылды

26 Тамыз 2026 11:59see133

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see133

Қазақстанда мектептің оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі

26 Тамыз 2026 15:12see132

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see132

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see131

Тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Тоқаев жаңа Конституция туралы

26 Тамыз 2026 14:24see131

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see130

Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

26 Тамыз 2026 16:19see130

Үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр Тоқаев

26 Тамыз 2026 15:16see129

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see127

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see127

Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды

26 Тамыз 2026 11:44see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары