Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Халық аңсаған бал қымыз

Халық аңсаған бал қымыз

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Екі күнге жоспарланған думанда қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнерімен, ұлттық ойындарымен жақынырақ танысты. Былтыр осы іс-шара аясында ипподромға 70 мыңнан астам адам барса, биыл күннің ыстығына қарамастан, бірінші күні 40 мың қонақ жиылды. Дәстүрді дәріптейтін фестивальға қалың көпшіліктің мерекелік көңіл күйде, қазақы нақыштағы ұлттық киіммен келгеніне сүйсіндік. BaiQymyz-дың қайта жаңғырған қымызмұрындық, Наурыз мерекесі секілді ұлттық сипат алып келе жатқанына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бұл дегеніңіз ұлтқа, ұлттық дәстүрге, ұлттық тағамға жанашырлықтың айқын көрінісі.

Ең үздік қымызды анықтайтын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен, сосын Ресейден келген бас-аяғы 59 өндіруші қатысты. Олар қонақтарға деп арнайы дайындаған қымыздың жалпы көлемі – 56 тонна. Ұлттық сусынның осындай көлемі бұрын-соңды бір орынға жиналмағаны ескеріліп, осы жолы КИнЭС рекордын жаңартты. Еске салсақ, осыған дейінгі рекорд былтырғы фестивальды тіркеліп, 30 тонна қымыз жиналған еді. Сонымен ұйымдастырушылардың ұйыс­қан тірлігінің арқасында «Ең үздік қымыз» байқауының жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрады.

Әрі биыл алыс-жа­қын­нан келген өндірушілердің туын жықпай, шабыттандыру мақсатында жеңімпаздар бір емес, 3 аталымда анықталды. Яғни «BaiQymyz-2026», «Ем қы­мыз», «Халық таңдауы» сынды аталымдардың бірін жеңіп алуға кез келген қатысушы үмітті болды. Осыған қоса, ұйымдас­ты­рушылар бас жүлде алған ең үздік жеңімпазға автокөлік сыйға бері­ле­тінін хабарлап, үміткерлерді тағы бір жігерлендіріп қойды.

«BaiQymyz» жобасының авторы Жұмажан Қалтаев ұлттық дәс­түрді, құндылықтарды насихат­тайтын жобаларға бұрыннан қызы­ғатынын, соның ізімен ауқым­ды жоба ұйымдастыруды мақ­сат еткенін айтты.

– Елімізде дәстүрді дәріп­тейтін кейбір іс-шараларға көңілім аса толмайтын. Себебі шетелде өтетін ірі фестивальдарға әлем жұрт­шы­лы­ғы ағылып, қала бюд­жетіне қыруар қаржы түсі­ре­тінін білеміз, көріп те жүр­міз. Германияға сапарымызда соны зерттеп-зерделеп, біздегі кемшіліктердің орнын толтырып, қымызымызды бренд ретінде ұсыну идеясы туды. Қымыз ішу мәдениетін қайта жаңғыртқымыз келді. Дәл солай «BaiQymyz» фестивалін де халықаралық деңгейге шығарып, аясын кеңейтіп, үлкен мерекеге айналдыру арманымыз. Біз осымен тоқтап қалғымыз жоқ. Кезекті фестивальдан кейін де еліміздің әр аймағынан өндірушілерді тауып, тартып, қолдап, қымыз тұтынатын отан­дас­тарды көбейткіміз келеді. Басты мақсатымыз осы, – дейді Жұмажан Қалтаев.

Қымыз бәсекесі өтіп жатқан жабық алаңға көппен бірге біз де бас сұғып, өзімізге ұнаған қымызға дауыс бердік. Үміткерлермен пікірлесе келе, олардың барлығы дерлік атакәсіппен ұзақ жылдан бері айналысатынын білдік. Соған қарай әр аймақ қымызының өзіне тән дәмі, дайындау әдіс-тәсілі болатынын түсіндік. Шаруа қожалықтарының барлығы дерлік  – қымыз өндірісін жолға қойып, пайда тауып отырған кәсіпкерлер. Ең аз деген өндірушінің өзінде 40–50 биеден бар. Қымыз сату­дың нарық заманына сай тәсілін мең­геріп, шаруасын шалқытқан өнді­ру­­шілердің арасында Ұлы­тау облысы Жаңаарқа ауда­­нының «Qarakush» қымызын айтуға болады. Таңғалғанымыз, бай­­қауға барлық үміткер тамы­ры тереңге жайылған әулеттің мүше­лерімен бір отба­сы болып келсе, «Qarakush» брендімен нарыққа кірген кәсіпті 4 жас жігіт ұйыстырып отыр екен. Кәсіп иелерінің бірі Жасұлан Төлеу­баев­тың айтуынша, жастар­дың Жаңа­арқада биелері бар әрі ауданда бие сауатын жұртшы­лық­тан сүт жинап, өнім көлемін ұлғай­­тыпты.

– Біз Жаңаарқадағы қалың көпшілік секілді қымыз сатумен бұрыннан айналысқанмен, ақпан айынан бастап нарық талабына сай қымызымыздың атауын бекітіп, жеке бренд ретінде сата бастадық. Сусын жастарға өтімді болсын деген ниетпен қалбырын энергетиктердің құтысына ұқсат­тық. Келешекте жастардың зиян­ды сусындарға әуестігін ашық бәсеке арқылы мейлінше тыйсақ деген ізгі арманымыз бар. Біз сатып жатқан қымыздың көлемі 0,33 және жарты литр. Сақтау мерзімі – 3 ай. Құрамында артық, зиянды қоспалар атымен жоқ. Қы­мы­зымыз жылдам ашып кет­пе­сін деп майын сүзіп аламыз, күбінің түбіне жиналған қоқымдарды да түгел тазалаймыз. Қазір өнімді Астана, Алматы, Қарағанды, Жез­қазған, Сәтбаев, Петропавл қалаларына жөнелтіп жатырмыз,  – дейді талапты жас.

Қымыз бәсекесіне келген­дер­дің басым бөлігін Астана ірге­сіндегі Ақмола, Ұлытау, Қарағанды об­лыс­тарының өндіру­шілері құра­са, алыстан арқа­ланып жет­кен шаруа иелері де көптің ішінен төбе көрсетті. Мысалы, Жамбыл облысы Меркі ауданында «Ақтоған» атауы­мен қымыз сататын шаруа қожа­лықтың иесі Нұрсұлтан Азат фестивальға 2 тонна қымыз, 160 кг құрт, 200 литр көже алып келіпті.

– Ақтоған ауылында 50 бие сауып, одан алған қымызды ауданға, қалаларға жөнелтеміз. Кәсі­бі­мізге үкіметтен қаралған 25 пайыздық субсидияның да шарапаты тиіп, шаруашылықты барынша кеңейтуге күш салып келеміз. Ауылдың шөбі құнарлы, биелеріміз тау бөктеріне жайы­лып, радон суына бас қояды. Шаруашылықтың ерекшелігі – биелерді қысы-жазы сауамыз. Қымызды арша күбіге тобылғы ағашымен пісеміз. Әуелі күбіні тобылғымен ыстап, қойдың шыжғырылған майымен сүр­теміз, яғни майды күбіге сіңі­­­ре­міз. Май сіңген соң, қымызды пісіп, жылқының сүрленген жалын сусынға батырып қоямыз. Тұты­нушы сұранысына қарай қымызға мейіз, бал қосып дайын­­дап та беріп жүрміз, – дейді өндіруші.

Нұрсұлтан Азат – ауылда тарих пәнінің мұғалімі. Отбасылық кәсіп жылдан-жылға кеңейіп жатқан соң, ауылдағы аз қамтылған, көп­ба­лалы отбасыларды жұмыс­пен қамтып отыр. Бүгінде осын­дай 7 отбасының отана­сы шаруа­шы­лық­тың биесін сау­са, балалары да малға қарасып, табыс табады.

Бағдарлама аясында қонақтар сурет­­шілер мен қолөнер шебер­ле­рі­нің көрмелерін, көкпар, қыз қуу, бәйге, қыздар бәйгесі, аударыспақ, тазы жарысы секілді ойындарды тамашалады. Балалар жағы түрлі танымдық, ойын-сауық іс-ша­ра­ларына қатысып, мәре-сәре болды. Гастрофестиваль өтіп жатқан алаңның үлкен сахнасында танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады. Осы күндері ипподромда «Қамбар ата» атауымен ха­лықаралық көрме ұйымдас­ты­рылып, онда елімізбен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Испаниядан келген суретшілердің жылқы туралы үздік туындылары қойылды. Жылқының қадір-қасиетін танытқан іс-шарада биыл бірінші мәрте ең үздік қазы әзірлегендер анықтады. Тағы бір жаңалықты айтсақ, фестивальға қазақтың ұлттық киімін нақышына келтіре киіп келген үздік көрерменге тұлпар сыйға тартылды.

Сонымен халықаралық «BaiQymyz-2026» гастрофес­ти­валіне былтырғыдай ұзын-саны 70 мыңнан астам қонақ ке­ліпті деген ресми ақпарат бел­гілі болды. Жарысқа қатысқан өндіру­ші­лердің қай-қайсысы да өз өңірінде үздік атанып жүрген соң, жеңімпазды анықтау қазылар алқасына да оңайға түспегені анық.  Үміткерлер қымыздың сапасы, дәмі, дайын­далу ерекшелігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігінен сынға түскенін айттық. Сарап­шы­лар да қымыздың осы қасиет­те­ріне қарап әділ бағасын бер­ді. Байқаудың бас жүлдесі Ақ­мола облысы Бурабай ауда­нының «Qymyznai Qymyzy» брен­дімен өнімін нарыққа шығарған кәсіп иесіне бұйырды. Ұйымдастырушылар әулеттің ота­насы Әлия Қабдулинаға Haval маркалы автокөліктің кілтін табыс­тады. Алтын жүлдені Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Ағабек ата ерекше қымызын» өндіруші жеңіп алса, күміс жүлде осы облысқа қарасты Целиноград ауда­­­ны «Saryarqanyn saf qymyzy» қожайынына бұйырды. Ал қола жүлдені Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Qarakush» қымызы жеңіп алды. Сол секілді «Ем қымыз» аталымында алтын жүл­­­дені Жаңаарқа ауданының «Баян­ның бал қымызы» алса, «Халық таңдауы» аталымында алтын жүлдені Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының «Теректінің текті қымызы» қанжығаға байлады. Осыдан соң бірнеше өндіру­шіге ұйымдастырушылар арнайы аталым табыстады. Ра­сында, былтыр ғана оқиғалық туризмнің бір бағыты ретінде басталған үлкен қымыз мерекесі  биыл да өз биігінде, тіпті артық ұйымдастырылды деп айтуға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары