Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

HDM элементі және жаңа дизайн: Визасыз әлемге жол ашқан құжат

HDM элементі және жаңа дизайн: Визасыз әлемге жол ашқан құжат

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2025 жылы миллион төлқұжат берілді

Жаңа Конституция жобасында сыртқы саясатқа көңіл бөлінгенін білеміз. Оның ішінде халықаралық аренада ел беделін арттыру, ұлттық кодты жаңғырту қамтылған болатын. Алдағы уақытта Қазақстан паспортының халықаралық деңгейде мойындалуына Ата заңның көмегі көп тимек.

Қазақстанда төлқұжаттың 3 түрі қолданылады: жалпы азаматтық, қызметтік және дипломатиялық. Заң шеңберінде әрбірінің өзіндік құзыреті мен мүмкіндігі қарастырылған. Түсі мен ақпарында айырмашылық бар. Халық арасында шетелге шығу үшін алғашқысы қолданылса, соңғы екеуі іскерлік сапарда қажет.

Кейінгі жылдары қазақстандықтар арасында төлқұжат алу үдеген. Есте болса, өткен жылы төлқұжат пен жеке куәлік беру сұраныстағы мемлекеттік қызметтер қатарында болған еді. Нәтижесінде, миграциялық қызмет комитеті 1 миллионнан аса азаматқа ҚР паспортын табыстапты.

Расында, қазақстандықтардың басым дені саяхат пен сапарда азаматтық көк түсті төлқұжатты пайдаланады. Ол – азаматтықты растайтын әрі шетелге шығуға мүмкіндік беретін құжат. Көк түсті, жазу мемлекеттік және ағылшын тілінде жазылған. Паспортта қажетті базалық мәліметтер көрсетіліп, шекара асу кезінде кең қолданылады. Төлқұжат қазақстандықтарға жасына қарамастан олардың қалауы бойынша беріледі. Төлқұжаттың жарамдылық мерзімі – 10 жыл. Алу тәртібі де шегеленген. Арнайы баж төлемін жасап, мерзімді күту қажет.

Инфографика: Kazinform

Мысалы, биылдан бастап балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК (17 300 теңге) болды. Ересектер 36 беттен тұратын стандартты паспорт үшін 8 АЕК (34 600 теңге), 48 беттік құжат үшін 12 АЕК (51 900 теңге) төлейді. Ескеретін жайт, арнайы әлеуметтік топқа жататын азаматтар үшін ақы алынбайды.

Қорғаныс элементі күшейтілді

Өткен жылы 1 миллоннан астам адам паспорт иеленді дедік. Миграциялық қызмет комитетінің дерегінше, соның 5 мыңнан астамына жаңа қорғаныс элементтері енгізілген. Себебі 2025 жылдың шілде айының ортасынан бастап паспорт жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықтала бастады.

Бұл нендей қорғаныс? Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады. HDM – заманауи технологияға негізделген, құжаттардың қолдан жасалуынан қорғау деңгейін айтарлықтай күшейтетін шешім. Бұл элемент визуалды тұрғыда танымал әрі тануға оңай, сол арқылы құжаттың түпнұсқалығын жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілген көрінеді. Шара «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 26-бабына сәйкес жүргізілген. Құзырлы орган жаңа қорғаныс тәсілінің ұлттық қауіпсіздікке әсері жоқ, теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық келеңсіздікке әкелмейді деп отыр.

Фото: Kazinform

Жаңа қорғаныс элементі бар паспорттарды алудың бірнеше жолы бар: паспорттың мерзімі аяқталған кезде, құжат жарамсыз болған жағдайда немесе азамат өз еркімен ауыстыру туралы өтініш бергенде қолға тиеді. Жарамдылық мерзімі әлі бітпеген құжаттар өз күшінде қала бермек және оларды ауыстыру міндетті емес.

Мамандардың айтуынша, жаңа қорғаныс элементінен қорқутың қажеті жоқ. Оның үстіне сақтыққа арналған арнайы сиптер бұрын да болған. Мысалы, төлқұжаттың техникалық сипаттамасын алайық. Қазіргі паспорт мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған мұқаба. Мұқабада паспорт иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдауға арналған микросхема, яғни чип бар. Ол чипте кескіндемелік және мәтіндік ақпарат қана сақталады, байланыс интерфейсі жоқ. Демек, ешқандай бақылау болуы мүмкін емес.

Сонымен қатар өткен жылы жауапты министрлік жаңа үлгідегі паспортың дизайнын таныстырған еді. Енді паспорттың ішінде барыс таңба (яғни, арнайы белгісі) ретінде құжат нөмірінің астында орналасады. Мұндай белгі жалған паспорт жасаудың жолын кесуге және азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауға көмектеспек. Ал төлқұжаттың дәстүрлі көк түсі сақталады.

Қаншама жаңару кезеңі өтсе де паспорттың түсіне қатысты ұстаным өзгеріссіз қалып келеді. Бұл жайдан-жай таңдалған шешім емес, халықаралық норма мен идеологиялық ишара саналады. Себебі дүниежүзі елдерінің халықаралық төлқұжаттары төрт түспен шектеледі: көк, қызыл, жасыл және қара. 1920 жылы Ұлттар Лигасының конференциясында Халықаралық паспорттың стандартталған түрі туралы келісім қабылданды. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, мемлекеттер ортақ мәнде қадам жасауды құптаған. Кейбір ел мемлекеттік тудағы түстің бірін таңдаса, басқасы діни-саяси ахуалдың символикалық реңкін алған. Жалпы көк түс мемлекеттік рәміз – ту мен елтаңбада да кең қолданылған. Қазақстан да көк тумен мәндес көк төлқұжатты таңдау арқылы сабақтас шешім шығарды десек, артық емес.

Рейтингте 61-орын

Жақында Henley & Partners компаниясы жыл сайын жариялайтын паспорттар индексінде Қазақстан позициясын жақсартты. Жаңа рейтингте қазақстандық төлқұжат 61-орынға көтерілді. Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған еді. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең «мықты» құжат саналады.

Инфографика: Kazinform

Жалпы өткен жылы Қазақстан визасыз елдер саны жағынан Орталық Азияда бірінші орынға шықты. Қазір ел азаматтары 79 мемлекетке визасыз сапарлай алады. Бұл төлқұжаттың дәрежесі мен дипломатиялық байланыс деңгейін көрсетсе керек.

Айта кетейік, 2026 жылы ең тиімді төлқұжаттар Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея азаматтарына тиесілі. Мысалы, Сингапур азаматтары 227 ел мен аумақтың 192-сіне визасыз кіре алады. Жапония мен Оңтүстік Корея азаматтары 188 елге визасыз бару мүмкіндігіне ие. Үшінші орынға бес еуропалық ел – Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария бірдей деңгейде ие болды. Бұл елдердің азаматтары 186 мемлекет пен аумаққа визасыз бара алады. Қазақстан аталған рейтингте жоғары көтерілгенін атап өттік. 

Сонымен қатар, былтыр өткен авиациялық қауіпсіздік аудиті Қазақстан паспортына деген сенім көрсеткішін тағы бір нақтылап берді. Тексеру нәтижесінде Қазақстан 95,7% сәйкестік көрсеткен. Әлемдік орташа көрсеткіш – 72%, Еуропадағы орташа деңгей – 87,9%. Бұл көрсеткіштер құжаттың жалған жасалуынан жоғары деңгейде қорғалғанын және халықаралық талаптарға толық сай екенін білдіреді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 09:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары